Жыныстық тәрбие туралы

Өткен санымызда бастаған жыныстық тәрбие туралы әңгімемізді жалғастырамыз.
Жыныстық жағынан жетілмей тұрып басталған жыныстық қарым-қатынас жас ағзаның, психиканың даму, қалыптасу үрдісіне зиян тигізеді, әрі оның қызметтік қабілетін жас кезде ғана емес, есейген кезде де әлсіретеді. Әлі 18-ге толмағандардың жүкті болу және босану ерекшеліктерін зерттеген кезде, толысқан әйелдермен салыстырғанда олардың түсікті жиі тастап, баланы шала туатыны дәлелденген. Орыстың белгілі ғалымы И.И.Мечников әйелдердің көпшілігі 20 жасқа келгенде, еркектер 23 жасқа келгенде жетіледі деп есептеген.
Аборт деген не? Оның зияны қандай?
Аборт немесе түсік деп жүктіліктің 28 аптаға жетпей үзілуін айтады. «Аборт» деген сөз латын тілінде «түсік» деген мағынаны білдіреді. Аборттың өздігінен болатын және жасанды, қолдан жасалатын түрлері бар. Дені сау әйелдерде түсік кездеспейді. Ауру әйел ғана бала тастайды немесе іштегі перзент кінәратты жағдайда ғана түсік болады. Сондай-ақ жыныс аппараттары жетілмеген немесе ішкі жыныс органдары қабынғандар ғана түсік тастайды. Өздігінен болатын абортқа әртүрлі инфекциялық аурулар да әсер етуі мүмкін. Алайда мұндай жағдайда жақсылықтан үміт үзуге болмайды, дер кезінде дәрігерге қаралып дұрыс емделсе жүктілік үзілмейді.
Жасанды түсік. Жүктілік мерзімі 12 аптадан аспаған әйелдерге емдеу орындарында түсік жасатуға рұқсат берілген. Жүктілік мерзімі 12 аптадан асқан соң іштегі ұрық пен жатыр үлкейіп кетеді де, қолдан түсік жасату әйел өміріне қауіп төндіреді. Егер жүктілік денсаулыққа қауіп төндірсе, 12 аптадан соң лажсыздан іштегі баланы алдыруға рұқсат беріледі.
Дәрігерлік түсік жасатуға қолайлы кезең жүктіліктің 7-10 аптасы. Бұл кезде ұрық жұмыртқасы жатырдың қабыртқасына онша беки қоймайды, жатыр жақсы жиырылады, сөйтіп қан аз кетеді. Түсік жасату - өте мәжбүр болғанда ғана жүзеге асырылатын шара, сондықтан ол кез келген асқынудан сақтай алатын емдеу мекемелерінде ғана жасалуы тиіс.

Криминалды түсік. Жасырын заңсыз жасалатын түсікті медицинада криминалды түсік дейді. Оны әйелдің өзі немесе медициналық мекемеде жұмыс жасамайтын маман емес адамдар жасайды. Сондықтан ол адам өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті. Бұдан кейін көп жағдайда әйел денсаулы-ғында ауыр асқынулар кездеседі.
Түсіктен соңғы асқынулар. Егер қыздар мен әйелдер түсік жасату оңай нәрсе деп ойласа мүлде қателеседі. Қолдан күштеп жасалған түсіктің әйел ағзасы үшін қауіпті екені даусыз. Себебі  жүктілікке байланысты әйел ағзасында көптеген өзгерістер болады, олар барлық ағзалар мен жүйкеге де қатысты. Физиологиялық  қызметтің бәрі жанданады, сөйтіп перзенттің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Түсік осы физиологиялық үрдіске қиянат жасайтындықтан алдағы уақытта болуы ықтимал асқынуларға алғы шарт туғызады. Асқыну операциядан кейін дереу пайда болмайды. Кейде олар біраз уақыт өткеннен кейін етек алып, тән мен психиканың аурулары түрінде білінеді. 
Қолдан жасалатын түсік көзбен көрмей, «сипалап» жасалатындықтан күрделі операция-лар қатарына жатады. Тіпті тәжірибелі деген дәрігерлердің өзі де бұл операцияға жүрексініп барады.
Түсік жасату тұмса (тұңғыш рет бала көтергендер) әйелдер үшін зиян. Тұңғыш баланы алдырту кейін бедеулікке (бала көтеру қабілетінен айрылу) ұшыратуы мүмкін.
Сондықтан қара көз сіңлілерімізге берекетсіз жыныстық қатынастан сақ болыңыздар, өз денсаулықтарыңызды күтіңіздер дегіміз келеді.

 

Пікірлер 

 
0 #20 moldir 2014-06-24 22:52 Дәйексөз: mayra:
егерде ол кісі сізді тосекке тартса ол кісімен араласпаганын жон тек қана сол нарсе үшін керек сиякты болып катесін қадірін жогалада.

