Қыз ұзату

Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз - өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз - өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі. Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.

 

Өмірдің өрлеп шықсын белесіне,

Мұхитқа жетсін жүзіп кемесі де,

Бір үйдің әлпештеген еркесі екен,

Ата менен сыйлы болсын енесіне.

Үлкенді қадірлеуден жалықпасын

Жарқылда жарыңның да тауып бабын.

Қадірлеп айналайын бір-біріңді,

Қырандай қия шыңға шарықтағын.

Тағдыр қосып табылыпты қосағың

Әлі ақталар жабдығыңмен жасауың.

Шаттықталар шаңыраққа айналсын

Керегесін кеңге жайып отауың.

Құтты болсын ақ қадамың

Келін болу жолы ғой қыз баланың

Барған жерде жақсы келін атанып

Қуанышын сыйласын әрбір қадамың.

 

 

 

 

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:395
Кеше:966
Барлығы:3038222