Сұрақ - жауап
Subject *
Логин *
E-mail *
Текст сообщения *
Контрольное изображение * Контрольное изображениеОбновить изображение
   
 

aiym_aiym_96: aiym

тұқым қуалайтын сүйел болады ма? көздегі қолтықтағы сүйелден қалай құтылсам болады? бұл парталдарда жоқ. Сүйелден құтылудың жолдары

Сүйел дегеніміз мүйізді қабықтармен жабылған эпидермалық түйіршіктер немесе тері қабатына шығатын қабыну. Олар адамның папилломатоздық вирусының кейбір түрлерінен таралады. Тары дәнінен ірі бұршаққа дейінгі көлемде және сары, сұр түсті болып келеді. Тікелей қатынастан немесе әртүрлі заттар арқылы да жұғады. Негізінен аталық және аналық деп екіге бөлінеді. Аталығы бір шыққан соң қайта шықпайды, ал аналық сүйел кетіріп тастасаңыз да, қайтадан шығып, мазаңызды ала береді.

Сүйелден құтылу жолдары:

Сарымсақты үгіп, оны шошқа майымен араластырасыз. Матаға жағып, сүйелге таңып, байлап тастайсыз да, оны күніге ауыстырып тұрасыз.

Пиязды сірке суында екі сағат бойы ұстайсыз да, түнге қарай сүйелге таңып байлайсыз. Қатты тартасыз, шыдауыңыз керек. Осылай бірнеше рет жасасаңыз, сүйел тамырымен қопарылып шығады.

Ешқандай қоспасы жоқ кәдімгі борды сүйелге себесіз де, байлап қоясыз. Бірнеше рет жасаған соң, сүйел кетеді, бірақ, ылғалды, суды жоғалтпау керек.

Сүйелді жерге жаңа піскен алманың сөлін жаға беріңіз. Сүйел бірте-бірте кішірейіп, соңынан қараяды да, кейін көп ұзамай жоғалып кетеді.

Ескерту. Біз ұсынған кеңестердің барлығын бір мезгілде қолдана беруге болмайды. Ем-домды бір-екі рет қолданып көрген соң, нәтиже болмаса, дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз абзал.

02.05.2014

ulibka.duwi@bk.ru: Aйнура

Менің жүріп жүрген жігітім бар еді. Бірақ оны мүлдем сүймеймін. Оның үстіне ол менен 1 жасқа кіші. Бірақ достары екеуміз туралы біледі. Сондықтан көңіліне қарап, тастауға бата алмай жүрмін. Өтінемін маған көмектесіп, пікір айтыңыздаршы.

Айнура, махаббат біреудің көңіліне қарау емес, жүректердің үндесуі. Сол себепті жігітті үміттендіріп қойғаның дұрыс емес. Достарың мен жолдастарың үшін жігітті алдауға болмайды. Уақыт өте келе екеуіңе де ауыр бола түседі. Өздеріңді бекерге қинамаңыз. Содан кейін жігітті тастау деген ескіше түсінік, ол жігітті тастап кету емес. Қазақта әйел адам ер азаматты тастамаған. Бұл достық пен махаббаттың ара жігін толық айыра алмау деп қарағаның дұрыс.

05.02.2014

асемаа: асель

Сұрақ:

Сәлеметсіздерме мен сұрайын дегенім жігітке ұнау үшін көңіл табу үшін не істеуге болады.. Жігітіммен ортақ әңгімеміз жоқ. Оны жақсы көрсемде айтқым келмейді. Қалай көңілінен шығуға болады.

Жауап:

Асель сенін жасында  мұндай мәселелер болып тұрады. Асель сен өз ойынмен жақын адамдарынмен бөлістіңбе? Мысалы сыныптас құрбыңмен немесе достарыңмен?Арине қыз бала өз сезімін білдірмейді, сен өзіңді жақсы жағынан көрсетуге тырыс. Егер ұнатқан жігітін саған көңіл аудармаса жай ғана достасып, бірінші ортақ таныс достар тауып алғанын жөн. Содан кейін  уақыт өте келе өзі түсініп,  сен туралы көзқарасы өзгеріп, саған деген қарым-қатынасыда  жақсы жақта қалыптасады,- деген ойдамын.

19.12.2013

aiko_02.07kz@mail.ru: айгүл

Мен бір ұлды ұнатам олда мені ұнатады мен не істесем болады?

