Қазақ қызы қашанда мақтауға лайық

 

«Балалар үйінің, балабақша және мектеп бүлдіршіндерінің арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс шаралар өткізу» жобасы аясында «Қыздар әлемі» порталының қонағы Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, ақын Жанарбек Әшімжанмен   
жүргізген сұхбатты ұсынамыз:


- Жанарбек аға, қоғамның қозғаушы ретінде ақындарымыз үшін қыздарға арналған тақырыптың мәні қаншалықты маңызды болуы керек?

-    Кей ақындар  қыздарға арналған тақырыпты ұсақ тақырып деп қарауы мүмкін. Бірақ бұл тақырыптың ауқымы өте кең. Бұл тақырыпты үлкен қоғамдық проблема ретінде қарауымыз қажет. Ақындар да қоғамның қозғаушы күші ретінде өз өлеңдері арқылы қыздарымызға ұлттық тәрбие беруге тырысу керек. Өйткені ұлт діңгегі – ұлттық тәрбиеде. Қазақ қызы тәрбие бастауын ана сүтінен алады. Қазақ әйелі қазақ қызына өнегелі тәрбие берсе, қазақ қызы осы қоғамының тірегі болары анық. Қыздары парасатты, анасы ақылды болмаса, қоғам әлсірейді деген ойдамын. Біз қазақ даласының  өзіндік дәстүрін сақтауымыз керек. Өзге елдерге барғанда «қазақтың қызы осындай» десе қандай мақтаныш!  

-    Өзіңіз осы тақырып аясында қаншалықты деңгейде үн қосып жүрсіз?

-    Ақын да, жазушы да, драмтург та өзі өмір сүрген қауымның шындығын суреттеуде, өмір шындығын өнер шындығына айналдыруға қызмет жасайды. Тәрбиені  ешуақытта заман, қоғам өзгерістеріне жаба салудың қажеті жоқ. Ұлттық тәрбие қашанда маңызды. Қазақ қызы – әдемілік, әсемдіктің символы. Сұлулықты жырламау, оған үн қоспау ақындар үшін мүмкін емес нәрсе. Мен қазақ қызы мәңгілік сұлу болса екен деймін. Сұлулық тек сыртқы келбетпен ғана өлшенбейді, жаны да сұлу болғанын қалаймын. Мен оларға әрдайым қазақ қызы осы екі сұлулықтың басын қосып жүрсін деген тілекте жүрем. Жалпы менің жырларым негізінен махаббат тақырыбынан гөрі азаматтық лирикаға, ұлтық бағытқа құрылып келеді. Махаббат һәм арулар тақырыбына көп дендеп кіріспесем де бірлі-жарым жырларым бар.    

-    Сіздің отбасында қыз бала бар ма? Қыз балаларға отбасында қандай тәрбие беру керек деп есептейсіз?


