Балаңыздың есірткі қолданғанын қалай түсінуге болады?

Мұны балаңыздың әрекеттері мен ағза-сында пайда болған белгілерінен түсінуге болады. Бірақ бұл белгілер балаңыздың наша қолданғанына толық дәлел бола алмайды. Мысалға есірткі қолданғанына ине іздері толық дәлел бола алмайды. Инемен емделген адамның денесінде де ине іздері болуы мүмкін. Сондықтан балаңыздың жүріс тұрыс әрекет-терін де бақылаңыз.

Қолының дірілдеуі, көп терлеу, ұйқысыздық, мазасыздық, кенеттен ашуланып, бірден тынышталу секілді белгілер болады. Бірақ мұндай белгілер жеткіншектік кезде де байқалуы мүмкін. Мәселен, мектепте үлгерімінің нашарлауы  немесе жақсаруы, жанұядан алыстау, көңіл-күйінің күрт өзгеруі, қалауының жиі өзгеруі.

Есте сақтау керек қауіпті белгілер:
•    бұрын сізбен бірге болуды ұнататын ұлыңыз бен қызыңыз сізден алшақ-тап кетсе, қалаулары жиі өзгерсе, қанағатсыз болса, оқу жөніндегі пікі-рін өзгертсе, шешім қабылдауға қиналса ...
•    тұйық мінезді, өте ашушаң, ренжігіш болып сосын қайтадан бұрынғы қалпына келгенін байқасаңыз ...
•    мектепте үлгерімі нашарлап кетсе, достарын жиі ауыстырса, бұрынғы достарымен араласпаса, айналасындағылармен қарым-қатынасы қашса, оқуын не жұмысын тастағысы келсе ...
•    ештеңеге қызықпай, барлық нәрседен алыстаса, болашаққа қатысты ешқандай қадам жасамаса ...
•    сезімдері күрт өзгеріп, тамақ жемесе ...
•    өтірік айтса, үйден ұсақ-түйек нәрселер жоғала бсатаса ...
•    киімінде, төсегінде күйген тесіктер мен жыртықтар пайда болса, әр түрлі жерлерге баратынын білсеңіз ...
•    әжетханада ұзақ уақыт отырғаннан кейін рахаттанып шықса ...
•    бөлмесінде опаға ұқсас нәрселер болса ...
Бұлардың барлығы сізге бір проблеманың барлығын сездіреді. Бірақ бұл проблеманы жалғыз шешуге тырыспай, маманның көмегін алу керек.
Есірткіден қорғануда ең үлкен жауапкершілік отбасына түседі. Сондық-тан балаға ең алдымен ата-ана үлгі-өнеге болуы керек. Балалар проблемала-рын алдымен ата-анасына айтуы керек. Баласының проблемаларын отбасын-дағы ересектер білуі керек.

 

 

Пікірлер 

 
0 #1 Азербаев Қанат 2014-11-25 18:05 өте жақсы жазылған баларды есірткіден аулақ ұстаған жөн Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:573
Кеше:1699
Барлығы:3036695