Ұлылардан қалған ұлы сөз...

«Қыз өссе – елдің көркі» деп бабаларымыз айтқан өнегелі сөздің астарында «елге көрік болатындай өссе екен» деген ізгі тілек жатқандай. Елдің көркі болу үшін ел аңсаған жақсы қасиеттердің бәрі адам бойынан табылуы тиіс. Қазақ қызы дегенде, көз алдымызға шолпының сыңғыры келеді. Ата-салтын, әдет-ғұрпын ақыл-таразысына салып, ата өсиетін берік ұстанып, ана әлдиінен нәр алған, ұлттық үрдісімізді қатаң сақтаған қазақ аруларының бойындағы бар асыл қасиет қазіргі бойжеткен, жасөспірім қыздарымыздың бойтұмарына айналуға тиіс.

Көрік дегенді тек әсемдік, әдемілік деп түсінсеңіз, онда ол жансыз бұйым ғана болар еді. Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздерінде «Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз көңіліңе жақын» - дегені бар. Әлбетте, қазіргі кзеңде әдепті блып, елдің көркіне айналу – кез-келген жанның қолынан келе бермейтіні де ақиқат. Десек те, сіздер жаһандану үрдісінен қалмай, ата-дәстүрді берік сақтаған, үлкеннің алдын кесе өтпейтін, тәрбиелі де ибалы қазақ қызы деген атқа лайық болуларыңыз керек.

Әр кезеңнің өз тәрбиесі бар. Ерте кезде қыздарды әдет-ғұрыппен, салт-дәстүрмен, мақал-мәтелмен астарлай, сезім, түйсік арқылы тәрбиелесе,  ана тәрбиесімен бірге көше тәрбиесі де әсер етуі мүмкін. Қызды да, ұлды да орта тәрбиелейді. Қазіргі орта – айналаңда кіндігін ашқан қыздарды көріп қаласыз. Ата-аналарыңыз сіздерді жеңілтектіктен бойларыңызды аулақ ұстауға, қыздарға тән ізеттілік пен инабаттылықты бойларыңа сіңріп, өсіруге тырысуда. Күлкінің қымбат екенін ұғындырып, «Жігіттің күлегеші атының соры, қыздың күлегеші бақытының соры» деп тәрбие беруде. Бұдан шығатын қорытынды, қыздың сыры ішінде болып, жұмбақ қалпын берік ұстанғаны ләзім. Осы орайда Қадыр ақын:
«Қыздың сыры – шөлдің суы сияқты,
Тереңде ғой, тереңде ғой, тереңде» десе,
Мұхтар Шаханов:
«Мағынасыз жылтырақты сақтамайды ел еске,
Шын сұлулық тереңдікте емес пе?» дейді. Барлығының түйіні бір тереңдік. Ол – ақыл, ол – парасат, ол – ұстамдылық. Сіздердің бойларыңызда осы тереңдік табылуы шарт. Ақыл, парасат, ұстамдылық сіздердің бойларыңызда үйлесім тауып, бір арнада тоғысқан кезде ғана қазақ қызы деген мәртебелі атқа ие болып, адами бақыттың биігінен көрінесіздер.
* * * *
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын
Үлкенннің алтын кесіп сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген ізгі салтын -
дегендей біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады.
* * * *
«Қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген теңеулер қыз баланың ұқыптылығы, шеберлігі деп біледі. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігіне жанының нәзіктілігіне әрі іске талапты да алғырлығынан, өенр-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай мәпелеп өсіреді.
* * * *
Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыздарының бойында ізеттілік, ар-ұят, қялшақтық,үлкенге қықзмет көрсету, жан ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші - ол анасы.
* * * *
Нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық сыпайылық, әдемілік, өнерпаздық, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспешілік, махаббат мұратына жетудің талабы, намысы, қайрат-жігері осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі.
* * * *
Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз. Себебі бүгін отбасында еркелеп ұстап отқан қыздардың күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын айтсақ та жеткілікті.
* * * *
Біздің халқымыз ер баланы ертеңгі мұрагер санағанмен қыз баланы олрадан әсте кем көрмеген. Көп жағдайда қыз бала тәрбиесіне айырықша көңіл бөлген ата-аналар ұлдарынан гөрі қыздарын ерекше жақсы көріп, еркелетіп еркін өсірген. Қазақ отбасында мысалы, ұлды жазалау шектен шығып бара жатқан жағдайлары жиі кездессе, ал қызды жазалау кездеспейтін құбылыс десек те болады.
* * * *
Бабаларын қыздарын қадірлеген
Қыз баладан басталар өмір терең.
Ауыл көркі қыз болып ән айтылып,
Күн болмаған сазды күй төгілмеген.
* * * *
Қазақ елі қызды сұлулық, әдептілік және нәзіктілік деп білген. Қызды көктемнің күлімдеген күніне теңеген. Қызды сән мен әсемдіктің нышаны тұтқан. Қыздар пәк махаббаттың иесі деп білген, оған дәлел -  кешегі өткен Қыз Жібек, Еңілік, Баян Сұлулардың сүйіктілеріне деген махаббаты.
Адамның сыртқы келбеті, пішін көріктілігі ішкі рухани терең мазмұнымен бірге қайнасып, үйлесіп жатса, нағыз сұлулық сол болмақ.
* * * * *
Сұлулық та керек-ақ, алайда бұл сұлулық адамгершілікпен, шындықпен, имандылықпен ұштасқанда ғана тамаша!
* * * * *
Жаттың да қызығына қуана біл,
Жаныңды сұлулыққа суара біл.
Қыз берсін қызығы бау парқы биік,
Ұл берсін ұлағатты, ұланы әділ.

 

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:570
Кеше:1699
Барлығы:3036692