Жаңылтпаштар

Ата-аналар балаларының дұрыс сөйлегенін, тілінің жатық болғанын қалайды. Алайда бұл бағытта баламен сөйлесу, оның айтайын дегенін түсіну аздық етеді. Осы бағыттағы жұмыстың бір түрі - баланың жаңылтпаш айтуға икемделуі, дағдылануы.

Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па

 

Омартаға балалар барар,

Балаларды аралар талар.

 

Қыста құлағым ісіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.

 

Топ бала, топ бала,

Ойнап жүр топтала.

Көп бала топ бала,

Қуып жүр допты ала.

 

Ала-ала алашалар,

Тамаша олар,

Оған кім таласа алар.

 

Әмір мен Әділдің әбігеріндей

Әркімнің әбігерлігі бар.

 

Баланың жаман баға алмағаны,

Мұғалім ағаның жаман бағаламағаны.

 

Біреуі көрікті кісі,

Біреуі бөрікті кісі.

Көрікті кісі – зорықты,

Бөрікті кісі – қорықты

 

Көк көйлек, көк көйлек,

Тек өзіме дөп көйлек.

 

Заңгер меңгергенді,

Дәрігер меңгере ала ма?

Дәрігер меңгергенді,

Заңгер меңгере ала ма?

 

Өкшелеп қуып,

Көшкен ауылды.

Өкпем өшіп,

Өкшем ауырды.

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:393
Кеше:966
Барлығы:3038220