Ешқандай проблема көріп тұрған жоқпын. Алайда алдымен дос болғаныңыз жөн. Достық махаббатқа ұласса, сіздердің ұнатушылығыңыз сүйіспеншілікке, ғашықтыққа апарады. Асықпаңыз. Уақыт барлық сезімнің төреші сияқты, уақыт өте келе достықтың мәнін өзіңіз түсінесіз.

05.11.2013

aiidaa95@mail.ru: Aiddoo

menin surain degenmm densaulykka katysty.Zhasym 18-de. byrak aly tosym jok deuge bolady.11-12 jastagy kyzdyky siakt.Bireuiniki toktap barp osedy.bireuniki osyp barp toktaidy degendy estimyn.byrak menky ekeuide kelmid. Darigerge sogan bola koryngym kelmidy.Barbyr odanda paida jok siakty.Kandai adisteryn bilesyzder? bolissenzder deimyn.Kiym kigendede uiat...

Әр қыз сымбатты болуды аңсайды. Төс- дене бітіміндегі ерекше қамқорлық жасауды қажет ететін мүше.

• Күнделікті қоректенетін түрлі азық-түліктер - сау омыраудың кепілі . Тамақтануда құрамында фитоэстроген бар тағамдарды пайдалануды әдлетке айналдырыңыз. Ол   йогурт, ірімшік, май, бұршақ, бадана, арпа, сұлы, бидай, тары, қырыққабаттан дайындалған тағамдарда мол.

1 ас қасық құлмаққа (хмель) 1 стакан су құйып,  20 минут қайнатыңыз. Қайнатпаны суытып, күніне 3 рет ішіңіз. Құлмақ түйіні майымен  омырауды уақалаңыз. Күніне таңертең, кеште жасаңыз.

• Уқалауға какао майын пайдалануға болады. Қолтық астын, омырау арасы мен оның төменгі жағын да уқалауды ұмытпаған дұрыс.

Ішімдік пен шылымнан аулақ болыңыз.

30.10.2013

Janna86: Janna86

Менің жасым 27. Үйленген емеспін, жігітпен де болған емеспін. Оқу оқу деп одан кейін қызмет қуған жайым бар. Былтыр генекологиялық дерт анықталды. Бір жылдан асып барады. Егер операцияға жатпасам жағдай ушығады. Жанымды бір қынжылтатыны осыдан кейін болашақта табылып жатса үйленетін жігіт мені жүргіш деп ойлауы әбден мүмкін.

Өмірдің қызығы мен шыжығы қатар жүреді. Жолдың ақ-қара жолақтары адам өмірінде де орын алады. Адам қараны аққа жеткізуге, ақ жолақтың ұзағырақ болуын тек қаламайды. Оған қажетті қадамдар жасайды, қиындықпен күреседі.

Сіздің өміріңіздің өзіндік келбеті бар. Болашағыңыз үшін алаңдамағаныңыз жөн. Сізді сүйген жан  пәктігіңізге сенері анық. Сіз айтқандай «жүргіш қызды» үйленгенде күйеуі байқамауы мүмкін емес. Жігіттер - қыздар сияқты ақылды, мәдениетті жандар.

 

Сіз уайымға салынбай, дерттен жазылудың жолдарын іздеңіз. Қазір медицина қарқынды дамып жатыр. Гинекологтардың ем табарына сеніңіз.

22.10.2013

ak erke: ak erke

men bir balani jaksi kordim ol meni unatpadi.kein men onin dosi men jurdim ol bala meni seni jaksi koremdep 4 jildan kein aitti

Махаббат ойыншық емес, бірін лақтырып тастап, екіншісін алатын. Сол себепті әр қадамыңды  байқап басқаның дұрыс. Өзіңді өзің тәрбиеле, Ақерке.

14.10.2013

ак ерке: ак ерке

беттегі безеуді қалай тазалауға болады?

Ақерке, беттегі безеуді кетірудің жолдары  осы порталдағы "Беттегі секпіл және безеу, оны кетіру жолдары туралы кеңес" материалды оқыңыз және "Сұрақ-жауап" бөлімінде осы сұраққа жауап берілген. Соны қарағаныңыз жөн.

14.10.2013

Меруерт: Ертуганова

Мен оз сезимиме жауапсызбын ол жанды шын суйетинимди немесе суймейтинимди калай билуге болады?жане менин шашым мулде оспейди калай осируге болады?

