Ұлты мақстаған – ұлы тұлға (Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттауға арналған шара)

Тәрбие сағаты - 1

Ұлты мақстаған – ұлы тұлға

(Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттауға арналған шара)

Мақсаты:

Мектеп жасына дейінгі балаларды Қадыр мырза Әлидің шығармашылығымен таныстыру және ақын шығармашылығын насихаттау. Балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту. Күтілетін нәтижелері:

1. Ақын шығармашылығы бойынша үлкен мағлұмат қалыптасады.

2. Балалар ақын шығармашылығындағы мысалдармен, жұмабақтар, нақыл сөздер бойынша ақпараттармен танысады, оларды өмірдегі, өз тәжірибесіндегі түрлі жағдайларда қолдана алады.

I. Сабақтың кіріспе бөлімі

Балалардың қызығушылығын ояту

Мақсаты:

* Қадыр Мырза Әлі өмір жолы туралы ақпараттармен танысу;

* Ақын шығармашылығынан сыр шертер тарихи жәдігерлермен танысу;

* Жүргізуші 1.Құрметті қонақтар,балалар,ата-аналар.Бүгін біз облыстық Өлкетану мұражайымен бірлесе отыры,талантты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Ұлты мақтаған ұлы тұлға» атты кешіне қош келдіңіздер.

* Жүргізуші 2:Биік,биік самғаған

* Сұңқар болғым келеді

* Бір бәйгеден қалмаған

* Тұлпар болғым келеді

* Бақтияр:Кемеңгерлер мықты ғой иілмеген

* Кім бар бірақ ажалға күйінбеген

* Есті жырлар бітуге тисті ғой

* Есте қалар әдемі түйінменен

* Жүргізуші 2.Ақындық туралы Қадыр атамыз былай дейді: Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы,өз қара

шаңырағынан деген екен.Ендеше ақынның өмірімен,шығармашылығынан сыр шертер мәліметтермен таныса отырайық. Өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Айсұлу Бақытқызына сөз кезегі беріледі.

* Қадыр Мырза Әли келіп өлеңін оқиды:

* Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,

* Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен

* Мырзалының,үміт артқан өлгенше

* Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен

* Жүз демеймін-түсінеді жөнді ұққан.

* Жалғыз едім мен бір ірі сондықтан

* Жалғыз едім өспей қойған атадан

* Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!

* Ағайын жоқ ертелі кеш аңыздар

* Бар аздаған ойнамайтын балдыздар

* Бар аздаған жолдастарым,достарым

* Олар да сол:Мен секілді жалғыздар

* Әли айтпақшы,жарқылдаған жарым бар

* Үш балам бар,құдай берген дарын бар

* Момында емен көкке кетер қорлыққа

* Асауда емен ала-қашып арындар

* Өлең жаздым тоғыз тарау,жеті өрім

* Сездім соның жүректерге жетерін

* Жалғызбын деп жанға нөкер болмадым

* Өзімніңде болған емес нөкерім

* Сөйледім бе,сөйлемейтін бекерге

* Ақылымды алмасын тек кетерде

* Жағаласпай тыным жүрсем әліде

* Жаман жүрек жарап қалар лекерге

* Жас алып тұрып көзіме

* Жырлаймын,жерім,құп алсақ

* Түсемін тамып өзіңе

* Тола алмай тұрған көл болсаң

* Алысқа тағдыр әкетіп

* Амал жоқ егер шет қонсам

* Тиемін саған лап етіп

* Тұтанбай тұрған от болсаң.

II. Сабақтың негізгі бөлімі

Ақпаратпен танысу, оны талдау

Мақсаты:

1.Ақын шығармашылығы бойынша үлкен мағлұмат қалыптастыру.

