Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

Бүгінгі ғасырдың бойжеткені жастар көзімен: салмақты пікір, салиқали ой, жарқын толғаныс

Ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып қайрат танытуда қазақ қызының атқарар рөлі, алар орны тым ерекше. Өйткені тал-бесікті тербеткен аналар ұлттың ұлын тәрбиелейді. Ал бүгінгі таңның қазақ қызы қандай болуы қажет?

Қазақ қызы мінезге бай өжет бола тұра нəзіктігі мен төзімділігінен айырылмаған жөн.Ер етігімен қан кешкен, ат ауыздықпен су ішкен жаугершілік заманда қарашаңырақтың отын өшірмей ерінің артын бағып қалған қыздарымыз қазір де белі қайысып, саусақтары майысып бір үйдің отын суытпай от анасы бола алады ма? Арын сатпаған иманды болса, ата-анасын сыйлаған ибалы болса, ерін сыйлаған бағалы, елін сыйлаған ұлтжанды болатын болса «қазақ қызы» деген атқа лайық болар еді.

Ал қазір, заманның ағынымен бірге ағып жақсыларын игеріп жамандықтан именетін  болса, соның ішінде жамауын жамап, далабын азайтатын қыз болса, басқа тілді үйреніп өз тіліне құрметпен қадалса, интернетке бас ұрмай кітапқа бет алса нағыз қазақ қызы тəрбиеленер еді. Түн кірпігін жылтыр шардың астында, дала қаңғумен  емес, жарық айдың астында үй жылуында өткізсе қазақтың қызы дер едім.

Қазақтың қызы «Балапан басына, тұрымтай тұсына» кеткен тұста отбасын асырауға кірісті. «Ел – ерге, ер– жерге» қараған заманда қазақтың қыздары қарекет қамын жасады. Бүгін де еңбекке икемді , шаруаға епті болса, қандай да қиындыққа мойымайтын еді.

Қазақ қызыа алып атырапты алып жатқан азғантай елдің басына қара бұлт үйірілгенде, қараңғылық жамыла бастағанда атқа қонады. Қазақ қызы атқа қонғанда олардың жеңіссіз оралмайтын тұсы кемде-кем. Кешегі Домалақ ана, Айша-бибі, Құртқа, Баян, Ұлжан, Зерелердің бүгінгі ұрпағының ақылына көркі, пайымына парасаты сай. Бірі кем дей алмайсың. Өйткені олар – қазақтың қызы!

Қайырова Нұржауған

 

Пікірлер 

 
0 #17 Алмагүл 2017-11-08 22:33 өте жақсы жазылған мақала. Қаламың ұштала берсін Дәйексөз жазу
 
 
+1 #16 Әйгеріммін 2017-11-06 16:15 ҚАЛАМЫҢ ҚАРЫМДЫ ЕКЕН! ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ. ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ ДЕГЕН АТАЛАРЫМЫЗ. БЕСІК ТЕРБЕТЕР АНАЛАР КӨП БОЛСЫН! Дәйексөз жазу
 
 
0 #15 Ұлдай 2017-11-04 23:31 Тамаша, өте керемет мақала екен. Ақиқаттан аттамай, ешкімді де даттамай жазылған, ойға сан түрлі ой салар дүние. Ақты ақ, қараны қара дейдін, сіз сияқты қазақ қыздары көп болсын! Дәйексөз жазу
 
 
0 #14 Жанна 2017-11-04 22:13 Керемет жазылған. Меніңше қыздардың тәрбиесі қызға 40 үйден тыйым деген сөзге сай болса бəрі жақсы болады деп ойлаймын.Əкеде сес болмаса ,балада ес болмайды деп жатады ғой .Əкелеріміз сесті болса,əрбір ұл да қыз да естерін жиып жүрері хақ. Дәйексөз жазу
 
 
0 #13 Дархан 2017-11-04 19:55 жақсы жазылған ой түйетін мақала екен Дәйексөз жазу
 
 
0 #12 Нурхат Габбасович 2017-11-04 19:49 Тақырып өте өзекті. Қазіргі кездегі біздің қазақ қыздарына өте қонымды мақала жазылған Дәйексөз жазу
 
 
0 #11 Бисекешова Зульфия 2017-11-04 19:15 Жарайсың, əр қазақ қызына ой саларлық мақала!
Осындай қоғамға деген көз қарасы түзу жастарымыз кобие берсен.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #10 Парасат 2017-11-04 19:09 Оқыған адамға ойға қонымды пікір екен. Мақалаңыз өте жақсы жазылған Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Бекзат Орынбасарқызы 2017-11-04 18:55 Қазақтың бойжеткен қызы дегенде көзге елестейтін дүние жазылған! Сыңы да бар шыңы да бар екен, ұнады Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Бекзат Орынбасарқызы 2017-11-04 18:53 н дүние жазылған! Сыңы да бар шыңы да бар екен, ұнады. Керемет! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:377
Кеше:966
Барлығы:3038204