Махаббатта нақты формула жоқ, оның нақты функциялық графигі болмайды. Өйткені ол адамдардың жүрек қалауы, ынтық сезімдері. Сіз сүюдің не екенін білгіңіз келсе, "Махаббат қызық мол жылдар, т.б. көркем шығармаларды оқыңыз, "Қыз Жібек" сияқты көркем фильмдерді көріңіз. Мұндай әдеби туындылар Сіздің махаббат туралы біліміңізді тереңдетеді, содан кейін Сіз өз сүйіспеншілігіңізді бағалай аласыз.

"

14.10.2013

Гоха: Гоха

Отиниш. есимимди жазбай ак койыныздар.Мен бир жигитпен сойлесип журмин бирак вообще унамайды. Просто мени катты сыйлайд и жаксы коретинин далелдеди. Кетип калайын десем коз жасына каламба деп коркам,калайын десем канша жаксы корем десемде тартпайд. 2013те уйленемиз депте жур уии еки жакта барин билед жургенимизге жарты жылдан асты. жасым 19да. неше турли жигиттерди кездестирдим. нестейм айтыныздарш коз жасына карамастан кете берсембе алде...

Сіз ұнатпайтын жігітпен жүріп, оның сезімін аяқ асты етпеңіз. Ол жігітке Сіздің оған сүйіспеншілігіңіз шынайы емес, достық  сезімде екенін түсіндіріңіз. Қазір ұят деп жүріп, кейін өкініп бармақ тістемеңіз. Сізді сүйген жанның қадірін білгеніңіз дұрыс.

14.10.2013

Aiko: Aiko

Сәлеметсізбе. Менің атым Айгерім. Жасым 20 да. Мені мазалайтын бетімдегі бөртік(угри) Оны қалай кетіруге болады.

Айгерім, беттегі безеуді кетірудің жолдары  осы порталдағы "Беттегі секпіл және безеу, оны кетіру жолдары туралы кеңес" матеиалды оқыңыз және "Сұрақ-жауап" бөлімінде осы сұраққа жауап берілген. Соны қарағаныңыз жөн.

14.10.2013

Бибинур: Бибинур

Махаббат, махаббат деп жатамыз. Өзім махаббатқа өте жақын, сезімтал, қмяли адаммын. Өмірде тек шын махаббатымды жолықтырып, сонымен бақытты болсам екен деп армандаушы едім. Жолықтырдым ба білмеймін. Әйтеуір, оны кездестіргелі күрт өзгердім. Бұрынғы тәкаппарлық, ұяңдық, ұялшақтық мінездерім қалды. Өмірде жігітке ешқашан өзім хабарласпаушы едім, ол дегенде сағат сайын, тіпті минут сайын хабарласқым келіп тұрады. Жанымнан ешқайда жібергім келмейді, қасымда тұрса да сағынып тұратынмын. Қандай опасыздық жасаса да кешіре беретінмін. Хабарласпай қойса таңға дейін ұйықтамай жылап жататынмын. (ұйықтауға қанша тырысқанмен ұйықтай алмайтынмын)Мені сүймеген шығар, тастап кетті... Сонда да оның ізінен жүгіріп, кезлесуге өзім шақыратын болдым. Жақсы көретінімді айтып жылаумен болдым.Өзімді суймейді гой кайтемін ұмытайын деп шештім. Сойтіп өзімді жақсы көретін бір жігітке тұрмысқа шығып кеттім. Сонда да әлі соны ойлаумен, жылаумен келем.Қиналып кеттім. Қайтсем екен кеңес беріңіздерші

Бибинур, Сіз отбасын құрған жансыз. Отбасын құрарда ойланып, өмірлік қадамды дұрыс басқаныңызға сенімді болғаннан кейін ғана жасауыңыз керек еді. Енді алғашқы махаббатты мәңгі ойлап, отбасының шырқын бұзу жарасар ма екен ару жанға? Өйткені, Сіз ата-аналардың, жолдас-жоралардың батасын алдыңыз, олардың Сізге ақ ниетін алдыңыз, Сіз жауапкершілікті өзіңізге жүктедіңіз. Сіз сүйген жан Сізді сүймесе, ол үшін отбасын ойран ету күнәлі болуға итермелейді. "Өзіңді сүйгенді сүй" деген тұжырым тегін айтылмаса керек. Әрине, махаббатты ұмыту қиын, бірақ ақыл мен жүрек үні үндессе, сезімге бой алдыруды жеңеді. Сіз өзіңізді сүймеген жанды қинай алмайсыз, ол да Сіз сияқты ақылы бар, сезімі бар тұлға. Менің пікірімше, Сіз  жылауды тыйып, қиындықты жеңудің жолдарын, тұрмыстық мәселелерді шешудің тәсілдерін ойланыңыз. Кейін өкінесіз, өйткені біреуді жалатып тапқан бақыт Сізге қайғы сыйламасына кім кепіл?