2 Балалар ақын шығармашылығындағы мысалдармен, жұмабақтар, нақыл сөздер бойынша ақпараттармен таныстыру және оларды өмірдегі, өз тәжірибесіндегі түрлі жағдайларда қолдана білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші 1.Иә,Ақын түйінінде үлкен шындық бар.Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды.Қадыр атамыздың сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін,тектілігін,тазалығын ту еткен туындылар ұсынған болатын.Тәрбиеленушілеріміздің орындауында халқымыздың сүйікті әніне айналған «Өз елім»әнін қабыл алыңыздар.

Дәл осы сәтте Қадыр атамыздың мына жұмбақ өлеңі есіме түсіп тұр,айтып берейінші:

Көзім түсті апамның

Көзіндегі жасына.

«Белгісі ме қапаның?»

Деп келдім мен қасына

Жүргізуші 2 Ия,-ия есіме түсті, жұмбақ өлеңнің арғы жағын мен жалғастырып көрейінші

Сұрамақпын,білмекпін

Жанына не батқанын.

Байқамаппын ,көрмекппін,

Пияз турап жатқанын.

-деп ақындар жырлағандай Қадыр атамызда түрлі тақырыптарға балаларға арнап өлеңдер жазған болатын,ендеше соларды қабыл алыңыздар.

«Ана-тілі»

Ана тілің,біліп қой Ана тілің-арың бұл

Еркіндігің,теңдігің Ұяттың боп тұр бетте

Ана тілің,біліп қой Өзге тілдің бәрін біл

Мақтанышың,елдігің. Өз тіліңді құрметте.

«Не үшін»

Азамат: Екі көзің не үшін керек?

Сабина:Жақсыларды көру үшін.

Азамат:Екі қолың не үшін керек?

Сабина:Елге көмек беру үшін.

Азамат:Құлақ не үшін керек?

Сабина:Ақыл-кеңес беру үшін.

Азамат:Жүрек не үшін керек?

Сабина:Жауларымнан қыңбау үшін.

Азамат:Тіл мен жағың не үшін керек?

Сабина:Ақиқатты айту үшін.

Азамат:Ал аяғың не үшін керек?

Сабина:Шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін.

«Мұғалима»

Мынау менің сезгенім Қайғырмайды өзі үшін

Ол кластың анасы Біздер үшін қуанып

Өзінің де өзгенің Қызарады біз үшін

Баласы оның баласы

Қай кезде де,ол анық

«Барда кетпейтін дос, жоқта шеттейтін дос»

Сия толы көк сауыт

Қаламменен дос болды.

Өтті бірге көп сауық,

Көңілдері қош болды.

Бүгін, міне, қарашы,

Сия сауыт босқа алау

Бітіп қалды сиясы

Келмей қойды дос қалам.

«Кәмпит»

Азу тісім ауырды,

Жатып қалдым бүк түсіп.

Тауыстым бар сабырды

Бір жақ ұртым кетті ісіп.

Қарындасым монтиған,

Мұны анықтап көрмейді.

Ұртыңдағы томиған,

Кәмпитіңнен бер!-дейді.

Жүргізуші 1:5.Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың,жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың,сүйсінесің,тамсанасың,күй тартқандай боласың,халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді.Ендеше осы кешке қатысып отырған отбасыларына сөз берейік.

Қадыр мырза Әлі «Анама»

Анасыз бір жоқ күнің

Әжесіз бір жоқ күнің

Ұсынамыз бүгін біз

Сіздің сұлу шоқ гүлін

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі,

Шашылмасын ешқашан

Аналардың жүрегі!

Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Ағартпасын тентектер

Бір ананың самайын!

Жамандардың мақсұты

Жұрттың аузын қақсыту

Нағыз бақыт-Ананың

Ақтау дер ем ақ сүтін.

2.Ендігі кезекте «Қазақ осы»әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші 2: 6. Қадыр Мырза Әли "Данышпан" "Бұлбұл бағы" "Күміс қоңырау", атты 40-тан астам жыр жинақтарымен 200ге жуық ән мәтіндерін жазған.Оның әндері халық арасына көп тараған.Солардың бірі отбасының жырын жырлаған «Апам үшін»әнін жазған болатын,ендеше әнді тамашалайық.

