Ата-анаға кеңес
Жасөспірім жастар жайында ата-аналар не білу керек?

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді.

 
Ата-ана бұрышы

Суицит, яғни өз-өзіне қол жұмсау – қазіргі таңда орын  алып отырған ең өзекті мәселелердің бірі. Жасөспірім кезінде әрбір баланың көңіл-күйі құбылмалы болып келеді. Өмірде туындаған әлдебір қиындықтардың шешімі – өлім ғана деп есептеп, қиындықтан оңай құтылудың жолын қарастырады. Сол себепті, әрбір балаға жас кезінен бастап, өмірдің қаншалықты құнды екендігін саналарына  сіңіре білген жөн.

Жас жеткіншек сауалы...

Жасөспірім шақ – көптеген сұрақтардың туындайтын кезеңі. «Ана, мен қайдан пайда болдым?» деген сұрақтарды жауабы жоқ өзекті сұрақтар алмастырады.

 
12-17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес

Егер жасөспірім балаңыз туралы мазасыздана бастасаңыз, онда сізге өміріңізді өзгертіп, басқаша көзбен қарайтын уақыттың жеткені.

Алдымен балаңыз жасөспірім кезеңге аяқ басқанда оның бойында қандай өзгерістер болатынына назар аударайық.

 
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

Өзгелерден құрмет күту үшін оларға өзіміз қандай құрмет көрсетіп жүргенімізге назар аударғанымыз жөн. Өкінішке орай үйде, өз туыстарымызға келгенде көбіне осы бір қарапайым қағиданы естен шығарып аламыз.
Үйде өзін ұстай білу - адамның тәрбиелілігінің көрсеткіші. Үйде өзін әдепті ұстайтын адам өзгелердің ортасында да өзін әдепті ұстайды, өйткені ол бұған жасынан дағдыланған. Ал тәрбиелі адамның сый-құрметке ие болатыны айтпаса да түсінікті. Атам қазақ «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп бекер айтпаса керек.

 
Ата-анаға кеңес

Мектеп жасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады:
1.    Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты-тазалыққа, ұқып-
тылыққа, жинақтылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру.
2.    5-8 сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері әрі қарай

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 Келесі > Соңғы >>

Страница 3 из 3

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:393
Кеше:966
Барлығы:3038220