14.10.2013

Goha: Goha

мен озим тамыз айында туганмын сондыктан мен арыстанмын маган айтасыздарма арыстан мен шаян сонына бирге бир бирин суйе алама

Гаухар, Сіз "Қыздар әлемі" порталындағы жұлдызнаманы ашып көрсеңіз, өз сауалыңызға жауап аласыз. Алайда, оған толық сенімділікпен қарауға болмайды, өйткені өмірде өзгерістер жиі болып жатады. Мысалы, жұлдызнамада жұлдызы қарсы адамдар дегенмен отбасылық өмірде бақытты жандар аз емес. Сол себепті Сізге жұлдызнаманы қарауды және оған  да құлақ түруге болады деген оймен кеңес беремін.

14.10.2013

tasbolat: mulder

Сәлеметсіздер ме! Менің есімім Мөлдір! Менің сіздерге сұрақ қойсам=)
Менің ең жақын досым бар,екеуміздің арамыз суып кетті..не істесем болады?

Мөлдір, сіздің досыңызбе араңыздың сууы неден басталды? Осы сұраққа көңіл аударған абзал. Өйткені екеуіңіздің бір мәселеге байланысты көзқарастарыңыз әр түрлі болып, сол сіздің достығыңызға күмән туғызған. Мұндай жағдай достар арасында жиі болады, бірақ шынайы достар достықты қадірлей білуі тиіс. "Досы көпті жау алмайды." Адам кейде достары қасында болғанда оны бағалай алмайды, досының орны бөлек екеніне мән бермейді. Ал, бір досыңызды жоғалтқанда бр нәрсең кемігендей күй кешесің. Сол себепті әрбір жан айналасына ізгілікті тұрғыдан қарап, достарын көбейтсе, ішкі дүниесін еркін ашатын, сырларын бөлісетін, қиналғанда демейтін достың болуын қалайды.

14.10.2013

Арай: Спатаева

Сәлеметсіздер ме? Менің атым Арай. Менің сұрағым менің қолыма сүйел шығып жатыр не істеймін? Пікірлеріңізді айтыңыздаршы өтінемін!!!!!!!!!

Арай сүйел теріге шығады. Сондықтан Сізге тері дәрігеріне қаралу қажет. Ол ағзадағы өзгерістерге байланысты екенін ұмытпаңыз. Өз бетіңізбен ем жасаудан аулақ болғаныңыз дұрыс.

14.10.2013

Мyлдір: Мyлдір

Мен болашақта дизайнер болғым келеді. Ол үшін қазірден бастап қандай пәндерді теренірек окуым керек?

Мөлдір, сенің сұрағың өте орынды, өйткені әрбір жас өз болашағына алаңдайды. Мамандық таңдау ол сенің болашағыңды анықтайды. Дизайнер болу үшін қазақ/орыс тілі мен Қазақстан тарихы пәндерін терең оқығаның жөн. Себебі мемлекеттік грант бойынша жоғары оқу орнына түсу үшін осы екі пәннен жинаған ұпайың (балл) есептеледі. Сонымен қатар, сурет салу шеберлігіңді шыңдауың керек. Сенің жақсы оқып,, арманыңның орындалуына біз тңлекшіміз. Еңбектенсең ғана оның жемісін көретініңе сен. Сондай-ақ,  оқу орнын таңдаудың да мемлекеттік грант ұтуға септігін тигізеді. Мәселен, Батыс Қазақстанда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дизайнерлер дайындалады және оқыту сапасы жоғары. Бұл туралы университеттің сайтынан оқи аласың. Оған сілтеме: www.wksu.kz
Мөлдір сенің сұрағың жоғары оқу орнына оқудың мемлекеттік грантын ұту мәселесімен тығыз байланысты деп түсініп, жауапты сол бағытта беріп отырмыз.

