Горманальды контрацептивтер

Қазіргі уақытта жасөспірім қыздар мен жас қыздар арасында жүкті болып қалу фактілері жиі кездеседі. Мұның көпшілігі біздің қыздарымыз-дың жүктіліктен сақтану жолдарын білмеуінен болып жатады. Кейбіреулері бұл тақырыпта анасымен сөйлесуге бата алмайды. Сондықтан да біз бүгін қыздарға жүктіліктен сақтанудың бірнеше жолын ұсынуды жөн санадық.

Біз бүгін жүктіліктен сақтану жолдарының ішіндегі ең тиімдісі гормональды контрацептивтер туралы кеңірек әңгімелейміз.
Гормональды  контрацептивтер тиімділігімен қоса денсаулыққа да аса көп зиян келтірмейді. Бұл овуляцияны (ұрықтың пісіп-жетілуін)  тежеп, аналық ұрықтың аталық ұрықпен  кездесуіне кедергі келтіріп қана қоймай, ұрықтанған жұмыртқаның жатырға бекімеуіне тосқауыл қояды. Егер бұл тәсілді жете меңгеріп, дұрыс пайдалансаңыз, жүкті болып қалу қаупінен толық арыласыз.
Горманальды  контрацептивтердің таблетка және егілетін түрлері бар. Таблеткалардың өзі 3 түрге бөлінеді: 1,2, және 3 фазалық болып. Бір фазалы (бір қораптағы) таблеткалардың бір-бірінен еш айрмашылығы жоқ, әр күні кез-келгенін алып іше беруге болады. бұл - өте мықтысы, бірақ көбінесемұны әйел ағзасы көтере алмайды. Екі фазалы таблеткалардың бір-бірінен айырмашылығы бар және оларды белгілі бір ретпен (кез келгенін емес) ішу керек. Бұның бір фазалыдан гөрі әсері төмендеу болғанымен, ағзаға ауыр емес.  Үш фазалы таблеткалар бір-біріне мүлде ұқсамайды, бұларды арнайы кесте (схема) бойынша ішеді.
Бұл таблеткалардың аса зияны жоқ, сол себепті бойжеткен қыздарға осы үш фазалы таблеткаларды ішкен жөн. Әрі бұлар да бір фазалы таблетка сияқты 100 пайыз сақтандырады.
Бір фазалы таблеткаларға континуин, бисекурин, ригевидон, нон-овлон, инфекундин, овидон, екі фазалыға – антеовин, үш фазалыға (аты айтып тұрғандай) тризистон, триквилар жатады.
Горманальды таблеткаларды 21 күн ішіп, 7 күн демалады. Әдетте дәріні ішуді етеккір циклының 5-күнінен бастайды. 22 күндік таблеткалар да бар, онда 6 күн демалады. Бұл үзілістерде көбіне  кезекті етеккір басталып не аяқталып жатады.
Таблетканы кешке ішкен жөн. Ал егер кешкілік ішуді ұмытып кетсеңіз, таңертеңгілік міндетті түрде сол ұмытқан таблеткаңызды ішіңіз. Екі фазалы таблетканы белгіленген уақытынан 6 сағаттан астам кешіктіруге болмайды. Негізі таблеткаларды күнделікті үнемі бір уақытта ішу керек. Мүның себебі 1 таблетканың күші 24 сағатқа ғана жетеді. Сол себепті дәрі ішудің арасын ұзартып алсаңыз, оған қоса жүктіліктен сақтандыратын қосымша шаралар жасаған жөн. Бұндайда көбікті таблеткалар (пенообразующие таблетки) жақсы көмектеседі. Таблеткаларды ішу тәртібін  бұзғаныңызбен дәрі ішуді аяғына дейін тоқтатпаңыз. Әйтпесе етеккір циклі бұзылады.
Жоғарыда аталған контрацептивтердің бірін де таба алмасаңыз прогестерон ішуіңізге болады. тек оныетеккір циклында, яғни 1 ай бойы үздіксіз ішу қажет. Сонда прогестерон қанға гармон бөлуді тоқтатады да, овуляция болмайды. Яғни, жүкті болмайсыз.
Бұған қоса, тура жыныстық қатынастан кейін ішілетін (бір реттік) таблеткалар да бар. Бұларда жыныс гормандарының мөлшері өте жоғары, сондықтан оларды күнде ішуге болмайды. Бұл таблетканы айына 4 реттен жиі ішуге  тыйым салынған. Оны жыныстық қатынастан кейін 1 сағаттан кешіктірмей ішкен жөн. Тек сол жағдайда ғана сақтана аласыз. Мұндай таблеткаға постинор жатады.
Горманальды  контрацептивтердің егілетін түрі де бар екенін жоғарыда айтқан болатынбыз. Егудің әсері 3 айға созылады. Сол себепті оларды халық арасында «үш айлық екпе» деп атайды. Бұл тәсілдің денсаулыққа келтірер аса көп зияны жоқ, тек етеккір арасынд ішкиім былғанып жүруі мүмкін. Егер үнемі егіліп жүрсеңіз етеккіріңіз мүлде  тоқтап қалуы ықтимал. Контрацеп-тивтің бұл түрі болашақта ана болғысы келетін бойжеткендерге келе бермейді, мұны жасы келген, келешекте бала көтергісі келмейтін әйелдер қолданғаны жөн.
Горманальды контрацептивтердің түрі өте көп болғандықтан, өздігіңмен таңдау жасау қиын. Сол себепті гинеколог дәрігердің көмегіне сүйенген дұрыс.
Горманальды контрацептивтерді пайдаланып жүрген кезде ағзада өзгерістер, қолайсыздықтар байқалуы мүмкін. Мұндайда дереу дәрігерге қаралу керек. Тағы ескеретін жайт контрацептивтерді пайдаланатын кез келген бойжеткен үнемі гинекологтың бақылауында болғаны жөн.
Горманальды контрацептивтердің ағзаға зияны бар ма? Дәрігерлердің айтуынша, ең жиі кездесетін жайттар – етеккір циклының алғашқы күндерінде жүрегі айнып, құсқысы келіп, басы ауыруы мүмкін. Енді біреулер салмақ қосса, кейбіреулердің ыстығы көтеріліп, ұйқысы бұзылып, сүт бездері қатайып, бетіне қара дақтар қаптап, мінезі өзгеруі ықтимал. Көбіне бұл белгілер бірнеше циклдан кейін өздігінен жойылып кетеді. Ал кейде дәріні өзгертуге тура келеді.
Горманальды таблеткалардың жақсы жағы да бар. Біріншіден, етеккір кезіндегі белдің ауыруын азайтады. Сонымен қатар гинекологиялық сырқаттарды емдеуде оң әсері бар. Беттегі безеуді кетіреді, әрі жыныс мүшесіндегі ісіктің пайда болуына жол бермейді. Ал егер ісік таблетка ішкенге дейін пайда болса, оның ракқа айналуын тездетуі мүмкін.


