2011 жылға арналған жұлдызнама

Тоқты
Келер жыл тоқтылар үшін тосынсыйға толы. Олардың жағымдысымен қатар жағымсызы да бар. Мәселен, жақыным деп жарылқап жүрген жандарыңыз күтпеген жерден сан соқтырып кетуі мүмкін. Келер жыл тоқтылардың денсаулығын біраз сынға алады, бірақ тоқтыларға табиғатынан берілген мықты иммунитет барлық аурулардан аман шығуға көмектеседі. Мансап сатысымен көтерілу үшін көжек жылы өте сәтті болмақ. Табыс пен сәттілік сіздің сенімді серігіңіз болады. Сондай-ақ серіктестікті билікке жақын адамдармен де орната аласыз. Бұл ыңғайлы сәтті қолдан жіберіп алмай, барынша қолданып қалуға тырысығыз. Наурыз бен сәуір айларында қалтаңыз шығын көтерсе, мамыр мен қыркүйек айларында мол табысқа кеңелуіңіз мүмкін. Жылдың алғаш-қы ширегі жаңа таныстыққа толы. Бірақ оларға аса үлкен үміт артпағаныңыз жөн, шынайы сезімнің шарықтау кезеңі қыркүйек айына келіп тұр.

Торпақ
2011 жылы торпақтарды қызмет бабында көптеген өзгерістер күтіп тұр. Сіздер үшін бұл жыл көптеген қызығымен есте қалмақ. Ерінбей еңбек еткеннің арқасында, көптен күткен іс оң шешімін табады. Шетелге шыққан торпақтардың өмірі үлкен өзгеріске ұшырауы ықтимал. Жақсы достар тауып, олардың көмегіне сене аласыз. Торпақтардың денсаулығы темірдей. Алайда қыркүйек айында жарақат алып қалу қаупі тұр. Сәуір айының соңы жол жүріп, іс тындыруға өте қолайлы. Алға қойған мақсаттарыңызбен бөліспес бұрын, әр қадамыңызды өлшеп басқаныңыз жөн. Соның арқасында ойдағыдай жүзеге асады. Дарақылықтан сақ болыңыз, қаражат алдағы ірі істі тындыруда қажет болады. Тәуекелділіктен табыс табамын деп те ойламаңыз. Ақылмен өлшенген адал іс түбінде оң нәтиже берері сөзсіз.

Егіздер
2011 жыл егіздерге өзге адамдармен достық қарым-қатынас орнатуда қиындық алып келуі мүмкін. Тым ашықтық пен ақкөңілділік танытудан аулақ болыңыз. Сіздің дос-жарандарыңыздың қатары сиреуі мүмкін. Денсаулығыңыз бірқалыпты, сыр бере қоймайды. Қаржы саласында аяқасты өзгерістер болады деп күтілуде. Жылдың соңында біраз іс оң шешімін тауып, табысты келісімдерге қол қойылады. Отбасылық өмірде біраз түсініспеушілік орын алады. Осы жылы байқалмай жүрген өнерлеріңіз ашылуы мүмкін. Ал қаржы жағында біраз тұрақсыздық байқалады. Сіз үшін ең қолайлы кезең сәуір айы бол-ғандықтан, жылдың басында өз күшіңізге сеніп, біраз іс тындырып алуға асығыңыз. Соның арқасында қаржы мәселесіне жыл бойы алаңдамай-ақ қоюыңызға болады. Ал егер еріншектікке бой алдырсаңыз, жыл соңында ақша жағынан қысым көруіңіз мүмкін. Махаббат саласында оң өзгеріс байқалады. Жаңа танысулар күшті сезімге ұласып, отбасы құруға ең ыңғайлы кез.

Шаян
Қоян жылы қоныс аударғысы келетіндер үшін қолайлы болмақ. Алға қойған мақсаттарыңыз ойдағыдай жүзеге ассын десеңіз, айналаңыздағылардың ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз. Отбасыңыздың да қам-қарекетін қамдап қоюды ұмытпаңыз. Сондай-ақ шаяндардың өзіне қатысы жоқ жұмыстардан аулақ жүргені жөн. Бұл жыл сіздер үшін тыныш әрі бір қалыпты өтеді. Соған қарамастан, жағымды оқиғалар да жиі қуантады деп күтілуде. Жүйкеңізді болмашы нәрсеге жұмсамағаныңыз дұрыс. Неғұрлым көтеріңкі көңіл-күйде жүрсеңіз, соғұрлым келеңсіздіктер де көлеңкеде қалып жатады. Көтеріңкі көңілмен қандай жұмыс-ты бастасаңыз да, соңы сәтті аяқталады. Сондықтан алдағы жылға сенімді жоспар құра беріңіз. Тіпті, махаббат тақырыбында да сәттілік күтіп тұр. Яғни, осы жылы өз өмірлік серігіңізді табасыз деп жорамалдайды жұлдыздар. Ал отбасылы шаяндардың шаңырағы тағы бір жанмен толығуы мүмкін.

