Қыздарға әсемдік жарасады
Зергерлік сәндік әшекей бұйымдар

Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген.

 
Сымбатты болу өз қолыңда

Сұлулық - адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс.
Адам анадан сырт бейнесі сұлу болып туылуы мүмкін. Адам сұлулығы оның бет мүшелерінің жұрт мойындаған әдемілігі мен олардың үйлесімділігіне, бойының сымбаттылығына, үнінің әуезділігіне, шырайының тазалығына, көзінің нұрлылығына, шашының жібектей төгілгендігіне байланысты сипатталады.

 
Гирсутизм

Денеге түктің шамадан көп шығуын, яғни жүндестікті медицинада осылай атайды. Мұндайда әйелдерге мұрт, сақал өседі, кеуделеріне, білектеріне, аяқтарына жүн қаптап кетеді. Бойжете бастаған қыздардың денелеріне де жүн шыға бастауы мүмкін. Әйелдерге сақал-мұрт шығу тұқым қуалаушылық пен эндокрит жүйелері ауруға шалдығу салдарынан болады.

 
Шаш күту сырлары

Шаш екі бөліктен: терінің сыртына өсіп шығатын шаш талынан және терінің астындағы түбірден тұрады. Шаш түбірі шаш фолликулына (қалтасына) орналасады. Фолликулар қан жүретін тамырлармен, невртермен және май бездері мен байланысады.

 
Сұлу болу, сау болу – өз қолыңда!

Адамның, соның ішінде қыз-келіншектердің реңді де сұлу болуы өздеріне байланысты. Себебі сұлулықтың негізі – денсаулық. Бірақ адамдардың көпшілігі, әсіресе жастар мен бойжеткендер денсаулық жайын мүлдем ойламайды, өйткені бұл кезде оларды ауру-сырқау мазаламаса, өздерін өмір бойы ауырмайтындай сезінеді.

 
Киім үтіктеу құпиялары

Ең бастысы үтіктейтін киім – таза болуы шарт.
Үтіктемес бұрын киімнің тесіктері болса, жамап-жасқап қою керек. Әйтпесе, ыстыққа киім созылып, жыртығы ұлғайып кетеді.
Жуылған заттар қатты кеуіп кетпесін. Қаудыр-лап кепкен болса, кір үтіктейтін үстелге ақ жайманы сулап, дымқыл күйінде жайып, соның үстіне үтіктейді.

 
Тырнақ күтімі

Тырнағыңызға ешқандай лаксыз-ақ, жақсы маникюр жасағыңыз келсе, мына ережелерді мұқият есте сақтаңыз:
Біріншіден, тырнағыңызды ретке келтірмес-тен бұрын қолыңызды 3-5 минутқа сабынды суға немесе түймедағы (ромашка) тұнбасын салып, тырнақ пен қолдың терісін жұмсартып алыңыз.

 
Кешкі макияж

Қазір мектеп бітіру, арнаулы немесе жоғары оқу орнын бітіру кешінің қарсаңы. Бұл кеште әрбір қыз өзінше ерекше болғысы келеді. Сондықтан мектеп, колледж, университет бітіруші бойжеткендерге арнап кешкі макияж жасаудың бірнеше ережесін ұсынамыз.

Nude макияж - нәзік, романтикалық бейне. Қарапайым шаш үлгісінің көмегімен бетіңіз мүмкіндігінше ашық көрінеді. Макияждың бұл түрінде мінсіз таза теріге назар аударылады. Ашық тень мен көлемді кірпік сүрмесі сіздің көзқарасыңызға ерекше сән береді. Ал сенің мерекелік бейнеңді көйлегің түстес сырға толықтыра түсері сөзсіз.

 
Тыңдай білесің бе?

Көбіміз бізге айтылып жатқан нәрсені тыңдай білмейміз. Ал сенің ондай дағдың жақсы қалыптасқан ба? Ол үшін мына тест сұрақтарына жауап беріп көр.

 
Көктемдегі бет күтімі

Құлпырып көктем де келді. Бұл кез табиғаттың да адамның да түрленетін шағы. Сондықтан көктемде бет көп күтімді қажет етеді. Сондықтан бүгін бет күтімі жайлы кеңестер береміз.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 Келесі > Соңғы >>

Страница 2 из 4

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:395
Кеше:966
Барлығы:3038222