Әдістемелік бұрыш
Жат қылықтардың қыздар тағдырына әсері

Мақсаты:
Қыздардың  жат қылықтарды ажырата білуі, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани болмысына келтіретін зияны туралы түсініктерін  дамыту.

Күтілетін нәтижелері:
1)    Қыз балалардың жат қылықтардың зияны туралы өзіндік мәні бар түсініктері  қалыптасады.
2)    Темекі, ішімдік, денені жалаңаштау, тағы да басқа жат қылықтардың денсаулыққа зияны және қыздар тағдырына әсері туралы ақпараттармен танысады, оларды өмірдегі жағдайлармен салыстыра бағалай алады. 
3)    Достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын  ұстануға және өзгелерден де оны  талап етуге үйрене бастайды 

 
Ақылды болу мен әдемі болу: бірін ғана таңдау керек пе?

Мақсаты:
Қыз балалардың бойына тән тәлімдік қасиеттерімен таныстыру, қыздардың бойына ақылдылық пен әдептілік қасиеттерді дарыту, талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру.

Күтілетін нәтижелері:
–    Қазақ қызының бойына тән ішкі және сыртқы сұлулықтаың, тәлімдік қасиеттердің  ұлттық сана, салт-дәстүрмен байланыстылығы  туралы түсінік алады.
–    Қыздардың инабаттылығы мен әдемілігін қатар ұстаудың маңызы туралы ақпараттармен танысады, оларды өмірдегі жағдайлармен салыстыра бағалай алады. 
–    Күнделікті қарым-қатынаста әдептілік пен әдемілік қағидаларын  ұстана және өзге құрбыларынан да оны  талап етуге үйрене бастайды 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 Келесі > Соңғы >>

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:397
Кеше:966
Барлығы:3038224