"Бойжеткені болашақ ғасырымның"
Қыз ұзату

Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз - өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз - өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі. Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.

 
Мамандықтың жаманы жоқ

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Ж. Аймауытов

 
Діни экстремизмге - тосқауыл

Бүгін біз қоғам арасында кең етек жайып, жастардың санасын жаулап  алған әртүрлі діни ағымдар туралы әңгіме қозғамақпыз. Жас арудың жүзін жауып, бозбаланың оғаш қылық көрсетудегі мақсаты не? Жас жеткіншектерді ондай істерге итермелейтін қандай күш?

 
Адам мінезін ерніне қарап таны

Адам мінез-құлқының кейбір ерекшеліктерін оның бет-жүзіне қарап анықтауға болады. Адамның беті үш әлемді қамтып көрсетеді деп есептеледі: маңдай тағдырын сипаттайды, мұрын мен көз физикалық әлемді, ал иек пен ауыз адамның материалды әлемінен хабар береді.

Ауыз бен ерін пішіні неден хабар береді?
Ауыз бен ерін махаббат және сөзшеңдікке негізделген беттің сезімтал бөлігі. Егер адамның ерні жіңішке, ал аузы кішкентай болса, бұл оның нақтылық пен тәртіпке ұмтылатындығын білдіреді. Кішкентай ауыз мінездің әлсіздігі жайлы «айтады», рухы мықты адамдардың аузы үлкен болады.

 
Қыздарға

-    Ей, қыздар,
Ұшып қонып, жат қылыққа желікпе,
Өнегелі өскен жанға елікте.
Сәнді қуып боянғаннан түк шықпас,
Ми болмаса, не тұр дейсің көрікте.

 
Ұлылардан қалған ұлы сөз...

«Қыз өссе – елдің көркі» деп бабаларымыз айтқан өнегелі сөздің астарында «елге көрік болатындай өссе екен» деген ізгі тілек жатқандай. Елдің көркі болу үшін ел аңсаған жақсы қасиеттердің бәрі адам бойынан табылуы тиіс. Қазақ қызы дегенде, көз алдымызға шолпының сыңғыры келеді. Ата-салтын, әдет-ғұрпын ақыл-таразысына салып, ата өсиетін берік ұстанып, ана әлдиінен нәр алған, ұлттық үрдісімізді қатаң сақтаған қазақ аруларының бойындағы бар асыл қасиет қазіргі бойжеткен, жасөспірім қыздарымыздың бойтұмарына айналуға тиіс.

 
Сіңліге сыр

Осал да болма, ойыңнан оңай адасқан,
Өжет те болма, орынсыз сөзге таласқан.

 
Қазіргі қазақ қыздары қандай, барлығы да әдепті, инабатты ма?

Қазіргі ұрпақ ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін, теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық дүниелері-бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін» дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы. Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады.

 
Қыз тәрбиесі

Қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Әсіресе қыз анасы, апа – жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайылығы мен ширақтығы, әсімдігі, жинақылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылыққа үйретуі керек. Үлкендерге ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық, кішілеріне апалық мейір – ықылас тәрізді қыз бала инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет.

 
Болашақ бойжеткендермен сырласу

Іштеріңнен шығады жаңа дарын,
Бізден биік болады саналарың.
Бізден бөлек болады ғасырың да,
Бізден бөлек болады модаларың.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 Келесі > Соңғы >>

Страница 1 из 3

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:233
Кеше:877
Барлығы:2798263