Арыстан
Шаршаудың өзіне мүмкіндік бермейтін қым-қуыт жылға қадам басады. Ұнжырғаңызды түсірмеуге тырысыңыз. Жаңа жобалардан жақсы нәтиже күтуге әлі ерте. Жыл ортасында қаражатқа қатысты түсініспеушіліктер орын алып, аз-кем қолайсыздыққа тап боласыз. Келер жылдан көп нәрсені үйренуге болады. Осы жылы шетелге саяхатқа шығып, таныстарыңыздың санын толықтырасыз. Сондай-ақ қоян жылы биыл жіберген кемші-ліктердің де орнын толтыруға қолайлы. Яғни, бұл жыл сіздер үшін жемісті әрі табысты жыл болғалы тұр. Әсіресе, жыл соңында мол табысқа кенелгелі тұрсыз. Алайда осы жолда сәл сабырлық танытқаныңыз абзал, әйтпегенде тиесілі үлесіңізден айырылып қалуыңыз ғажап емес. Сондай-ақ жалқаулықты қойып, бастаған ісіңізді аяғына дейін жеткізетін болсаңыз, Қоян жылынан ұтарыңыз көп.

Бикеш
Бұл жылы белсенділік танытудың арқасында батыл бастамалардың бел ортасынан табылып, жыл басында-ақ соның жемісін татуыңыз мүмкін. Алайда мойныңызға артық салмақ артудың қажеті жоқ. Жылды өте әсерлі өткеру жолында аянып қалмағаныңыз жөн. Өміріндегі қандай да бір өзгерістерге дайын болыңыз. Себебі 2011 жыл сіздің отбасыңызға, жеке өміріңізге жағымды жаңалықтар әкеледі деп күтілуде. Алайда бұл жыл ішінде келеңсіздіктер де сізді айналып өтпейді, әсіресе махаббат тақырыбында. Алайда оның ойдағыдай шешілуі тек өзіңізге байланысты. Сондай-ақ бұрын басыңыздан өткен әлдебір жайттар тағы да қайталануы мүмкін. Кәсіби жолыңызда туындаған бұл жайттармен бұрын қайталанғандай күй кешесіз. Жеке өміріңізде оң өзгерістер орын алады. Жыл басындағы кейбір түсініспеушіліктерді есепке алмағанда, биылғы жыл сіз үшін бірқалыпты өтеді. Жыл бойы шыдамдылық танытқандар ғана шың басына шыға алды.

Таразы
Сіз үшін бұл жылдың маңызы зор. Әріптестерді таңдау еркі өзіңізге бұйырады және одан қателеспейсіз. Отбасында оны-мұны жағдайлар орын алса, аса көп уайымдаудың қажеті жоқ. Қай іске кіріссеңіз де, түбінде одан жеңім-паз болып шығасыз. Алайда шаруа деп орынсыз шаршай берудің де пайдасы шамалы. Демалыс жағын да анда-санда ойлап қойғаныңыз жөн. Күшіңізді бағаламай, әрбір іске кірісе берудің қажеті жоқ. Сезім мәселесінде жарқын өзгерістер сезілмейді. Сондай-ақ ақша жағынан да «алақайлайтын» сәттер аз. Ал шығармашылық жолындағы жандар үшін бұл жылды сәтті деп санауға болады. Жыл аяғында асығыңыз алшысынан түсіп, бір жақсылыққа кеңелуіңіз мүмкін. Бір қарағанда жаңа жыл сіздің ырқыңызға бағынатындай көрінуі мүмкін, бірақ сіз от тигізе тұтанғалы тұрған май секілдісіз. Сондықтан бұл күндері барынша салмақты болуға тырысыңыз. Мұның ортақ іске де пайдасы тиеді.

Сарышаян
2011 жылы сарышаяндар қордаланып қалған мәселелерін шешуде біреуге сенбегендері жөн. Тек белсенділік танытсаңыз ғана бастаған ісіңіз табыс әкелуі мүмкін. Сондай-ақ жұмысыңыздағы тұрақсыздықтар не кәсіби жоғарылауға, не басқа жұмысқа ауысуыңызға себеп болады. Жаңа жұмыс туралы пайдалы ұсыныстар алғашқы жартыжылдықта кеп түседі. Сондай-ақ осы кезеңде денсаулығыңызға да аса мән бергеніңіз дұрыс. Ал жылдың екінші жартысы тиімді серіктестік орнатуға қолайлы. Алайда бірінші кезіккен адаммен ортақ іс ашуға асықпаңыз. Шыдамдылық пен еңбекқорлықтың нәтижесінде еңбегіңіз жанып, мол табысқа кеңелесіз. Жыл соңына қарай жекебас мәселелері де оңтайлы шешіледі деп күтілуде. Ерлі-зайыптық қатынас әлде қайда қыза түсіп, ал басы бос сарышаяндар өз сыңарларын табуы мүмкін.