14.10.2013

Динара Амировна: Джумадиева

менің жігітім басқа қызбен жүріп кетті енді мен не істейм?

Динара, Сіз қынжылмаңыз. Өйткені Сіздің жігітіңіз Сізді бағалай алмаса, Сізді бағалап, қадірлейтін жігіттер табылары анық. Өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді сүй деген сөздің жаны бар, соған құлақ түрген абзал.
Алайда Сіз ойланып көріңіз, неліктен Сіздің жігітіңіз Сізден бөлек кетті? Мүмкін Сіздің де кінәңіз бар шығар. Ол үшін өзіңіізге есеп беріп, қателескен жеріңізді анықтауға тырысыңыз. Бұл Сіздің алдағы өміріңізге сабақ болады, оны қайталамауға тырысасыз.
Сізден бас тартқан жігітке барып, өз қадіріңізден кетіруден аулақ болыңыз.
Егер ол жігіттің өзі қайтып келсе, оны кешіру, кешірмеу оның жасаған қадымына байланысты болады.
Қазақтың қызы әсемдік пен адалдықты, қайырымдылықты бойына сіңірген, барлық шешімді ақылдылықпен, сабырлылықпен қабылдай алады. Сіз де өзіңіздің бойыңыздағы күш пен сезімді таразы басында тең ұстай алатындығыңызға шек келтірмеңіз.
Қыз бала әрдайым анасына, әпкесіне жақын болады, сырларын бөліседі. Сіздің де жаныңыздан сондай жандардың табылары сөзсіз.

14.10.2013

Perizat: Perizat

салеметсиздерме! шашты қалай тез өсіруге болады?

Перизат Сіз шаш күтімі жайында сұрағансыз. Шаш адамға көрік пен сән беріп қана қоймайды, адамды қорғайды.Ол басты қатты қызып кетуден қорғайды, ағзадағы жылуды мол сақтауға мүмкіндік береді. Дені сау адамның шашы айына 1 см өседі.Әрбір тал шаштың өсіп жетілу циклі болады. Шаш өседі, өзінің ұзару шегіне жеткенде сол күйінде белгілі бір уақытқа дейін өсіп тұрады да, түлейді. Түлеп түскен кезде оның орнына басқа шаш шығады. Барлық шаш бір мезгілде түлеп түспейді.
Шаштың  өсуі әрбір адамның табиғи жетілуімен байланысты. Сіздің қалауыңыздан тәуелді емес. Сол себепті басты назарды шаш күтіміне бұрғаныңыз дұрыс. Өйткені бар шаштың өзін жақсы күту оның өсуіне, әдемі болуына әсер етеді. Мысалы, шаш тарағанда оның ұшынан жоғары қарай тарап бастаған дұрыс. Әбден түбіне жеткеннен кейін тарағыңызбен 10-20 рет тұтастай тараған жөн. Ол бас терісіне массаж жасаудың бір тәсілі болып табылады. Терідегі қан айналымының дұрыс жүруі шаштың өсуіне ықпал етеді.  Сондай-ақ, тамақ ішу де шаштың өсуіне әсер етеді. Шашқа қажетті дәрумендердің болуы  тамақтанумен байланысты. Сонымен қатар, химиялық қоспасыз сабындарды пайдалану да септігін тигізеді. Бұрын аналарымыз шашын айранның көк суымен жуған. Ол тазартып қана қоймайды, шаштың өсуіне тездетеді, табиғи нәр береді."Кім шаш қойса, шашын пәк, таза және ретті ұстасын,"- делінген Мың бір хадисте.

14.10.2013

Indira: Indira

Салеметсіндер ме? Мені коптен бері мазалап журген бір ой бар... Сол ойыммен боліссем деймін. Руксат болса. Менін сыныптас 2досым болган. Біреуі 9-дан кейін окуга кеткен. Ол мені унататын болып шыкты. Мен онысын жон кормедім. Адамнын сезімін балагаттап, мазак ете алмайсын гой, тусіндіріп айттым оны унатпайтынымды барін. Екінші досыммен катты дос едік. Арты махаббатка айналды. Ол адамды озіне тартады, бір касиеті бар сондай, оган бауыр басып калгандык па ол жок болса мазасызданып кызык сезімде болам,уакыт оте ол созін салдымен келістім.біз журе бастадык,мен оган уакыт бер сені суйіп кетуім ушін деген болатынмын, одан сон мен онымен бола алмай, уната алмай ажырап кеттік... Жана жыл куні ушеуіміз де келіспей калып, міне алі кунге шейн араласпаймыз... ((( бірак екінші досым катты унайды, алі де унайды оган уакыт бер деп алдым да ажырап артын озім курттым ал енді ол жанымда жок мен оны куннен кунге сагынып, коргім келетте турат.достасканымызды катты калаймын, нестесем болат?комек берінізші

