Бүгінгі ғасырдың бойжеткені, менің ойымша...

Бүгінгі ғасырдың бойжеткені жастар көзімен: салмақты пікір, салиқали ой, жарқын толғаныс

Қыз бала тәрбиесіне халқымыз сонау заманнан ерекше мән беріп келеді. Қыз баланы құрметтеу, қыз бала алдында дөрекі сөйлемеу, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорға мінгізу, босағада отырғызбау сияқты дәстүрлі, тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған. Қазақ қызы дегенде қос бұрымымен, бүрмелі көйлегімен, жүзінде иба мен ұят табы бар ару елестейді. Ал қазір ше? Ұлт-тық киімді емес, жалпы келбетті алайық. Біз нағыз қазақ қызын сақтай алдық па? Бізге қарап жақсының жалғасы деп қуана ала ма? Нағыз қазақ қызын сақтай алу үшін не істеу керек? Осы сияқты сауалдар қазіргі қазақ қоғамын толғандыруы тиіс мәселелердің бірі деуге болады.

Менің ойымша, қыз – бүгін әке-шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да, қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Сәлеуетті ана болғанда саналы ұрпақ болады.. Болашақтың тамыры, қоғамның негізі тарихтың көзі –жанұя. Ал сол қасиетті ұяның алтын тірегі, отбасының ұйтқысы, жайнаған осы жауқазындар.Сол үшін де «Тәрбие – тал бесіктен» дегендей, кесірлі қыз болмау үшін сәби кезінен тәрбие беріліп, көңіл бөлініп, қырық үйден  тыйым салыну керек деп ойлаймын. Тіпті, болмағанда, өзіңді өші¬ретін емес, өсіретін ортаны, достарды дұрыс таңдау керек шығар. Қыз - өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай, қыз балалар жағымды қасиеттерді меңгерсе, арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болса, өміріміз мәнді де сәнді, қызықты да шуақты болмақ.

Халел Ақерке

 

Пікірлер 

 
0 #2 Айнаш Серикова 2017-11-10 19:44 Салмақты әңгіме өрбітер мақала жазар сіздей жандар коп болсын! Жарайсыз ! Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Әлия 2017-11-04 16:12 Керемет Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:377
Кеше:966
Барлығы:3038204