Мерген
Жыл басында көптен берi қолға алған iсiңiздi аяғына дейiн жеткiзiп, тынышталасыз. Мазалап жүрген қаржы мәселесін жыл басында реттеп алғаныңыз жөн. Жұмыста жетістіктерге жету үшін көп еңбектенгеніңіз жөн. Соның арқасында қазынаңыз біраз майланып қалады. Жыл ортасында шаруаларыңыз шешіліп, достарыңызбен бас қосасыз. Көп шаруаның арасында үлгере алмай дал болып жүрсiз. Уайымдамаңыз, жақындарыңыз жасамаған қолдауды достарыңыздан көресiз. Денсаулығыңыз-ға абай болғаныңыз жөн. Қызметiңiзде ешқандай өзгерiстер бола қоймайды. Бiрақ жеке басыңызда өмiрiңiздi өзгертетiн жаңалық баршылық. Өткен жылдағы жағымды жаңалық сiздiң жұмысқа деген құштарлығыңызды арттырады. Соның арқасында шаруаларыңызды уақытынан бұрын орындап тастайсыз. Алайда, бiр iстi бастамас бұрын ақылға салып, ойланып алғаныңыз жөн.

Тауешкі
Тауешкілердің жұмыс-қа деген ынтасы әлсіреуі мүмкін. Қазан айы қызықты, аяқасты танысулармен ерекшеленетін болады. Олар көбіне достық қарым-қаты-наста өрбиді. Өмірлік мәні бар оқиғалар Тауешкілерді жыл ортасында, яғни тамыз айында күтеді. Бұл уақытта сіздерге мөлшерсіз ақша жұмсап немесе қарызға беруге болмайды. Денсаулығыңыз наурыз айында сыр беруі мүмкін. Бірақ тез арада сауығып кетесіз. Қызмет бабы бір қалыпты, қиындық бола қалған жағдайдың өзінде дос-жарандарыңыз жалғыз қалдырмайды. 2011 жыл Тауешкілер қызметіне емес, отбасылық, жеке өміріне көбірек көңіл бөлгені жөн. Қаржы жағынан Қоян жылы та-бысты болады. Әрбір бастаған ісіңіз оң нәтиже береді. Дегенмен кейбір адамдар сіздің қаржылық жұмыстарыңызға кірігуі мүмкін, сондықтан сырыңызды кім-көрінгенге аша бермеңіз. Махаббат майданы машақатқа толы. Алайда асқан ақылдылық танытсаңыз, бұл тығырықтан да оп-оңай құтылып кете аласыз.

Суқұйғыш

2011 жыл суқұйғыштар үшін сынға толы болмақ. Сол себепті, кейбір жағдайлардың итермелегеніне қарамастан, тәуекелге барудан аулақ болғаныңыз абзал. Қоян жылы рухани-дүниетанымдық құндылықтарыңызды да құнттап алуға ыңғайлы жыл. Алайда, рухани нәзік әлемге енемін деп, иллюзияға беріліп кетуден сақ болыңыз. Қоян белгісінде туған суқұйғыштардың денсаулығы ақпан, наурыз және маусым айларында сыр беруі мүмкін. Сондықтан медициналық тексеруден алдын-ала өтіп алған дұрыс. Мамандық пен мансап саласында айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды. Соған қарамастан қызметтес адамдармен тығыз қарым-қатынас орнатудан аулақ болыңыз. Қаражат жағы да бұл жылы аса жарқын жаңалығымен қуантпайды. Бірақ лоторея ұту сияқты мүмкіндіктер қазынаңызды бос қалдырмайды. Бір қуантатыны, романтикалық сезімдеріңіз дәл осы жылы бір серпіліп, жаңа танысулар соңы үлкен сезімге ұласады деп болжайды жұлдыздар.

Балықтар
2011 жылы балықтар қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен ерекшеленеді. Достары мен жақсы таныстарының арқасында қызмет бабында да ілгерілеу-шілік байқалады. Отбасымен бірге демалуда шетелге жол түсіп тұр. Бұл сапар әсіресе денсаулығыңыз үшін пайдалы. Себебі, келесі жылы тұмау, суық тию сынды жеңіл аурулар мазаңызды кетіруі мүмкін. Аса қолайсыз айлар – ақпан және наурыз. Қызмет бабында сізді достарыңыз қолдайды. Соған қарамастан, мансап жолында біраз кикіл-жіңдер орын алуы мүмкін. Көжек жылы қазынаңыз да қаражат жағынан жоқшылық көрмейді, соған қарай біраз шашылуыңызға да тура келеді. Еңбегіңіз жанып, соның жемісін көресіз. Алайда бұл жетістікке тек асқан шыдамдылық пен төзім-діліктің арқасында қол жеткізе аласыз. Басы бостар үшін, махаббат тақырыбында асығыстық танытпағаныңыз абзал.

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:1259
Кеше:1922
Барлығы:3073057