Қыздар әлемі
Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Қыз ұзату
«Қыз ұзату» (салт, той). «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі.

 
Біле жүргеніңіз дұрыс...

Мадам де Ротшильд біз үшін және біздің сүйіктілеріміз үшін қымбатты болып табылатын әшекей бұйымдары (аксессуарлар) туралы керемет баяндап береді. Біз сіздерге осы мағлұматты ұсынамыз.

 
Ислам киім мен әсемдік туралы

Ислам мұсылмандарға ұқыпты көрініп, әсем киінуді, Жаратқан Иеміздің өздері үшін өмірге әкелген әсем бұйымдарды тұрмыста пайдалануға міндеттейді.

 
Ат қою

Балаға ат қою мәселесіне назар аударуымыздың бір себебі, жаңа дәуір-дің келуімен жаңаша есімдер пайда болып, қазіргі қазақтардың балаға ат қоюда таңдауы молайды. Дегенмен осы біз балаға дұрыс ат қойып жүрміз бе?!

 
Ұяла білу де – әдептілік

«Өлімнен ұят күшті», «Өзі ұялмаған кісі бетін шиедей қылады, ұялмаған бұйырмағаннан ішеді», «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі», «Ұлы сөзде ұят жоқ», «Ұяң адам – ұялшақ, ұятсыз адам – сұраншақ», «Білмегенді сұраудың ұяты жоқ», тағы басқа да халық мақал-мәтелдері мен ақын-жазушыларымыздың шығармаларында жиі кездесетін ұлағатты сөздер бізге ұят дегеннің анықтамасын, қағидаларын айқындап береді.

 
«Қыздар мектебінің» ғибраты

Ақұштап Бақтыгереева толғаныста-рындағы «Ана болу – әдебиеттің мәңгі тақырыбы» немесе «Ел басқарам, ұлтыма қызмет етем деп ұмтылатын ұл тумасақ, ұлтымыздың өлгені» деп келетін тіркестер ұлтын шын сүйген тұлғаның мазмұнды ойларға толы маржан сөздерінің қатарын толықтырса керек.

 
Зергерлік сәндік әшекей бұйымдар

Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген.

 
Туыстық атаулар

Бір атадан әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат үзілмей тараса жеті ата болады.

 

 
Туыстықты білдіретін сөздер

Ата – әкенің әкесі. Атаны жасы кішілер құрметпен «ақсақал», «қария» деп атайды.
Әже – әкенің шешесі. Ұлы мен келіні әжесінің айтқанын екі етпеуге тиіс.
Әке-шеше, ата-ана – дүниеге ұрпақ әкелген ерлі-зайыпты адамдар. Ұл мен қыз үшін бұлардан асқан адам жоқ.

 
Ұлт діңгегі – ұлттық тәрбиеде

Театр – өнердің төресі. Сахна – әртіспен сәнді. Театр әртісі ұлы өнерді танытады. Өнер адамын халқымыз  қашанда  үлгі тұтқан. Осы орайда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылып жатқан «Балалар үйінің, балабақша және мектеп бүлдіршіндерінің арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс шаралар өткізу» атты жоба аясында «Қыздар әлемі» порталының қонағы ретінде Астана қаласындағы Қалыбек Қуанышбаев атындағы драма театрдың әртісі Айнұр Жүгінісовамен жүргізілген сұхбатымызды ұсынамыз.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 Келесі > Соңғы >>

Страница 6 из 8

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:1273
Кеше:1922
Барлығы:3073071