Қыз баланың тұрмыс құрып,  сәби сүю үшін ең қолайлы жас?

Медициналық жолмен айтқанда ең қолайлы жас – 18. Тұрмысқа шықпай тұрып, өз-өзіңе есеп бер. Өзіңнің отбасыңды асырауға, шаңырақты дірілдетпей, босағаны берік ұстап тұруға шамаларың келе ме? Немесе осы уақытқа дейін асырағаны аздай тағы ата-анам көмектеседі деген дәмелеріңіз бар ма? Көтерілген шаңырақ іші сәбилердің сыңғырлаған күлкісіне толсын деген тілектер сіздерге ұнай ма? Үйленгендегі басты мақсат – өмірдің жалғасы ізбасар ұрпақ әкелу, оны еш уақытта да кешеуілдетіп алмау керек. Біздің қазақ әйелдері мынау тұңғышымды төсектен көтердім деп айтып жатады гой. Осылайша бірінші  жүктілікті өмірге міндетті түрде әкелу қажет. Егерде бірінші жүктілікті өз қолдарыңызбен жойсаңыздар, өмірден ұрпақсыз өтулеріңіз ғажап емес. Ал 30 жастан кейін босанатын болсаңыздар, ол өздеріңізге де өте ауыр болады. Сонымен бірге өмірге келетін сәби де хромосомалық ауытқумен дүниеге келуі мүмкін. Әрине мұндай бала өзіңізге қайғы-қасірет әкеледі. Қорыта айтқанда, көтерілген шаңырақтың мәні де, сәні де – сәби. Бұл бақытты бастарыңыздан ұшырып алмағайсыздар. (Мейірханова З. Қыз – өмірдің қызғалдағы. Алматы. Олжас, 2006. )

 

 

