Отбасы-мәуелі бәйтерек

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

№ 46 жалпы орта білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Гилманова Шынаргүл Оңдасынқызы



Тәрбиелік шара атауы:
«Отбасы-мәуелі бәйтерек»
Өткізілу мақсаты: «Отбасы күні» мен «Денсаулық»  күндерін байланыстыра отырып, мектеп ата-аналарын салауатты өмір салтын сақтауға шақыру, жанұялық құндылықтарды нығайту, өзара сынып арасындағы сыйластықты қалыптастыру.
Өткізілу орны: Мектеп алаңы
Өткізілу әдіс-тәсілдері: топтастыру, пікір алмасу, сұрақ-жауап, шығармашылық  жұмыстар.
Өткізілу түрі: дәстүрлі емес
Көрнекілігі: түрлі –түсті қарындаштар, қайшы, желім, суреттер, мазайкалар, шарлар, музыка мен әндер
Өтілу барысы:
1.    Ұйымдастыру бөлімі:

Ата-аналарды қарсы алып, оларға түрлі-түсті қағаздар беру.
(түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлу)
2. Шынаргүл Оңдасынқызы, кіріспе сөз:
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар мен оқушылар!Бүгінгі мектебімізде ұйымдастырылып
жатырған «Отбасы-мәуелі бәйтерек» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!
Шараның ұйымдастырылу мақсаты: «Отбасы күні» мен «Денсаулық»  күндерін байланыстыра отырып, мектеп ата-аналарын салауатты өмір салтын сақтауға шақыру, жанұялық құндылықтарды нығайту, өзара сынып арасындағы сыйластықты қалыптастыру.
ҚР Президенті Жарлығымен «Отбасы күні» мерекесі  қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойланатыны бәрімізге мәлім. Отбасы-ол алтын діңгек. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Ал отбасымыздың бақытты да ұзақ ғұмыр кешуі үшін,  оларға салауатты өмір салтын ұстану өте маңызды. Адам денсаулығы-қоғам байлығы.Әрбір адам өз денсаулығының мықты болуын қарастыру қажет. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың-жаны сау» деп бекер айтпаған. Ендеше деніміз сау, жанымыз жайдары болсын деп тәрбиелік шарамызды бастайық.
Шараның өтілу барысымен таныс болыңыздар. Сіздермен 5 тәрбие орталығы жұмыс жасайтын болады.
1.     «Аялы алақан» орталығы – Жанар Хамитқызы жұмыс жүргізеді(сары түсті)
Ата-аналарға алақандарын бастыртып тілектерін жаздыртады.

«Отбасы-мәуелі бәйтерек» орталығы- Айжан Ғазымқызы жұмыс жүргізеді(розовый)
Бәйтерекке ата-аналар саусақтарымен жапырақ жасап аттарын жазады.

2.    «Гүл шоғы»-орталығы –Жанаргүл Жеңісқызы жұмыс жүргізеді(морковный)
Гүл шоқтарына гүлдерді жапсырады.

3.    « Сазды әуен»  орталығы-Ақзия Нұрбергенқызы. (көк)
«Сен мен және бәріміз» әнін бәріне айттырады.

4.    «Тапқыр болсаң тауып көр» орталығы-  Рабиға Ғабдоллақызы (жасыл)
Мазайкаларды құрастырады.

Әрбір орталықта жұмыс жасау уақыты шектеулі 5 минут. Қоңырау соғылған соң ата-аналар сағат тілімен басқа орталықтарға ауысасыздар.
Ал қазір ата-аналар ортаға барлығымыз жинала қояйық, мен не жасаймын соны қайталауларыңыз сұралады.(массовка би-флешмоб)
(билеп болған соң орталықтар өз жұмыстарын бастайды)

-Шара соңында әр орталық жетекшілері қорытындылайды.
Бүгінгі шарамыздың қорытынды сөз кезегі директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Қарасаева Ақмарал Шапағатқызына сөз беріледі.
Марапаттау:

Еліміздің болашағы –дені сау ұрпақ, ендеше балаларымыздың дені сау, отбастарымыз аман болсын деп шарамызды жабық деп жариялаймыз. Сау болыңыздар.

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:567
Кеше:1699
Барлығы:3036689