2015 жылға арналған жұлдызнама

Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)

Сіз үшін өткен жылға есеп беріп, болашаққа жаңа жоспар құратын уақыт келді. Бала-шағасы бар ата-аналар үшін бұл жыл ерекше түсіністіктің жылы болмақ. Егер жаныңызды жегідей жейтін мәселелер пайда бола бастаса, оны тез арада шешуге тырысыңыз. Мазасыз тіршіліктен бас тартыңыз да, өзіңізге көңіл бөле бастаңыз. Жұрттың қамын жеп, қамқорлық жасау сіздің ғана маңдайыңызға жазылмаған. Жұмысыңыз кедергі келтіріп жүрген болса, демалыс алыңыз. Алғашқы жарты жылдықта мұндай өзгерістерді қабылдау қиын болғанымен, жаз айларынан бастап бәрі де қалпына түседі. Бұл жеке және қоғамдық өмірге де, жұмысқа да қатысты айтылған болжам. Ал тұрмыс құрмаған жастар шаруаның астында жүріп, ата-анаңызға қамқорлық жа-сауды ұмытпаңыз. Олардың бар берген тәрбиесі мен білімін есіңізге түсіріп, өмірде қолданыңыз. Себебі сізді жоғары мансап күтіп тұр. Бастаған ісіңізді әрқашан да аяғына дейін жеткізіңіз. Әріптестеріңізбен қарсыласып, бастығыңызға қарсы шығудың еш қажеті жоқ. Шыдамдылық танытсаңыз, күз айларында жұртшылық сіздің барлық талантыңыз бен іскерлігіңізге куә болады. Келе жатқан жаңа жыл тоқтылар үшін сәтті жыл болады. Олар бұл жылы адамдармен араласуды үйренеді. Соның арқасында жұмысы алға басады. Жұлдыздар бұл жылы тоқтылар көп досын жоғалтатындығын баяндайды. Сондықтан, ескі достарыңыздан артық жақын адамдардың болуы екіталай екенін естен шығармаңыз. Қаңтар айын демалысқа арнап, ақпаннан бастап ойға алған жоспарларыңызды іске асыруды бастаңыз. Тоқты табиғатынан мансапқа құмар. Ал мақсатқа жету үшін бұл жылы адамдармен түсінісуді үйренуі керек болады. Бұл жылы бизнес ашуға да мүмкіндік көп. Сіз - жақсы басқарушысыз. Бірақ қарамағыңыздағы адамдарға құрмет көрсетіп қарым-қатынас жасағаныңыз абзал. Бұл жылы тоқтылардың қаржылық жағдайы жақсы болады. Сондықтан, қайырымдылық жасауды ұмытып кетпеңіз.

Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр)

Жоқтық ұят емес, байлық мұрат емес деп бабаларымыз айтқандай өзіңізді, өмірдегі орныңызды, сүйген жарыңызды, мақсатыңызды іздеуді жалғастырыңыз. Айналаңыздағылардың сенімсіздіктеріне, мағынасыз әңгімелеріне назар аудармаңыз. Қайнап жатқан қазанның бетін жауып, мақсатқа жеткізер тура жолды таңдайтын уақыт жетті. Сәттілік сіздің жағыңызда. Қысқасы, осы жылы асқан белсенділік танытыңыз. Сонымен қатар, оқу орнын, жұмысыңыз немесе тұратын қалаңызды ауыстырғыңыз келіп жүрсе, қой жылы ең ыңғайлы кезең. Жақсы қызметке ие болу немесе қаржылық жағдайыңызды жақсарту туралы мақсат-мұраттарыңыз толығымен орындалады. Іскерлік семинарлар, тренингтер, ұзақ іссапарлар – сіз үшін өте пайдалы болады. Жалпы келер жылғы ең үлкен жетістік иегерлері – шығармашылық адамдары екен. Жұмыстан қатты шаршап жүрген Торпақтар үшін Қой жылының берер сыйы мол болмақ. Бірақ, жақындарыңызбен түсініспеушілік орын алуы мүмкін. Қарым-қатынасыңыз үзілген жандармен байланыс орнатудың, кәсіби ортада көшбасшылық қабілетіңізді танытып, бойыңызда жасырынып жатқан талантыңызды көрсететін уақыт туған секілді. Ойлаған дүниеңіз нәтижелі болу үшін өзіңіз қадам жасауыңыз керек. Жұлдыздар кей Торпақтардың жалыққан жұмыстарын тастап, жаңа қызметке ауысу ықтималдығы барын айтса, кейбіреулерінің шекара асып, қызмет жасауы әбден мүмкін екенін айтады. Сәуір және тамыз айларында көптеп ақша шығындайсыз. Сауда жасау кезінде ойланыңыз. Жұлдыздар кейін жаңа табыс көзі ашылуы ықтималдылығын айтады. Қой жылы Торпақтарды жыл соңына дейін үлкен күш-қуатпен жігерлендіріп отырады. Соған орай, ойлаған мақсаттар жүзеге асады. Жанұяңызбен отырып демалу сіздердің араларыңыздағы сыйластықтарыңызды арттырып қана қоймайды, энергетикалық жігеріңізді қалпына әкеледі. Торпақтар жылдың басында бір көргеннен ғашық болуы мүмкін.