дурыс айтасын
Дәйексөз жазу
 
 
+2 #19 Шуақты 2014-06-23 07:45 Менің де жігіт бар. Аллаға шүкір, жүргенімізге 1 жылдан асып барады. менен 7 жас үлкен. Нағыз төсекті аңсайтын шыға болғанымен, артық-ауыс жүрісі жоқ екеніне толық сенемін. Бірге ұйықтап та жүрдік. Бірақ маған бірде-бір рет мұндай ұсыныс айтып көрген жоқ. Кейін жар төсегінде қауышқысы келетінін,үйлен бейінші ондай ұсыныс жасамайтынын, менен айрылып қалуға қорқатынын, көптің бірі болғысы келмейтінін айтады. Мен де алаңсыз, ол да тыныш Дәйексөз жазу
 
 
+1 #18 Шуақты 2014-06-23 07:44 Ақымақ болмаңдар, қыздар! Қанша жерден сенімді жігітің болса да, ол істің дінге қайшы әрекет екенін, сол бір әдемі түнді кейінгі некелі өмірге қалдыру керектігін түсіндірсеңдер, емі бар жігіт арыңнан аттап кете алмайды. здеріңді бағалата біліңдер. "Ісін тындырып" алған соң, қадір-қасиетіңе шырт түкіріп кетіп қалмасына кім кепіл?! Бір күні болмаса, бір күні жігіттер арасында лепіріп, "өй, мен ол қызбен болғанмын" десе, мына арыңызға таңбаланған қара күйе, міне, өсек! Жігіт алдында ғана емес, ауыл-аймағыңыздың алдында да беделіңізді түсіріп, қадіріңізді қашырасыз! Дәйексөз жазу
 
 
0 #17 Биреу 2014-05-27 05:56 Кунилингус еркектін айел АМын тілімен немесе ернімен аймалауы. Жана сезімдерди береді жасатсан билесин пайдасын. Дәйексөз жазу
 
 
-1 #16 Айсұлтан Дарменов 2014-04-23 19:42 Мұнда өз пікірлерінді білдіртіп,ақыл сураган қыздар құлақтарыңа алтын сырға: жел турмаса шөптің басы қимылдамайды. немесе тана көзін сүзбесе бүқа жібін үзбейді деген нақыл сөз бар. егер өздерін повод бермесендер жігіттер ондай іс-әрекетке бармайды. сондай дәрежеде ақымақ емес шығарсындар, осындай нәрселерді интернетке салып ақыл сұрайтын . "КІМ НЕ ДЕМЕЙДІ ҚАЗІР" . Өлем -күйем сүйем деген жігіт кеше біреу үшін жанын бермек болғанын ұмытпаңдар!!! "кез-келген жағдайда бір жақ кіналі болмайды", Бүгін 1 жыл жүрдім деп,жігіттің сұрағанын берсең, ертен айырылысып, 2ші жігітпен 1 жыл жүріп оған тағы бересін, соңында жеңіл жүрісті қыз боласын. Қазіргі жігіттер шын жақсы көріп қалатын жігіттер өте аз, негізі жігіттердің ұстенымы міне мынадай: БҮГІН СЕН ЕРТЕҢ БАСҚАСЫ. соңында ПӘК ТАЗА ҚЫЗДЫ АЛАДЫ. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #15 аконай 2014-01-23 22:05 менин сендерге кенесим котти кыскан бай болады. Жигитке 1тундик лаззат ушин гана керексин 1кун итеред ертеси давай екеумиз араласпай ак кооояйык деген отмазкалар кетед сооол ушин 2бутыннын ортасын сактандар Дәйексөз жазу
 
 
-1 #14 aqyeh 2013-12-30 02:42 төсек қатынасына уиленбей бармау керек оған адамнің организыы бүзылады дегенге келспейм егер жігіт соны қаласа мүмкін ол сол үшін жұрген шығар сондықтан жігіт қадырлесін деең ешқашан берілме болашақа ұмытпен қара Дәйексөз жазу
 
 
+5 #13 гулбаршын 2013-12-07 18:32 кыздар ешкашан журген жiгiттерiн уйленбей турып тосектес болайык десе келiспендер…себебi олай жасасандар бакытты омiрмен кош айтысасындар…жiгiтiн ренжiсе ренжi берсiн ол сенi солай алдап оз дегенiне кондiрмекшi…адал суйетiн жан болса олай айтпас едi…айтар кенесiм осы Дәйексөз жазу
 
 
-6 #12 Munara 2013-07-23 02:59 достар маган кенес бериндерши,мен бір жігітке өлердей ғашық болып едім бірақ олмен қосылу маған бұырмады,қазір 2айдай болды өзімнен 5жас үлкен жігітпен жүріп жүрмін бұрын соңды жігітпен жүрмеген едім қазіргі жігітімді жақсы көрем олда мені сүйетінін ж/е маған үйленгісі келетінін айтты бірақ тойдан бұрын менімен төсектес болғанын қалайды не істесем болады Дәйексөз жазу
 
 
-3 #11 Ажар 2013-07-09 03:02 Оган ал баламыздын аты калай болады деп ескертип-коркытып кой! хехе Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:389
Кеше:966
Барлығы:3038216