-    Халық арасында үнемі айтып жүретін бір әңгіме бар. Бір ғалым педагогтан әкесі балаларының өсіп келе жатқандығын айтып, «қашаннан бастап тәрбиелейін» деп сұраған екен. Бес жасқа келген баласын көріп, «бес жылға кешіктіңіз» депті. Бұл тәмсіл бала тәрбиесі туғаннан бастап-ақ қолға алыну керектігін меңзесе керек. Ең алдымен ата-ана, яғни отбасы тәрбиенің діңгегін қалау керек. Кез-келген ата-ана өз баласын ұлттық тәрбиемен сусындатқысы келсе, анасы күнде ұлттық тағамдармен сүйсіндіріп, қазақтың тамаша әндерімен тамсандырса, әке тұрып, ұлттық ойындарымен ойнатса, қазақтың ұлттық өнері мен салты, дәстүрімен таныстырса, ол қыз бала не ұл бала болсын ұлттық деген ұғыммен табысары сөзсіз. Балалар кішкентай кезінде құндылық дегенді білмейді, сол бала кезінен ол құндылықтарға деген махаббатын ояту қажет деп ойлаймын. Үйге қонақ келген жағдайда, келген кісіге ол туыс болсын, не таныс болмасын, үрке қарамай, балалар амандасудан бастау қажет. Сонда олар үлкенге құрмет, кішіге ізет, туысқа деген ілтипатты үйренеді. Балаларымызға ұлттық тағамның түрлерін, пайдасын ғана  айтып қою аздық етеді, кез-келген қазақ перзенті ұда    йы ұлттық тағаммен қоректеніп отыруы керек. Сонда ғана балаларымыз қазақтың етін, бауырсағын, қазысы мен жаясын, қымызын суши мен колаға айырбастамасы анық деп ойлаймын. Өз отбасымда да осы қағиданы қатаң ұстанамын. Біз үш ұл тәрбиелеп отырған отбасымыз, Құдай бұйыртса қыз бала да болар. Қай қоғамда болмасын, қай отбасында болмасын қыз баланың алатын орны айрықша. Кез келген қыз бала анасымен сырлас болуы тиіс. Сондықтан әр ана қызын қылықты, ибалы болуға тәрбиелейды. Киім-киісі, жүріс-тұрысы үнемі назарда болу шарт. «Қыз үйде, қылығы түзде» деген мақал бекер айтылмаса керек. Біз қазақтың қызымен емес, тәрбиесімен мақтануымыз керек.

-    Бүгінгі бойжеткен, ару қыздарымызға айтар тілегіңіз...

-    «Қыздар әлемі»  порталының пайдаланушылары бойжеткен қарындастарымыз бен жас өспірім қыздарымыздың қатарынан екен. Сіздерге айтар тілегім – келбеттеріңіз бен жандарыңыз сұлу болса екен деймін. Әдеміліктің ішінде ажарлы болу да, ақылды болу да бар, сондықтан әр жасаған қадамдарыңыз да әдемі болсын деген тілектемін. Бүгін сіздер, бүлдіршін, жасөспірім, бойжеткен болсаңыздар, ертең сіздер бесік тербейтін ана атанасыздар. Қазақтың қаракөз қыздары ұлтымыздың айнасы болсын деп тілек қосам.  

-    Әңгімеңізге үлкен рахмет!



Сұхбатты жүргізген:
БҚМУ қауымдастырылған
профессоры Рита Сұлтанғалиева

 

Пікірлер 

 
0 #18 Эльмира 2013-09-27 02:50 Қыз бала тәрбиесіне қатысты тағылымды сұхбат екен. Дәйексөз жазу
 
 
0 #17 Сая 2013-09-27 02:47 Тамаша пікірлер. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #16 Гүлшат 2013-09-27 02:46 Бүгінгі қыз бала, ертеңгі елдің анасы. Қыздар тәрбиесін назардан тыс қалдырмау керек деп ойлаймын. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #15 Гуля 2013-09-27 02:43 қазақ халқы қызды қырық үйден тыйып, ел болып тәрбиелеген. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #14 Алмагул 2013-09-27 02:42 Қыз бала тәрбиесі қашанда назарда болу керек деп ойлаймын. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #13 Айнур 2013-09-27 02:39 Қыз бала тәрбиесі жөнінде Жанарбек Әшімжанмен жүргізген сұхбаттарыңызға рахмет. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #12 Анаргул 2013-09-27 02:38 Қыздар әлеміне шығармашылық табыстар тілеймін.Ұлттың айнасы - қазақтың қаракөздері. Дәйексөз жазу
 
 
+2 #11 Нуржауган 2013-09-27 02:36 Қазақ қызы туралы шығармалар баршылық. Поэзияда поэма жазылса. Бүгінгі қыздар тәрбиесін негізге алып.Керемет сұхбат. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #10 Гауһар 2013-09-27 02:34 Жақсы ой айтылған екен. Дәйексөз жазу
 
 
-1 #9 Акнур 2013-09-27 02:31 Кыз бала тәрбиесіне қатысты тағы да соны тақырыптар көтерілсе. Ойыңызбен бөліскеніңізге рахмет! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:573
Кеше:1699
Барлығы:3036695