Бойжеткені бүгінгі ғасырымның
«Қыздары мықты болмай, қоғам мықты болмайды»

ақын Ақұштап Бақтыгереевамен сұхбат.

 
Болашақ бойжеткендермен сырласу

Іштеріңнен шығады жаңа дарын,
Бізден биік болады саналарың.
Бізден бөлек болады ғасырың да,
Бізден бөлек болады модаларың.

Соғыс салған жараны көрмейсіңдер,
Жоқтық, аштық дегенге көнбейсіңдер.
Біздің ұрпақ әкесін жау өлтірген,
Деген, сірә,  «ертекке» сенбейсіңдер.

Бізден басқа ырғақта ән айтасыңдар,
Басқаша әуен аспабын тартасыңдар.
Біздер тамақ пісірген қазандарды,
Тамашалап музейден қайтасыңдар.

* * * * * *

Бойжеткені болашақ ғасырымның,
Айып болмас сендерге ашылуым.
Сендер үшін – ескілік ар сақтаған,
Сендерде жоқ бүкпе сыр, жасырын мұң.

Қастерленбес Баяндай сертің бүгін,
Ажыратты бояудан көркіңді кім?
Осы күннен даярлап жатырсыңдар,
Махаббат пен сезімнің еркіндігін.

Шаршатпаған пәк сезім болып қайғы,
Сендік жүрек сүюден қорықпайды.
Махаббаттың «еркіні» еш ғасырда,
Өз жолында бақытқа жолықпайды.

Ақұштап Бақтыгереева

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 Келесі > Соңғы >>

Страница 4 из 4

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:395
Кеше:966
Барлығы:3038222