Қыздарға әсемдік жарасады
Қоғамдық орындарда қыздар өздерін қалай ұстағандары жөн?

Қоғамдық орындарда қыздар өздерін аса сыпайы ұстағандары абзал. Ондай орындарға жалғыз барғандары келіспейді-ақ. Дос қыздармен немесе дос балалармен, туыстарымен баруына болады. Кино, театрдан кешігіп қалсаңдар, жұрттың мазасын алмай, кез-келген тақау тұрған орынға отыра салыңдар.

 
Ғайнеш апаңыздан рецепт

«Шығыс» пирогы
Дайындалуы:
Тоңазытқышқа алдын - ала қойылып, салқындатылған маргаринді пышақпен уақтап жонып кесіп, оған жоғарыда аталған қаймақ, 2 жұмыртқаның саруызын салып араластырып, ұнды аз - аздан салып, жұмсақтау етіп қамыр илеу керек. Пайда болған қамырды 1-2 сағатқа тоңазытқышқа қойып,  салқындатып алу керек.

 
Беттегі секпіл және безеу, оны кетіру жолдары туралы кеңес

Биолог маман Зура Мейірханованың дәрігерлік кеңесін ұсынамыз.
Секпіл – терідегі дөңгелек не сопақша пішінді, ашық сары, қара қоңыр түсті дақ. Әдетте бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде болады. Кейде, әсіресе көктемгі және жазғы маусымда секпілдің көбейіп кететіні соншалық, олар бір-бірімен қосылып, тұтас  қоңырқай дақтарға айналады. Қыстыгүні  секпіл біржола жойылып кетпесе де, бұрынғысынан азая түседі. Жас ұлғая келе, көбінесе 30-дан асқан соң, секпіл өз-өзінен жоғалады. Секпілді біржолата жоюдың амалы жоқ. Дегенмен де алдын-ала жасалатын емдік шаралардың мәні зор.

 
Сұлулық сырлары

Өткен санымызда берілген киіне білеміз бе тақырыбындағы кеңесімізді жалғастырамыз.
Қыздар мен әйел адамдар үшін айналасындағыларға жағымды әсер қалдыруға көмектесетін негізгі нәрселер:

  • әдемі киім;
  • көз тартарлық шаш үлгісі;
  • жұқалтаң бояу (макияж);
  • ажарлы аксессуарлар.


Егер өзіңізге назар аударғанын қаласаңыз мына кеңестерді естен шығармаңыз.

 
Өзін көпшілік ортада ұстау әдебі

ТӘРБИЕЛІ ҚЫЗДАР
Көпшілік ортада:

  • Ол үнемі өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды. Өзін өзгелерге кедерге келтірмейтіндей ұстайды.
  • Біреумен сөйлесіп тұрып сағыз шайнамайды.
  • Шайнаған сағызын жерге түкіріп тастамайды немесе үстелге, орындыққа, қабырғаға жапсырмайды.
  • Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жібереді.
  • Өтіп бар жатып тайып кеткен кісіне сүйеу болады.
  • Қоғамдық көлікте үлкендер мен балалы әйелдерді өткізіп жібереді, оларға орын береді.
  • Автобустан шығарда алдындағы кісілерді итергілемей, сыпай ғана өткізіп жіберуді сұрайды.
  • Көліктен түсерде қарттар мен балалы әйелдерге көмектеседі.
 
Киіне білеміз бе?