Егіздер (21 мамыр – 20 маусым)

Жаңа жылдағы өзгерістер қаңтар айынан-ақ басталады. Бойыңызда бұрын-соңды болмаған күш пайда болып, белсенділігіңіз артады. Осы талпынысыңыз арқылы біршама жетістіктерге жетесіз. Адамдарға деген қарым-қатынасыңызға көңіл бөліңіз. Ойыңызда қосымша білім алу жоспары жүрген болса, уақыт созбастан, дәл осы жылы құжаттарыңызды тапсырыңыз, арты сәттіліктерге толы болмақ. Бұл жыл маңызды әрі елеулі оқиғаларға толы екенін ұмытпаңыз. Өзіңізді сынап көріңіз және кәсіби өсу мен биік жетістіктерге жеткізер қадамдарды қорықпай жасаңыз. Бәрі де өзіңіздің талпынысыңызға байланысты болмақ. Арман орындалатын күн де алыс емес деп сеніңіз. Қой жылы басталмай тұрып келер жылға жоспар құрады. 2015 жылы көптен бері ойға алған мақсаттарын жүзеге асырады. Әртүрлі саладағы адамдармен оңай тіл табысады. Жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылып, көп таныстар табады. Алғашқы махаббатын жолықтырып, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Ол өзгеріс отбасын құру, шетелге бару, мекен-жайын ауыстыру болуы мүмкін. Жыл бойында белсенді болып жүруіне махаббат әсер етеді. Өмірден таңғажайыптар күтіңіз. Алда жаңа таныстықтар мен қызметке байланысты ұсыныстар күтіп тұр. 2015 жылдың тамыз-қараша айларының аралығында қызметіңізде жоғарылауыңыз ықтимал. Шығармашылыққа қатысты істерде жол болады.

Шаян (21 маусым – 22 шілде)

2015 жыл сіз үшін сәтті өтпек. Әлемде, елде болып жатқан жаңалықтардан қапы қалмай, өз пайдаңызға қолданаңыз. Өйткені сіздің шығармашылық белсенділігіңіз күннен күнге артып келеді. Қой жылында алға қойған мақсаттарыңыздың көпшілігі орындалады. Сізді бизнес жолында көптеген табыстар күтіп тұр. Сондықтан өмірлік жоспарларыңызды тағы бір айқындап алыңыз. Үйіңізге және отбасыңызға көбірек уақыт бөліңіз. Жылдың алғашқы жартысында мансабыңыз өспек. Мақсаттарыңыз бен армандарыңыз бірте-бірте орындалып жатса, таң қалмаңыз. Өйткені бұл сіздің жылыңыз. Қыс айларында жұмысыңыз алға басады. Ата-аналарымыз үйреткендей сабырлық танытыңыз. Бастықтарға сіздің жұмысқа деген құлшынысыңыз бен өзіңізді көрсете білуіңіз ұнайды. Кәсібилігіңізді арттырудан жалықпаңыз. Жұлдыз жорамал бойынша шаян үшін келер жылы қаржы жағынан ұтылмайтын, ең белсенді және жігерлі жұмыс жасап, бизнес және проблемалары жоқ жылы болады. Белгісіздіктен қорқудың қажеті жоқ, жаңа адамдармен танысуға, іс мәселесінде жаңа қарым-қатынас бастауға жүрексінбеңіз. Бұл сізге қаржы жағынан тек табыс әкеліп, көптеген қиыншылықтарға байланысты шешім табуға көмегін береді. Жылдың алғашқы айларында сізде өз әріптестеріңізбен бәсекелес болуыңыз мүмкін. Жұмыстағы барыс-келіс тіпті шиеленісіп кетуі де ықтимал. Ешкімге тәуелді болмаудың өзіндік қызығы мен қаржылай бақ-дәулеті де болады. Сізде 2015 жылы шығармашылық пен қиын өткелдерден өтуде сәттілік болады. Қой жылының бірінші жартысында жүйке жүйесінің жұқаруы бойынша сізге қамқорлық керек. Қатты жұмысбастылыққа салынбай өз хоббиыңызбен айналысуға кеңес береміз. Табиғат аясына шығып демалу да сізді сергітеді. Тұрмыстағы стресс, жүйкенің жұқаруы адамның ішкі органдарына ықпал жасап, жаман аурулар тудыруы мүмкін. Шаяндар айналасындағы адамдарға мұқият болуы керек. Жолда кездескен адамдардың бірі сіздің махаббатыңыз болуы әбден мүмкін. Қой жылында сіздер бірнеше жаңа таныстар кездестіріп, өз жұбыңызды табасыз.

Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)

Өз өміріңізді қалай көргіңіз келсе, оны жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар. Сіз үшін қой жылында бизнес саласында оңтайлы жауаптар табылып, сәттілік серік болғалы тұр. Көктем – таңғажайып романтикаға толы кездесулер мезгілі. Қой жылы сіз үшін сезімге ерік беретін жыл болмақ. Егер әлі отбасын құрмасаңыз, іске кірісіңіз. Сәтті кездесулер үйлену тойына дейін апарады деген болжам бар. Көктемде, әсіресе сәуір айында жұмысыңызға ерекше көңіл бөлесіз. Маусым айынан бастап карьераңыздың өсуіне жол ашылмақ. Сонымен қатар, басқа жақтан ұсыныстар келіп түсуі мүмкін. Бәріне жауапкершілікпен қараңыз. Егер жеке бизнесіңіздің алға басқанын қаласаңыз, онда барлық сәттілікті күз айларында күтіңіз. Ата-анаңыз бен туыстарыңыз сізді қолдап, дұрыс шешім қабылдауға бағыттап отырады. Қой жылы арыстан белгісімен туған жандар үшін табысты әрі сәтті болғалы тұр. Жыл бойы қызу еңбек етіп, кейін керемет жерге демалысқа аттануыңыз мүмкін. Іссапарлар мен кездесулерге жиі жол түседі. Жұлдыздардың жорамалы бойынша, осы жылы жүйке жүйеңіз сыр беріп, денсаулығыңызға әсер етуі мүмкін. Жылдың соңғы үш айында яғни, күзде сізді толағай табыстар күтіп тұр. Әр жыл сайын күзде байқалатын салғырттықтан құтыласыз. Жаңа идея сізге жаңа мүмкіндіктер туғызады. Күш-жігеріңізді жаңа жобаға немесе нәтижелі іске жұмсауға дайын болыңыз. Жеке өміріңізге қатыстының барлығы 2015 жылы реттеледі. Шын сүйетін адамды тапсаңыз, қарым-қатынасыңыз адал әрі шынайы сезімге ұласады.

Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек)

Қой жылы сіз үшін ең сәтті жыл болғалы тұр. Қайсар жан екеніңізді естен шығармаңыз. Кез келген маңызды және қиын жұмысты еш қорықпастан бастап кете аласыз. Сіз үшін, әсіресе, жылдың екінші жартысы табысты болмақ. Алғашқы жарты жылдықта көп уақытыңызды отбасыңызға бөліңіз. Сонымен қатар қой жылында оқуға, саяхат жасап, демалуға көптеген мүмкіндіктер туады. Мүмкін емес деген нәрселердің өзін еш қорықпастан армандаңыз, биыл сол армандар орындалатын сәтті жыл болмақ. Шешім қабылдауда шорқақтық танытпаңыз. Өміріңізге кедергі жасайтын, түкке де керегі жоқ дүниелерден арылыңыз. Пайдалы әрі сауапты іс істеуге тырысыңыз. Бәрі сізден үлгі аларлықтай жақсы шаруа бітіріңіз. Жаныңыздағылардың көңіліне қараңыз, сізге ренжулі жандардың санын арттырып алмаңыз. Жаңа жылға жаңа деммен, жаңа мақсатпен қадам басыңыз. Жұлдызжорамал бойынша бикештерге 2015 жыл - жағымды жаңалықтар мен күтпеген тосын сыйларға толы болмақ. Достарыңыз бен жақын адамдарыңыздың кеңестеріне де құлақ асып жүргеніңіз абзал. Келер жылы бикештер өмірін өзгертуге тырысады. Сабырлы қалпында жүріп, төзімділік таныта білу – бикештердің өміріне оң өзгерістер әкеледі. Жалпы, қой жылы бикештер үшін қолайлы болады. 2015 жылы бикештердің мансап жолындағы жоғары өрлеуі қайшылықтарға толы. Десе де бұл жұлдызнама иелері ақшаларын орынды жұмсай білсе, мансап жолында да, отбасында да қиындықтар аса көп кездеспейді. Бастысы – өздеріне сену керек. Қой жылы бикештер қаржы қорын молайту үшін тәуекелге барудан қашпағаны абзал. Бикештер 2015 жылы қаржы мәселесі бойынша таршылық көрмейді.

Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)

Осы жылы көптеген мәселенің түйінін оңтайлы шешесіз. Сондықтан да төрімізге шыққалы отырған қой жылында жұмыста да, үйде де көптің назарында боласыз. Қазақ халқымызға дарыған қасиет қонақжайлығыңызды көрсетіңіз. Әріптестеріңізді, туыстарыңызды, жора-жолдастарыңызды ренжітіп алмауға тырысыңыз, арты жақсылыққа апармайды. Бұл жыл сізден еңбекқорлықты, төзімділік пен сабырлылықты күтеді. Тамыз, қыркүйек айларында өміріңізге елеулі өзгерістер енгізуден қорықпаңыз. Себебі, қараша айында сізді өте жағымды жаңалық күтіп тұр. Дәл қазір сіздің мәртебеңіз жеткілікті дәрежеде биік, сондықтан әріптестеріңіздің арасында көшбасшы болуға мүмкіндігіңіз бар. Тек теріс мінездеріңізді көрсетіп қойып жүрмеңіз. Керісінше, жан дүниеңізді тазартып, үлкен кісілерден бата алыңыз. «Баталы құлға бақ қонар». Жылдың басында көптеген сәтсіздіктермен дос болғаныңызбен, жыл ортасындағы саяхат пен тәжірибе алмасу сапары сіздің өміріңізді мәнді әрі қызықты ете түспек. Маңызды шешімдерді жеті рет өлшеп, бір рет кесуді ұмытпаңыз және ең сенімді серіктеріңізбен ақылдаса отырып қабылдаңыз.

Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)

Бұл жылы бірінші кезекке отбасы мен үй шаруасын қойған дұрыс болады. Белсенділігіңізді қоғамда емес, шаңырағыңызда көрсетіңіз. Аймалайтын анаң қымбат, асқар тауың әкең қымбат деп бекер айтылмаған. Жылдың ортасы мен соңында жан дүниеңізде көптеген өзгерістер болуы мүмкін. Бірден жоғарыға ұмтылудың қажеті жоқ, алдымен өзіңізге не керек екендігін анықтап алыңыз. Жаңа үй тұрғызуға не ескі үйіңізде жөндеу жұмыстарын жасауға кіріссеңіз жөн болар еді. Осылай күшіңіз жұмысқа да, үй шаруасына жетерлігін дәлелдеңіз. Қой жылында жеке өміріңізде келеңсіз жағдайлар бола қоймайды. Жыл басталысымен-ақ өзіңіздің басқаға керек екендігіңізді сезініп, бақытты күй кешесіз. Бұл жыл БАҚ-та жұмыс жасайтын сарышаяндар үшін қолайлы болмақ. Екінші жарты жылдықта дизайнерлер мен шығармашылық адамдарды сәттілік күтіп тұр. Десе де мансап өсіру үшін жанталасудың қажеті шамалы. Шаршасаңыз, өзіңізге демалыс жариялаңыз да табиғат аясында тыныстап қайтыңыз. Ләззат, шабыт сезіміне кенелесіз.

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)

Келер жыл сіз үшін ең бақытты жыл болғалы тұр. Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық. Тек ретімен шатастырып алмаңыз. Сонда бәрі де дұрыс болады. Оптимизмнен қашпай, тек позитивті күн кешуге тырысыңыз. Айналаңыздағыларды таңдандырып, тек күліп жүріңіз. Жоқ, жалғандықтың еш керегі жоқ. Бәрінің тек шынайы болғаны дұрыс. Егер балаларыңыз болса, оларға көп уақытыңызды жұмсаңыз. Сіз шығарып салған жылдан қалған сенім келер жылы біраз істің басын қайырып тастауға жетеді. Шектен тыс өркөкіректік танытудан сақтаныңыз. Егер бұл мінезіңізге бой берсеңіз, біраз жақсы адамдармен байланысыңыз үзіліп қалуы мүмкін. Салмақты қатынас үшін сабырлылық керек. Имандылығыңызды арттырыңыз. Нағыз шешуші кезеңге жетіп қалғаныңыз есіңізден шықпасын. Жұмыс ауыстыруыңыз ықтимал. Бұл жыл, сіз үшін, шешім қабылдау мен тәуекелге бел буудың жылы болмақ. Осылай өзіңізге деген сеніміңіз нығая түседі. Өзіңізді бағалай құрметтеу арқылы жаныңыздағылардың пікірін айтарлықтай өзгертесіз.

Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)

Биыл жүрген ортаңызда мерейіңіз үстем болып, дәрежеңіз арта түседі. Ең бастысы – басқаны тыңдаудан бас тартпаңыз. Дәрежеңіздің көтерілуі соған байланысты. Мынау есіңізде болсын: қой жылында қиылған некенің ғұмыры ұзақ та, баянды болмақ. Сондықтан бойдақ жандар ойланғаны абзал. Қандай қиындық болмасын сіз жеңе аласыз, соны ұмытпаңыз! Жылдың алғашқы жартысы тынымсыз болғанымен екінші жарты жылдықта байсалды өмір кешесіз. Жаныңыз қалаған іспен шұғылданыңыз. Махаббат мәселесінде анау айтқандай қиын мәселе болмайды. Күз айы жұмысыңыздың өрге басар мезгілі дей беруге де болады. Сіз өз биігіңізге асықпай, аяңдап жетесіз. Тек наурыз айында өзіңізді қай істе көргіңіз келетіндігін анықтап алып, сол бағытқа қарай жүргеніңіз жөн. Қой жылы сізден көп мөлшерде сабырлық пен төзімділік күтеді. Бастаған істі аяқсыз қалдырсаңыз, еңбегіңіздің жемісін күтпеңіз. Ал қараша айында сізге жаңа жұмыс тапсырылады. Сенімді жұмыс! Жауапкершіліктен қашпаңыз. Ауырдың астымен жүрмеуге тырысыңыз.

Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)

Арманға жету үшін жеңіл жолды таңдау оңай болғанымен одан түк шықпайтынын түсініңіз. Бұл жыл сізден төзім мен ақылды қажет етеді. Жыл бойы сіңірген еңбегіңіздің жемісін қараша айында көретін боласыз. Тәуекелге бел буып үйреніңіз! Күштілер мен тәуекелшілдерді таңғажайып сыйлықтар күтіп тұр. Бастысы – өзіңізге нақты ненің керек екендігін білу.Егер іске құлшыныспен кірісер болсаңыз ол міндетті түрде жемісті болады. Екінші жартыңыз сізді үнемі қолдап, құлшынысыңызды арттырып отырады. Қараша айында өміріңізде айтарлықтай оң өзгеріс болады. «Баламен дос болсаң бала боларсың, қариямен дос болсаң дана боласың». Айналаңызда қандай адамдар жүргенін қараңыз. Осы жылы өзіңізге деген сенімділік пен белсенділігіңіздің арқасында мансабыңызды өсіре аласыз. Алдын ала жақсы жоспар құрып алғаныңыз дұрыс. Жоспарды қаңтар айынан бастаңыз, ең белсенді уақытыңыз – қазан мен қараша айлары.

Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)

Сіз осы уақытқа дейін жақындарыңызға үнемі қамқор болып келдіңіз, енді өзіңізді ойлайтын кез келді. Жаңа жылда көптеген саяхаттар күтіп тұр. Ой-өрісіңіз, біліміңізді кеңейте түсесіз, жұмысқа керек тәжірибе жинақтаудың жаңа мүмкіндіктері туады. Білгеніңізді басқамен бөлісуде тартынбаңыз, ұжымға бірігіп істеген жұмысыңыз жемісті болады. Әсіресе мамыр айында менмендік қасиетті тізгіндеп ұстауға тура келеді, бұл қасиет жақсылыққа апармайтынын түсініңіз. Жұмыста қиындықтар туып жатса, әңгіменің басын ашып бәрін тек бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз. Егер сабыр сақтасаңыз, сіздің ұйымшыл топ құруға мол мүмкіндігіңіз бар. Барлық жұлдыздар сізге махаббат жолында көмектесуге әзір. Жаныңыздағылар мен өзіңіздің ішіңізге қайта үңіліп көріңіз. Жылдың ең елеулі оқиғалары қараша айында болмақ. Жауапкершіліктен қашпаңыз. Түрлі жобалар мен шараларға бел шеше кіріскеніңіз өзіңізге тиімді. Жұлдыздардың жорамалынша, жыл соңыңда сізге қамқор және еңбекқор адам жолығады.

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:1259
Кеше:1922
Барлығы:3073057