Менің тілім – менің мақтанышым

Мусина Гүлнұр Жұмабайқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
БҚО Зелёнов ауданы Новенький ЖОББМ

Тақырыбы: Менің тілім – менің мақтанышым

Мақсаты: Оқушыларды ана тілін сүюге шақыру, ата-бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді ардақтауға, қадірлеуге тәрбиелеу және тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Барысы
Психологиялық ахуал

Құрметті, оқушылар! Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін білуімен өлшенбек. Ананың сүтіне, уызына жарыған адам қашанда Отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркім өз тіліне құрметпен қарау керек. Біздің тіліміз -  өте бай, оралымды, көркем тіл. Алаштың біртуар азаматы болған Ғабиден Мұстафин ағамыз: «Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады» - деп тегін айтпаған.   Ендеше оқушылар, қане бәріміз ортаға шығып, жұптасып тұрып, бір-бірімізге бүгінгі күнге арнап, жылы сөздер айтайық

Ой қозғау
Балалар, мына сұрақтарды мұқият тыңдап,жауап берейік:
1.    Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
2.    Еліміздің Тіл туралы заңы қашан қабылданды?
Тіл туралы заң 1989 жылы қабылданды.
3.    Қазақтың бас ақыны кім?
Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев
4.    Көп тіл білетін адамды қалай атайды?
Көп тіл білетін адамды полиглот дейміз.
5.    Тіл мерекесі қай айда тойланады?
Тіл мерекесі 22 қыркүйекте тойланады.

Тіл дамыту
Оқушылар, тіл туралы  толғаған өлеңдерге назар аударып, ден қоя тыңдайық
1.    Жиналиева Велора:
Ерлік,елдік, бірлік, қайрат, бақ,ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен белгі болып ұрпаққа
Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың.

2.    Мендигереев Аят:
Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

3.Тұяқова Аружан:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнімменен сәнім бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

4.    Нығметова Айдана:
Батар, кетер келмеске күнім менің,
Қалар бірақ киелі тілім менің.
Қасіретті шақтардан түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

5.    Ұзақбайқызы Айлана:
Сақтар болсаң халқыңды,тілді сақта,
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа.
Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел,
Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.

Әңгімелесу
Қазыбек,Әйтекедей көсем өткен,
Әлдибек,АйтбайМайлы шешен өткен,
Жолы үлкен жасы кішіТөле бидің
Әйтеке,Қаз дауысты Қазыбектен.
Қазақ- сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де кемеңгерлігімен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Қазақ тілі –сұлу, қонымды да, толымды тіл. Сол тіл кестелеп өріп өрнектеп, өлмейтін өшпейтін ғажайыптар тудырды, асылмұра қазынасы сарқылмас алтын сандық ауыз әдебиетін жасады. Шешендік сөзден үзіндіге назар аударайық.

Жұптық жұмыс
Ауыз әдебиетінің інжу маржаны – мақал-мәтелдер. Енді мақал-мәтел жарысын бастайық. Әр жұп өз алдындағы ребусты шешіп, жасырылған тіл туралы мақалды табады.

Топтық жұмыс
Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез-келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады. Келесі кезекте екі топ сөзжұмбақ шешіп сайысамыз.

Сергіту сәті
Оқушылардың бойын жазып, ойын сергіту үшін тренинг өткізу. Тренинг мақсаты оқушылардың аңғарымпаздық қасиеттерін дамыту. Шеңберде тұрған бір оқушы мұғалімнің нұсқауымен алдында тұрған оқушының иығынан соғады, ал қалғандары дәл солай қайталаулары қажет.

Оқушылар шығармашылығы
Ана тілін дұрыс білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды. Сондықтан да әрқашан өз тілімізді, қазақ тілін құрметтеп, ардақтап, әрбір сөзін түсініп, мағынасына тереңірек үңіліп, сөз қадірін ұғынуымыз қажет. Ал, сендер тілімізді дамыту үшін не істер едіңіздер, өз ойларыңды флипчардқа түсіріңдер

Сабақты қорытындылау
Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл, оған қысылып қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады.Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей еркін есіп тұрады. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбіне хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді.Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесін.Бүгінгі сабағымызды «Анам тілі» әнімен аяқтаймыз.

 

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:396
Кеше:966
Барлығы:3038223