Ананың тілі- жүректің үні

Дюсембеева Валентина Муратовна
Бастауыш сынып мұғалімі ,
БҚО Зелёнов ауданы Новенький ЖОББМ

Тақырыбы: Ананың тілі- жүректің үні
Мақсаты: оқушыларға туған тіл,ана тіл туралы түсінік беру,сөздік қорын кеңейту,шығармашылық қабілетін дамыту,өз еліне,тіліне деген сүйіспеншілікке,елжандылыққа тәрбиелеу.
Барысы
Психологиялық ахуал

Сүйемін туған тілді анам тілін
Бесікте жатқанымда берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнің-деп С.Торайғыров жырлағандай бізге бесікте жатқан күннен бастап құлағымызға сіңген қандай үн?
Бұл әрине,бесік жыры, бізді әлдилеген анамыздың үні,анамыздың тілі.Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі- тілі.Тіл деңгейін көтеру-өз халқыңа, дініңе жаны ашитын әрбір азаматтың борышы.

Тіл дамыту

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ананың тілі- жүректің үні»деп аталады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі өте бай,әрі көркем.Ана тілін құрметтеген адам Отанын да сүйеді.Болашағымызды баянды етер қаруымыз – тіліміз.Ана тілімізді құрметтей білейік.
Тілім менің – тірегім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді кім?
Тілім менің, тілім менің –тірлігім!
- Әрине тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.
Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.
1-оқушы:«Ана тілін білмейтін адам бір қолы шолақ адам секілді» Ғ.Мұстафин.
2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» Ғ. Мүсірепов.
3-оқушы: «Әрбір саналы,мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі
әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік» М.Әуезов.
4-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту»Б. Момышұлы.
Ән: «Ананың тілі-аяулы үні»
Топқа бөліну

I. «Өлең сөздің патшасы»деп аталады.Әр топтың оқушысы ана тілі жайында
жазылған өлеңді жатқа айту.
1.Қазақ тілі-өз тілім,анамтілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым,дара тілім.
2.Ақыл-ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
3.Ана тілім-ұраным,
Ана тілім-құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
4. Ана тілім – елдігім,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
5.Тілімді арымдай сақтаймын,
Дінімді тексіз боп шатпаймын.
Құқымның пәктігін дәлелдеп,
Ұлтымның бай тілін жаттаймын.
6. Ана тілім-бәрін айтар шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам,не білем?
Тілім бар да мына ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, Адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің-анаң,сыйлап өтіңдер!
Әңгімелесу
Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды  ана тілі арқылы қабылдап,олардың мәнін түсіне бастайды.Ана тілі арқылы оқып,білім алады,өз отбасында тәрбиеленеді.Ана тілінде халқымыздың өрісін көрсететін әдеби,мәдени туындылар жасалады.
Өз ана тілін білмеген,қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да ,ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды.
II.«Мақал- сөздің мәйігі»деп аталады.Бірінші топ мақалдың басын айтса жалғасын екінші топ айту керек.
1.Тіл тас жарады, ....(тас жармаса бас жарады)
2.Дәлелсіз сөз... (желмен тең)
3.Өнер алды...(қызыл тіл)
4.Тәтті де тіл,...(ащы да тіл)
5.Айтылған сөз...(атылған оқпен тең)
6.Тілден артық ... (қазына жоқ)
7.Шебердің қолы артық...(шешеннің тілі артық)

Ойын «Әрқашан күн сөнбесін!»
Күн сәулесіндегі сұрақтарға жауап беру.
1.Тіл не үшін керек?
2.Қандай тілдерді білесіңдер?
3.Тілдер мерекесі қашан?
4.Тіл туралы заң қашан қабылданды?
5.Тілімізді дамыту үшін не істейміз?

Шығармашылық жұмыс
III. Ребус шешу
1.Тіл – қымбат қазына
2.Тіл – елімнің тірегі

Сабақты  қортындылау
-Ана тілін дұрыс білмейінше сауатты сөйлеп,сауатты жазып,тіл байлығын мол қолданбайынша,шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды.Сондықтан да әрқашан өз тілімізді,ана тілімізді,қазақ тілін құрметтеп,ардақтап әрбір сөз мағынасына тереңірек үңіліп,сөз қадірін ұғына білуге үйренейік.Тілімізді ұстарту үшін әдеби кітаптарды көп оқып,теледидардан,радиодан сөйлеген дикторлардың сөзіне,ақын,жазушылардың сөз қолданысына назар аударыңыздар.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп,тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!-деп ақын Қ.Мырза Әлі жырлағандай ана тілімізді құрметтей білейік!

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:397
Кеше:966
Барлығы:3038224