РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ

Еліміздің ертеңі жас ұрпақ қолында екенін ескерсек, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу кезек күттірмейтін мәселе. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы  «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің 2017-2018 оқу жылындағы бөбекжайлармен бірлесе ұйымдастырылатын жұмыс жоспары құрылып, оның мазмұнында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Мектеп жасына дейінгі балаларға тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру мақсатын көздейді.

Қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі мемлекеттік тілді құрметтеу мен мақтаныш ету сезімдерін ояту,салт-дәстүрді дәріптеу арқылы патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Ата-заңым-айбыным!» тақырыбындағы Конституция күніне арналған ертеңгіліктері, ата-аналарға отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу мақсатында «Отбасы-өмір өзегі» дөңгелек үстел, №4 «Березка» бөбекжайында «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан!», №39 «Салтанат» бөбекжайында «Рухани жаңғыру, ұлттық тәрбие бастауы – бөбекжайда» танымдық семинар, №17 «Родничок» бөбекжайында «Тәрбиенің алтын діңгегі – ұлттық тәрбие» мерекелік шарасы, №29 «Балауса» бөбекжайында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы», №20 «Балбөбек» бөбекжайында «Елім – менің мақтанышым» ертеңгілігі және №38 «Жазира» бөбекжайында «Бөбекжайдағы ұлттық тәрбие – жаханданудың алғашқы қадамы» тәрбиелік мәні жоғары шаралар өтті.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының жаңаруы аясында алдағы уақытта да бөбекжайлармен ынтымақтастықта жоба жұмысы жалғасын табады. М. Шаханов айтқандай төрт ана үшін күресуге белді бекем буған ұрпақ елі үшін аянбайды. Қазіргі кездегі күрделі мәселенің бірі болып отырған ана тілі де бала үшін асыл қасиет екенін ұқтыру   баршамыздың міндетіміз.

Елбасы айтқан ана тіліміз Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналуы үшін бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асырып, соның нақты нәтижесінен қорытынды шығаруымыз қажет. Әсіресе балабақшадағы өткізілетін танымдық, тәрбиелік шаралар тек ана тілінде өткізіліп, ана тілінде жүзеге асуы үшін айқын басымдықты мемлекеттік тілге беруіміз керек. Оған ең алдымен ұрпақтың құнды тәрбиесі мен сапалы білімі жол ашады.

Сондықтан да танымдық шаралардың барлығы осыған бағытталуы қажет. Төл тарихымыздың ақтаңдақ тұстарын балабақша тәрбиеленушілеріне жасына сай түсіндіріп, бойына сіңіріп отыру қажет. Бабалар ерлігін, даңқты істерін үнемі насихаттап отыру қажет. Сондықтан да танымдық шаралардың барлығы осыған бағытталуы қажет деп ойлаймын.

Жоба әдіскері: Төремұратова Венера Серікқызы

 

 

Пікірлер 

 
0 #2 Аида 2017-11-27 16:29 Оте дурыс жазылган макала Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Райxан 2017-11-27 16:23 Оте керемет Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:1275
Кеше:1922
Барлығы:3073073