Үй киімі

Үйге киетін киімді бәріміз бірдей арнайы тіктіреміз бе (халаттан басқасын)? Көпшілігіміз мұның артық шығын екеніне сенімдіміз. Осылайша сәннен шыққан ескі киімдерімізді үйге киеміз. Бұл мүлде дұрыс емес. Үйде біз туыстарымыз бен кішкентай бауырларымыздың ортасында тек жүріс-тұрысымызбен ғана емес киімізбен де үлгі бола білуіміз керек. Әдетте біз ыңғайлы әдемі киімнің көңіл күйімізді көтеріп, ең іш пыстырарлық деген шаруаның өзін жылдам бітіруге әсер ететінін ұмытып кетіп жатамыз.
Үйге киетін киімнің шыттан, сатиннен т.б. табиғи матадан тігілгені жөн. Үй киімі жиі жуылатындықтан, аталған маталар судан да, үтіктен де қорықпайды. Үй киімінің кең таралған түстері – жіңішке сызық, майда және орташа шатыраш, ала және бір түсті маталар.
Үй киімінің ішіндегі ең жеңіл әрі ыңғайлысы үй шаруасын жасауға қолайлы көйлектер мен көйлек-халаттар, қарапайым үлгідегі белдемшелер мен қысқа немесе жартылай қысқа жеңді кеудешелер. Дене бітімі сымбатты жастардың үйге қыста – ұзын, ал жазда – тізеден төмен шалбар киюіне болады.
Сонымен қатар киімді шаң мен ластан қорғайтын алшапқыштар  мен ас үйде және тазалық жұмыстарын жасағанда қиық орамал тартқан дұрыс. Егер бұлар көйлек немесе кеудешеңізбен бірдей матадан тігілсе, ерекше үйлесіп тұрары сөзсіз. Үй киімінің қалтамен болғаны жөн.

 

* * * *

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын
Үлкенннің алдын кесіп сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген ізгі салтын -         
дегендей біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады.

* * * *

«Қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген теңеулер қыз баланың ұқыптылығы, шеберлігі деп біледі. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігіне жанының нәзіктілігіне әрі іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай мәпелеп өсіреді.

* * * *

Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз. Себебі бүгін отбасында еркелеп ұстап отырған қыздардың күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын айтсақ та жеткілікті.

 
Бояулар мен макияж


Жақсы киінумен қатар өзіңнің сырт келбетіңді толықтырып, киіміңе үйлесіп тұратындай бояна білу де керек. Яғни сәндік бояулар жөнінде әңгіме етпекпіз.
Алдымен мына нәрсені ескерткіміз келеді. Бояулар өзіңді күтіп, дұрыс ұйықтап, ас ішуде мөлшер сақтап, таза ауада сейілдеп, күн сайын таңертеңгілік жаттығу жасап жүсең ғана, қажетті әсер бере алады.
Сәндік бояуларды қалай қолдануға болады? Ең алдымен өз бет пішініңнің ерекшелігін ескергенің жөн. Дұрыс жағылған бояу сенің келбетіңді ашып, шашың мен сырт пішініңді қайталанбастай етіп көрсетеді.
Макияж күндізгі, кешкі, іскери, мерекелік және карнавалдық бөліп бөлінеді. Сондықтан макияждың өз бейнеңе сай келетіндей табиғи болуы аса маңызды. Бұл орайда сәнге еліктеудің керегі жоқ, өйткені сырт келбетіңе қайталанбас көрік беріп, сұлулығыңды асырып, кемшілігіңді жасырып тұратын бояу ғана сәнді болмақ.

 
Жақсы әдеп сабақтары

Жүріс

Жақсы жүру мен денені ұстау адамның сырт келбеті үшін маңызды болып табылады.
Айналаңа зер салып қарасаң көшеде адамдардың қалай жүретінін байқайсың: біреу иығын салбыратып, енді біреуінің қолы жан-жаққа сермеліп, ана біреуі аяғын сүйретіп, ал бір қыздар сәнбикелер сияқты бөксесін бұғаңдатып дегендей. Әркімнің өзінше ерекше екені белгілі, бірақ сол кісілер өз жүрісін айнадан көріп, жұрттың алдына өздерін қалай ұстайтынын көрсе ғой.

 
Шаш күтіміне арналған кеңестер

Шашты жуып орамалмен кептіргеннен кейін жуан тісті тарақпен тарайды. Сондай-ақ оны ұшынан бастап тараған жөн.
Ал шашты фенмен кептірген жағдайда оның режимін жылыға қойып, 15-20 см. қашықтықта 20 минуттай ұстап тұрып кептіреді. Бұлай кептірген шашқа ешқандай зиян келмейді. Егер шашты тез кептіргіңіз келсе феннің режимін күшейту керек. Мұндай да ыстық ауамен кептірмес бұрын шашқа арнайы ласьон жағу керек.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 Келесі > Соңғы >>

Страница 3 из 4

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:570
Кеше:1699
Барлығы:3036692