Туған тілім - тірлігімнің айғағы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған тілім - тірлігімнің айғағы».
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу.
3. Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

 

Көрнекілігі: Слайд,  нақыл сөздер,  мақал мәтелдер
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:

­Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар. Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз. деген атақты ғұлама Бернард шоу.
Олай болса, «Жақсы көңіл - күй жан азығы» атты тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1. Менің есімім жаттығуы - Жаттығу танысу үшін жасалынады - әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әрпінен басталатын сөз айтады.
Мысалы: Сандуғаш сникерс, Әсел әлем т. б.
Топқа бөлу:
Оқушыларды шеңберде тұра, «көк, сары, жасыл» түстерін таңдату.  Түстер бойынша топқа бөлу. Нәтижесінде оқушылар  3 топқа бөлінеді.
ІІ. Негізгі бөлім.
«Ойла, құра» ойыны. Осы ойын арқылы қазіргі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы анықталады. Ойын шарты бойынша  бөлінген кеспе әріптерден сөз құрау.
«Ана тілім тірлігімнің айғағы» тақырыбы анықталады.
Кіріспе сөз:
- Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш.
Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық.
Әдеби монтаж
Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,
Тіл туралы заңым енді күшіне!
Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы!
«Сүйінші!» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілменен
Сол арқылы құлпырады гүл бағы
Тіл деп біл өз тіліңді ғалам сүйген,
Өйткені атаң менен анаң сүйген
Ал мұны біліп қана қойсаң күнә,
Мұрат ет, жалғастырып, балаң сүйген! деп алдағы уақыттағы жұмысымызға осы бейнероликті талдармыз.
Сұрақтар:
- Тіл туралы заң қашан қабылданды?
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілі қай тіл?
- Біз оқулықтарымызды қай тілде оқимыз?
- Конституцияда тіл туралы не делінген?
Поэзия минуты. Оқушы оқиды.
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің,
Тұнығым, рухани жан азығым.
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Ана тілін сүйеміз,
Басымызды иеміз.
Тапсырмалар:

1-топ: «Ана тілі дегеніміз» тақырыбында тірек сызба, сурет дайындау.


2- топ: Ана тілді сүйіп өтем,
Барлық тілден биік екен
............. өлең шумағын жалғастыру.


3- топ: Болашақта мектептегі пәндерді оқытуда үштілділік, яғни, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде жүргізілу туралы өз ойымызды алдарыңыздағы ақ параққа түсіреміз.
Әрбір топ өз тапсырмаларын қорғайды.
­Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде.

Бейнеролик «Тілдің қазіргі ахуалы».
«Аквариум» әдісі. Талқылау.
Қорытындылау. Мадақтау.
«Тіл құрметтеу ережелерін» құру.

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:399
Кеше:966
Барлығы:3038226