Жұқпалы дертсіз (ЖҚТБ) жарқын өмірге

Мақсаты: Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.

Кіріспе бөлім

Жүргізуші: Саламатсыздарма, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

«1Желтоқсан- Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күніне байланысты жиынды ашық деп жарилаймыз.

Біз СПИД-ке қарсымыз!

Бүкіл әлем күресуде

Індетімен ғасырдың,

Емін әлі  таппады ешкім,

Сол бұл зұлым пақырдың.

Негізгі бөлім

Аяла: Жүз бұрсаң нашақорлыққа

Жүресің азап қорлықта

Шайтанның жолын оң санап

Өзіңді досым қор тұтпа.

 

Алишер: Он екі мүшең сау бола

Есірткі уға алданба,

Өзіңді өзің құл етер

Жігерсіздікті ар сана.

 

Жанбота: Әдетке теріс желеу көп,

Тауып ап өнің жүдеу боп

Сорлатпа, досым, қинама,

Анаңның жанын егеу боп.

 

Эра: Тамырын умен суарып,

Денсаулық деген егістің,

Шірітіп апсың біразын,

Ғаламат қымбат жемістің.

Инемен таза денеңді,

Тесуге неге келістің?

Көк түтінмен уланып,

Ащы суды неге іштің?

Төсекке асыл азамат,

Ауру шеңдеп құлайсың.

Дәрігерлерді мазалап,

Не үшін енді жылайсың?

 

Жүргізуші: Мектебіміздің оқушыларының ұйымдастыруымен «Біз жастар нашақорлыққа қарсымыз» атты көрінісін тамашалаңыз.

Мияссар: - Мә мынаны қараңдар!Мынау кім?

Айгерим: - Әй, мынау бізбен оқыған Тимур ғой.

Дамира:-Не болып кеткен? Баяғыда бетке ұстар оқушы еді ғой?

Мияссар:- Ия, дәл солай. Мынау Тимур менің парталасым болған. Қандай таныс едік.

Айгерим:- 2 жыл ішінде мынадай дәрежеге жеткені ме?

Айжан:- Мынау қайсы? Не деп тұрсыңдар? Сендер кімсіңдер? Мен сендерді тіпті танымаймын. Маған анаша болды, менің қасыма тұрмай кетіңдер.

Дамира:- Тимур саған не болған.Біз сенен не сұрап тұрық, сен бізден не сұрап тұрсың. Оқуың қайда?Ата-анаңды аямайтын қандай адамсың? Ертеңгі күнде де өзің де ата-ана болмайсыңба?

Айжан: Мен сендерді танымай тұрғаным менде ешқандай ес жоқ. Рсындай күйге түсірген мына құрғыр есірткі. Мынау болмағанда өмір сүрер едім. Бірақ мен қазір де бұл есірткісіз өмір сүре алмаймын. Маған көмек керек.

Мияссар: -Құрдас біз саған деген көмегімізді аямаймыз.Сен қазір бізбен бірге жаңа өмірге аттағайсың.

Айгерим: - Жүр кеттік

Бәрі: Біз жастар нашақорлыққа қарсымыз?

Жүргізуші:

Кім мұндайды естіпті,

Есірткі жұртты есіртті,

Иіскеген жастардың,

Жан-тәнін түгел кесіпті.

Сақ болайық, ағайын,

Қатерлі жау –есірткі!

Жүргізуші: Денсаулық дегеніміз-адам жаны мен тәнінің амандығы. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі әдетте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық- ел дамуының басты арқауы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды. Дегенменде, біздің замандастарымыз соны ескерместен әр түрлі зиянды заттарға ұрынып жатады.

 

Ортаға 10-сынып оқушылары. Көрініс.

Ауру(Айгерим): -Ай, басым-ай, ауырып тұр ғой. Психологтың кабинеті қайда екен а? Мынау ма? Жоқ бұл емес. А, міне таптым. Тук-тук.

Психолог(Алимжан): -Кіріңіз

Ауру(Айгерим):- Саламатсыз ба?

Психолог(Алимжан): -Иә, не мазалап жүр, қай жеріңіз ауырады?

Ауру(Айгерим): -Мен түнде ұйықтағанда, түсіме таракандардың футбол ойнағаны кіреді. Не істеуім керек бұған?

Психолог(Алимжан):-Қане, басыңызды қарап жіберейін. А, онда мына дәріні ішіңіз, Объязательно бүгін ішіңіз.

Ауру(Айгерим) Ал, ертеңнен баста ішсем қайтеді?

Психолог(Алимжан): -Не үшін, не себептен?

Ауру(Айгерим):- Себебі, бүгін таракандардың финалы болатын еді.

 

Жүргізуші: Шәкірттер алды-артын оңдасын,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

«Ол кім? Бұл не?» бөлімінде ,

Танымдықпен, білгірлікпен

Жауаптары тыңдалсын,- дей келе

 

«Сұрақтарға жауап беру» бөліміне тоқталайық.

1.Есірткінің әлеуметтік салдары қандай? (отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы.)

2.Құрамында этил спирті бар. Ол не? (ішімдік).

3.Темекі құрамындағы улы зат? (никотин).

4.СПИД неліктен қорқынышты? (ауырғаннан кейін ең көбі 5-7 жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ).

5Салауаттылық сөзінің негезгі мағынасы? (Парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, сабырлы).

6.СПИД нашақорларға қалай жұғады? (ортақ пайдаланған инее арқылы).

7.Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні ? (1желтоқсан).

8.шылымның зияны тиетін мүше? (өкпе)

 

Жүргізуші: Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

 

Жүргізуші: Шешілмейтін жұмбағы, сұрағы көп

Бұл өмірге келген соғ бір- ақ реет,

Қалу керек өмірдің бұлағы боп,

Денсаулықты сақта, түзу өсесің,

Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің

Көрген күнің қараң ғой дерт шалса

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің!-деп келесі кезекті мектебіміздің дәрігері:

Мектебіміздің психологі:

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

сөз беріледі.

Ой қорыту

Оқушылар ақ қағазға ЖҚТБ-ға байланысты сурет салады. Сурет қарындашпен салынады. Түрлі-түсті қаламсап пен қарындаштар пайдалануға болады.

Оқушылардың суреттері тақтаға ілінеді.

 

Жүргізуші:

Есірткі жойылсын,

Ішімдік құрысын.

Дені сау қазақтың,

Ұрпағы көбейсін.

Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп,

Қазақтың сымбатты

Ұл, қызы көбейсін.

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:399
Кеше:966
Барлығы:3038226