Бойжеткені бүгінгі ғасырымның
«Қыздар мектебінің» ғибраты

Ақұштап Бақтыгереева толғаныста-рындағы «Ана болу – әдебиеттің мәңгі тақырыбы» немесе «Ел басқарам, ұлтыма қызмет етем деп ұмтылатын ұл тумасақ, ұлтымыздың өлгені» деп келетін тіркестер ұлтын шын сүйген тұлғаның мазмұнды ойларға толы маржан сөздерінің қатарын толықтырса керек.

 
Ұлт діңгегі – ұлттық тәрбиеде

Театр – өнердің төресі. Сахна – әртіспен сәнді. Театр әртісі ұлы өнерді танытады. Өнер адамын халқымыз  қашанда  үлгі тұтқан. Осы орайда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылып жатқан «Балалар үйінің, балабақша және мектеп бүлдіршіндерінің арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс шаралар өткізу» атты жоба аясында «Қыздар әлемі» порталының қонағы ретінде Астана қаласындағы Қалыбек Қуанышбаев атындағы драма театрдың әртісі Айнұр Жүгінісовамен жүргізілген сұхбатымызды ұсынамыз.

 
Стресс жайында білгіңіз келсе

Стресс – бұл ерекше ситуациялардан туындайтын эмоционалды күй. Алғаш стресс терминін Канада физиологы Ганс Селье медицина тәжірибесінде анықтады.

 
Қалай танымал қыз болуға болады

Психологтардың кеңесі

1-кеңес
Кемшіліктер мен артықшылықтар
Өзің кемшілігің деп санап жүргендеріңнің кемшілік екеніне сенімдісің бе?
Қарап көрейік.
Кейде ірі, толық қыздар өзінің толық денесінен ұялып жатады. Олар өзін түрлі диеталармен, жаттығулармен зорықтырады. Мұның барлығы сенің толық болу жаман деген пікірге сенімді болуыңнан пайда болады.
Толық болған жаман деп саған кім айтты?
Тек сәнбикелер ғана жұрттың алдында қылдай жіңішке белімен, артық салмағы жоқ сымбатты денесімен жарқ-жұрқ етеді. Ал күнделікті өмірде барлығы бұлайша біртекті емес.

 
Қазақ қызы қандай болуы керек?

Көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз қарсаңында бойжеткендер мен жасөспірім қыздар, аналар арасында бүгінгі қазақ қызы туралы, олардың қандай болуы туралы ой-пікірлерін  білу үшін сауалнама жүргізген болатынбыз соның жауаптарын назарларыңызға ұсына отырып, сіздерден де пікірлеріңізді білдіруді сұраймыз.

 
Қыз бала тәрбиесіндегі ислами қағидаттар

Қыз бала тәрбиесінде ислами қағидаттың алатын орны ерекше. Имандылық, инабаттылық, парасаттылық секілді асыл қасиеттер бойларына дарыған қазақ қыздарының арасында заман талабына, батыстық, шығыстық бағытқа еліктеп, ұлттық менталитет ұғымынан, игі дәстүр ізінен аттап кетушілер аз да болса кездесіп жатады. Осы орайда қыз бала тәрбиесіндегі ислами қағидаттар турасында БҚО орталық мешітінің нәйб имамы Асанов Марат Рахметоллаұлымен сұхбаттасқан едік.

 
Ерлермен тізе қосып (қыздар таңдаған ерлер мамандығы)

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Өйткені адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады.  Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық. Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан» деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін жол тартқан әрбір жас үшін зор мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз.
Бүгінде қыздар мұғалім, дәрігер, журналист, экономист, заңгер, сынды белді мамандықтармен қатар нәзік жанды қыздар үшін тігінші, шаштараз, аспазшы сынды маман иелері болуды армандайды. Десек те, нәзік жанды қыздарымыздың арасында ерлермен тең түсіп, олар таңдаған мамандыққа да барып жатады. Осы жолда ерлермен тізе қосып, сол мамандықтың тізгінін еркін әрі бекем ұстайдындар қаншама!

 
«Бойжеткені болашақ ғасырымның»

Бүгінгі және ертеңгі қазақ қыздары қандай болу керек? деген сауалға өз пікіріңізді білдіріңіз.

 
Қыздарға кеңес

Бір әулеттің ашатұғын түндігін,
Келін болар туды саған күн бүгін.
Ашық-шашық жүре берме қарағым,
Жарқырап сан, көрінбесін кіндігің.

Білінбесін жүрген ізің, басқаның,
Өріміндей болсын ісің таспаның.
Жалаң аяқ кердеңдеме ойқастап,
Жинақтаулы болсын әркез шаштарың.

Сыйлағайсың дәстүріңді жоралғы,
Тілегім сол қатарыңның бол алды.
Саған қарап сараптайды әкеңді,
Саған қарап сараптайды анаңды.

Базарбай Айтқалиев

 
Тәрбиеңіз қалай?

Бұл сұрақтарды көңіліңізге алмай, «иә» не «жоқ» деп жауап беріңіз де ұпайларды жинақтап қосыңыз. Қажетті жауапты белгілеңіз.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 Келесі > Соңғы >>

Страница 3 из 4

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:570
Кеше:1699
Барлығы:3036692