Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

Бүгінгі ғасырдың бойжеткені жастар көзімен: салмақты пікір, салиқали ой, жарқын толғаныс

Табиғат әйелге былай дейді: қолыңнан келсе, сұлу бол, қаласаң дана бол, ал, саналы, ақылды болуға міндеттісің.

П. Бомарше

Жер бетіндегі кез келген халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, жеке халық, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірер еңбегі орасан зор. Ендеше, ұрпақ тәрбиесі, соның ішінде қыз бала тәрбиесі – ұлттың тағдыры.

Қазіргі қазақ қызы туралы сөз қозғағанда, қазақ халқы қыз баладан не күтеді? Қандай мақсат қояды? Ата-бабамыз қыздарын қалай ардақтаған? Халқымыздың қыз балалар тәрбиесінің алдына қойған мақсаты – ұлттың арын сақтайтын арулар тәрбиелеп өсіру. Демек, «қызды қырық үйден тыю» деген мақалды ұстана отырып, бойжеткеннің тәрбиесіндегі талапқа, бүкіл қоғам болып атсалысуымыз қажет. Қыздың болашақ рөліне қарай, «қыз – болашақ жар», «қыз – ауыл ажары», «қыз – үйге құт», «қыздың жолы жіңішке», «қыз – жат жұрттық», «қыз – қылығымен сүйкімді», «қызы бардың назы бар» деген сияқты әлеуметтік мәселелермен ұштастырып отырған. Мұның өзі қыз баланы әр кезде адал жар, абзал ана, әлеуетті әже болып қалыптасуына себін тигізері даусыз.

Менің ойымша, егеменді елімізді өркендету үшін тәрбиелі, білікті, сыпайы әрі саналы ұрпақ керек. Ал, ұрпақ көзі – ана.  Бүгінгі қазақ қызы, болашақ ана Зере әжелеріміз, Ұлпан, Ұлжан апаларымыз, Тоғжан, Әйгерім, Керімбала, Үмітейлер  секілді бойларына ибалықты, әсемдікті, адалдықты, кең пейілді, мейірімді, жақсы мен жаманды әділ сараптайтын, ақылды байыпты болуы шарт.

Бүгінгі таңда қыз балалардың бетпен кетпей, бойларына ұяңдық пен нәзіктікті насихаттау мақсатында әр түрлі жиындар, жиналыстар, Ақұштап Бақтыгерееваның «Қыз Жібек» клубы жұмыс жасайды. Ұлын нарға, қызын арға балаған Алаш жұртының алдында тұрған осынау үлкен қауіптің алдын алу әр отандасымыздың міндеті.

 

Сағидуллиева Сандуғаш

 

Пікірлер 

 
0 #3 Айнаш Серикова 2017-11-10 19:40 Өте дұрыс жазылған мақала! Қазір қыздарымыз инстаграмда емес, осы сайттын мақалаларын оқып отырса жаксы болар еді. Азық болар осы мақаланы азық етип, қыз бойына лайықты қасиеттерді жинары сөзсіз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Жансұлу 2017-11-04 16:13 Көңілден шықты Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Лиза Жумагулова 2017-11-04 16:11 Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:377
Кеше:966
Барлығы:3038204