Үлестірмелі және көрнекі құралмен жұмыс

Тақырыбы: «Тапқыр болсаң шешіп көр...»

Жүргізуші 1:Қадыр атамыз балаларға арнап көптеген жұмбақтар,жаңылтпаштар,санамақтар жазған.Ендеше қазір барлығымыз жұмбақтар шешіп көрелік,экранға назар аударайық.

1)Дос үйіне түстіңбе?

Түгел соның үстінде.(дастархан)

2)Қайнаған шілдеде оған суық,

Ыссыға төзбегенді тығам қуып.(тоңазытқыш)

3)Бояуларым қашып кетті,

Көк қағазды басып кетті,

Қатарларын тізіп алды

Арттарында ізі қалды.(кемпірқосақ)

4)Екі езуі құлағына жетеді,

Тамақ жесе ызың-ызың етеді.(Ара)

5)Жоқ өзінде баста,

Қаста,мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)

III бөлім

«Ой түю, өз ойын білдіру»

Мақсаты:

* Бұрынғы білімдері мен жаңа мәліметтерді талдай, өздерінің ой елегінен өткізе отырып, өз ойлары мен жаңа көзқарастарын қалыптастыру.

* Өз өмірінде, күнделікті қарым-қатынаста ақын мұрасын насихаттау.

Жүргізуші 2:7.Айналайын Қадырым!

Елге қымбат қадірің

Сенен басқа ақын жоқ

Елдің ойлар тағдырын-деп ақындар жырлағандай Қадыр атамыз көптеген мысалдар жазған балаларға арнап,сол мысалдарды бүлдіршіндеріміздің орындауында тыңдайық.

«Құлақ не үшін керек»

-Құлақ не үшін керек?-деп сұрады тәрбиеші тәтей.

-Жеу үшін!-деді атасының жанында көп жүретін қонақшыл балдырған.-Шерту үшін!-деді бір үйдің шалдуарлау жалғыз ұлы.-Бұрау үшін!-деді әлден тілазар болып өсіп келе жатқан бала.-Тыңдау үшін!-деді ақырын ғана ағайынының қолында өсіп жатқан кішкене жетім.

«Кімге қандай ойын ұнайды»

-Келіңіздер бір-бірімізді сүзіп ойнайық!-деді мүйізді қоңыз Саратан.-Сүзіскені несі,бұқа болып кеттік пе? Одан да бір-бірімізді теуіп ойнайық!-деді көк Шегіртке.-Тебісу деген не пәле? Солда ойын болып па?! Оданда бір-бірімізді шағып!-деді Сона.

«Биялай мен Қолғап»

----Әже,әже! Биялай кисем қолым тоңбайды.Ал,қолғап кисем-ақ болды тоңа бастайды.Неге олай?!

----Биялайдың ішінде төрт саусағың біріне-бірі жақын тұрып жылу береді.Ал қолғапта әр саусақ өз алдына дара қалады.Жалғыздың аты жалғыз.Біраздан кейін тоңа бастайтыны сол! Жақындық бар жерде жылу бар-балам.

Жүргізуші 1:8.Қорытынды: Қадыр атамызды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап,әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі.Мұндай даусыз даңқ, танымалдықтың сыры-Қадыр талантының қарапайымдылығында.Ендеше Қадыр жырлары ешқашан ұмытылмай ұрпақтан ұрпаққа насихатанна бермек. Барлығымыз бірге «Атамекен»әнін бірге орындайық. Бүгінгі «Ұлты мақтаған ұлы тұлға»атты кешке қатысқаныңызға үлкен рахмет.


Мөлдір Сапиолла
психолог

 

Пікірлер 

 
0 #2 Buy Essay Cheap 2017-11-18 19:36 college admissions essay help college essay help college essay prompts help on essay writing Дәйексөз жазу
 
 
+6 #1 rehfkfq 2014-04-07 23:15 туу таба алмай жатырмын
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:21
Кеше:739
Барлығы:3036882