Ата-аналар жиналысының жаңа формасы.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

№ 46 жалпы орта білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Гилманова Шынаргүл Оңдасынқызы



Ата-аналар жиналысының жаңа формасы.
Мақсаты:
қазіргі заманауи технологиялардың бағалау формаларымен таныстыру

1 –сынып оқушыларымен өткізілетін «Баға-еңбек жемісі» атты ата-аналар жиналысының жоспары.
Күн тәртібінде:
1.    Тренинг  «Нұр тыныштық»
2.    «Баға-еңбек  жемісі» атты пікіралмасу
3.    Ағымдағы мәселелер.

 

1. Сыныпқа жиналған ата-аналарды  смайлик арқылы 4 топқа бөліп  орналастыру.  «Нұр тыныштық» музыкасы қосылады да, мәтін оқылады.
Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.
(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да, оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Бір-біріңізге күлімдеп көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

2. «Баға-еңбек жемісі»
Ата-аналар қолдарыңызда смайликтер бар. Соларға қарай отырып қандай ой түюге болады. Бұл қазіргі таңдағы  біздер сынып оқушыларына баға қоймаймыз. Сондықтан  осындай смайликтер арқылы баланың білім деңгейін бағалаймыз.
Тапсырма: Ата-аналар, сіздер қазір көбелектің суретін саласыздар. 5 минут қана уақыт беріледі, алдарыңыздағы бояудың сан түрін пайдаланып, әдемі көбелектің суретін бейнелеңіздер.

---өзін-өзі бағалау
---жұптық бағалау
---критерий арқылы бағалау
---топтық бағалау.
Көбелек суретіне  қойылатын критерий: 1.  Суреттің  бетте орналасуы.
2. суреттің көлемі
3. бояуының қанықтығы, дұрыс боялуы
4. қанаттарының симметриялы болуы.
5. барлық мүшелерінің болуы.


Ата-аналар,сіздердің салған суреттеріңіздің ішінен ең жақсы бағаға лайығын тауып, өз бағаларыңызды беріңіздер.  Ал мұғалім үшін де  оқушы еңбегін, жұмысын бағалау өте қиын іс. Барлық талапқа сай келсе ғана  оқушы жақсы баға алады. Дегенмен кейбір кеткен кемшіліктер үшін де оқушы еңбегіне сай бағаланады.  Баға бала көңіліне әсер етеді.  Осыны жеңудің  жолы қандай?  Көбінесе  жақсы бағақоймаған  мұғалімді кінәлап жатамыз.  Ал оқушыны қалай тәрбиелеу керек?   /пікіралмасу/
3.Ағымдағы мәселелер:
/қауіпсіздік, каникул кезіндегі жұмыс жоспары, үй аралау, сабақтан кешікпеу, екі аяқ киім,ақ бантик, дене киімі, мектеп формасы, тазалық/
Қаулы:
1. Баланың сабаққа дайындығын бағалау және қадағалау ата-ана мен сынып жетекшісіне міндеттелсін;
2. демалыс кезіндегі  баланың өмірі мен қауіпсіздігін қадағалау ата-аналарға міндеттелсін;
3. Оқушылардың демалысын ұйымдастыру ата-ана мен сынып жетекшісіне жүктелсін:


 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:567
Кеше:1699
Барлығы:3036689