«Біз – бақытты отбасымыз» атты эстафеталық сайыс үлгісі

Мақсаты: Балалар  мен  ата-аналардың спортқа деген қызығушылықтарын  арттыру, ата-ана мен балалар арасындағы берік қарым-қатынасты, бірлікті насихаттау, салауатты  өмір  салтын  ұстануға  тәрбиелеу.

Керекті  құралдар: доптар,  кеглилер, шығыршық, уақ  доп, үлкен   қолғап,  құрсаулар,  аттар,  конфеттер, себеттер, қаптар.

Жүргізуші:

Шынықсаң  шымыр  боларсың,

Сауығып  айдай  толарсың.

Спортты  серік  ете  біл,

Жақсы  азамат  боларсың.

Жеңімпаз   болу оіай ма,

Арман  болған  талайға

Болмасаң да  ұқсап  бақ,

Жарысқа  түсіп  қалайда.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және балалар бүгінгі «Біз – бакытты отбасымыз» атты эстафеталық сайысымызға қош келдіңіздер!

Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының  нығаюы.

Көңілді  жарысымызға қатысушы отбасыларды шакырамыз.

(әр отбасы орнына келіп тұрып, тобын таныстырады)

Жүргізуші: «Біз – бақытты отбасмыз» отбасылық  сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы  зор ойын-сауықты бағдарламалардың бірі. Олай болса сайысымызды бастайық.

Ал, құрметті  халайық!

Жарысты  енді  көріңдер.

Әділ  қазы  алқасы

Әділ  баға  беріңдер.

Сайысымыздың  әділ  бағасын  беретін  әділқазылар  алқасымен  таныс  болайық.

(таныстырылады)

Сайыс 6  кезеңнен тұрады.

І    Кезең:  «Желаяқтар»

Ойын шарты:

Бірінші ойыншы бастапқы  орыннан кедергілер  арасымен  межені жүгіріп айналып  келіп, екінші  ойыншыға қол беру.  Келесі ойын  осы  бағытта  жалғасын  табады.

Бірінші аяқтаған  топ  жеңіске  жетеді.

ІІ   Кезең:  Картобыңды егіп кел де, жинап ал.

Ойын  шарты:

Команда капитанының қолындағы дорбада картоптар бар. Мұғалімнің белгісі бойынша картопты бір-бірден шеңберлерге орналастыру керек. Орналастырып болғасын  дорбаны балаға береді, ал бала жинап алады. Команда ойыншылары аяқталғанша жалғаса береді.

ІІІ  Кезең: «Тәтті жұп»

Ойын шарты:

Командалар қолдарын айқастыра ұстап, үрілген шарды арқаларына қысып, кедергілер арқылы жүгіріп өтеді.

ІV  Кезең: «Секірмек»

Ойын шашты:

Ойыншылар секіртпемен секіріп барып берірлген  суретті  салады. Әкесі не анасы бастайды.

V    Кезең: «Құрастырғыш»

Ойын шарты :

Ойыншылар құрастырғыштарды арғы бетке жинайды. Жинағанда үй, сарай, аула, т.с.с. нысандар тұрғызуы тиіс. Арғы бетте 2 ойыншы болуға болмайды.

VІ    Кезең: «Кенгуру»

Ойын шарты:

Қаппен  секіру. Топ мүшелері қол ұстасады. Әрбірінің қабы түсіп кетпеуі керек.

Жүргізуші:

Жарыс  заңы  ежелден –

Жеңімпазды  анықтау

Жеңімпаз  болу  шарты  сол –

Еңбектену, жалықпау

Сайысымыздың  қортындысын  шығаруға  кезекті  әділқазы  алқасына сөз кезегін береміз.

(Әділқазыларды  тыңдау)

Көрермендердің пікірін де жинақтауға болады.

Жүргізуші:

Біреу  озса  сайыста,

Біреу  артта  қалады

Жеңілгендер  ренжімей

Тарасса  бізге  жарады.

Сайыста жеңген де бар, жеңілген де бар. Алайда бүгінгі сайыста бақытты отбасыларды таныдық. Осындай отбасылар көп болсын дейміз. Бүгінгі сайыста бақытты отбасыларының достығы орнады деп түсінеміз. Бақытты отбасылар көбейе берсін!

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:398
Кеше:966
Барлығы:3038225