Пікірлер 

 
0 #8 Таншолпан 2013-04-23 20:35 Дурыс екеен Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Марал 2013-04-01 03:59 дәрілердің бәрі адам ағзасына зиян тигізері анық себебі өзімнің басымнан өткен соң айтып тұрмын. Дәйексөз жазу
 
 
+4 #6 Сұлтанов Темурлан 2013-03-16 04:41 катҚұрметті қазақстандық ата-аналар келешек аналар нәрестенің черефной довлениесі міндетті түрде екі себептің біреуімен болады естеріңізден шығармаңыздар бала ана құрсағында жатқанда бізің ессіз дәрігерлер анаға көптеген витаминдер береді витаминдер анаға пайдасы тигенмен балаға артық витамин болып туылғаннан кейін баланың еңбегі тез қатады немесе басына суболып жиналады сол үшін келешек аналар аяқтарың ауыр кезде еш дәрігерлердің берген дәрілерін ішпеңдер оның орнына табиғи тағамдар сорпа қымыз сүт айран анар алма сияқты күшті тағамдар жеу керек ал екіші себеп туылғаннан кейін вакциналарды салдырмау керек вакцина негізгі имунды жоқ қылады одан кейін бала тез ауыршаң болады вакцина қабылдаған бала ауырған кезде текқана аптекадағы дәрімен жазылады вакцинаны саудағы мақсат дәрі дәрмекті өткізу дәрідәрмектерде химиялық нәрселер олда баланың басына су болып жиналады вакцина деген нәрсе қазақтарды топас қылу деген сөз аржағын өздеріңіз түсініп Дәйексөз жазу
 
 
+1 #5 Жанаргул 2013-01-08 03:29 ҚЫЗДАРҒА СОЛ ЖОЛДАН АУЛАҚ ЖҮР ДЕУМІЗ КЕРЕК ЕДІ. ДӘРІ ҰСЫНҒАНША. АЛ ДӘРІ ІШТІ ДЕДІК БОЛАШАҒЫНА ЕШКІМ ЖАУАП БЕРМЕЙДІ. ҚЫЗДАР ОДАН ДА ОЗІҢЕ АДАЛ ЖІГІТТЕРМЕН ЖҮР. АНА БОЛ. СОҒАН ЛАЙЫҚ ЖАР БОЛ. ОДАН АРТЫҚ НЕ КЕРЕК? Дәйексөз жазу
 
 
+1 #4 Нургуль 2012-11-27 00:20 горманальды таблеткалардын зияны жок дегенге мен сенбеимин барлык даринин аитеуир бир жерге зияны болады тагы бир аита кететиним горманальды дари адамга артык салмак косады жане адам тур алпетиде озгереди ол дарини ишкенсон 1 аи емес кем дегенде 6 ай ишу керек 6 аидын ишинде толып кетесиндер сондыктан ишпегендерин дурыс Дәйексөз жазу
 
 
-1 #3 СУЛЕЙМЕНОВА НУРШАТ 2012-09-22 04:31 САЛЕМ!МЕНІҢ ТҮСІНБЕГЕНІМ СОНДА МЕН НОВИНЕНТ ДӘРІСІН ЖҮКТІЛІІКТЕН САҚТАНУ ҮШІН ІШІП ЖҮРМІН БЕ? ҰҚПАЙ ҚАЛДЫМ. Дәйексөз жазу
 
 
+2 #2 Гульмира 2012-08-30 00:29 Дәйексөз: жанара:
сіздердікі дұрыс емес,жасөспірім қыздар арасында жүктілік көп кездкседі.Себеп қызда тәрбие жоқ.Оны өз-өзіне тілеп алады.Және сақтандыру жолын айтқанда дәрі-дірмектің бәрі адам денсаулығына зиан.Сол себепті мен бұл нәрсеге қарсымын

Жанар!!! бир жагынан сеникиде дурыс бирак 5 саусак бирдей емес кой. неше турли кыздар бар, оны ишпесе туып тастап кете береди немесе аборт жасатады,сондай жагдайлар коп болып кетти гой, оданда ишсин!
Дәйексөз жазу
 
 
+3 #1 жанара 2012-04-17 15:40 сіздердікі дұрыс емес,жасөспірім қыздар арасында жүктілік көп кездкседі.Себеп қызда тәрбие жоқ.Оны өз-өзіне тілеп алады.Және сақтандыру жолын айтқанда дәрі-дірмектің бәрі адам денсаулығына зиан.Сол себепті мен бұл нәрсеге қарсымын Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:385
Кеше:966
Барлығы:3038212