Индира, екі адамның арасындағы мәселеге үшінші кісінің араласуы дұрыс емес, дегенмен сұраған мәселеңе жауап беріп көрейік. Егер өзің ұнатып жүрген досың сен уақыт сұрағандықтан ойлануыңа мүмкіндік беру үшін күтіп жүрген болса, ондай жағдайда өзің алғашқы болып жағдайын сұрап хабарласуыңа болады, ал егер сенің ойлануға уақыт сұрауың оның сенімен қоштасуына сылтау іздеуіне дөп келсе, онда ол досыңды қалай болғанда да қайтарамын деп әуреге түсің артық болар деп ойлаймыз. Ол досыңның өзіңе деген шын көңілін білгің келсе, өзің қоңырау шалғанда қандай көңіл-күймен жауап бергеніне назар аудар. Егер ол сені ұнатып, күтіп жүрген болса, сенің қоңырау соққаныңа қуанғаны даусынан-ақ сезіліп тұрады, ал егер сенің қоңырауыңа самарқау, салқын ғана жауап берсе, онда ол досыңды ұмытқаның дұрыс деп ойлаймыз. Уақыт емші өзіңді сүйетін жігіт әлі де кездесеріне сенімдіміз.

14.10.2013

Айда: Айда

Сәлеметсіздерме!Сұрақ-жауаптан байқап оқитыным,көбіне қыздардың күтімі туралы неге қазіргі алаңдатып отырған мәселелерді қозғамасқа?Мысал үшін жас келіндерге пікір кеңестер, қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас, қандай болуы керек қалай ұстау керек өзіңді деген.

Айдана, сіздің сайт материалдарымен таныс емес екеніңіз көрініп-ақ тұр, егер тек сұрақ-жауапты ғана емес сайт материалдарын түгел оқып қарасаңыз сіз айтқан мәселелердің (сайт жасөспірім қыздарға арналғандықтан, жас келіндерге кеңестен басқасы) барлығы дерлік берілген.

14.10.2013

ГауҺар: ГауҺар

сәлеметсізбе менің жасым 13 те бірак басқа қыздардың омырауы шыққан менің омырауым шықпаған неліктен?Мен қасымдағы қыздардан ұялам жәнеде менің сыныбымда мен секілді бір қыз бар бірақ ол омырауқап киіп алып алды бар секілді жүреді бірақ оның алды жоқт екенің біз білеміз қасымдағы қыздар сенің алдын шығады деді мен оған сенгімде сенбегімде келеді

Гаухар, омыраудың өсуі әркімнің жыныстық жетілуіне байланысты болады, біреулер жыныстық жағынан ерте жетілсе, енді біреулер оларға қарағанда жайырақ жетіледі, сондықтан оған алаңдаудың қажеті жоқ. Кейбіреулерге еліктеп төстартқыш киіп алу да артық деп ойлаймыз.

14.10.2013

Гүлнyр: Гүлнyр

Көзімнің айналасына ұсақ әжімдер көптеп түсіп келеді. Осының алдын алып, мүмкіндігінше қалай кетіруге болаы? Арнайы кремдер мен маскалар және жаттығулар болса көмектессеңіздер екен.

Әжімдер адамның денсаулығы туралы ақпарат береді. Әжімдер адамдардың өз денсаулығына салғырт қарауынан, психологиялық жай-күйінен хабар береді. Мысалы, маңдайдағы әжімдер адамның ішкі күйзелісін, мазасыздануын білдірсе, екі қабақтың арасындағы әжімдер өз өміріне риза болмайтын адамдарда айқын көрінеді. Көздің айналасындағы әжімдер өт жолдарының ауыратындығынан хабар беріп қоймайды, ол мейірімділіктің нышаны деп саналады. (Бұл ақпарат «Әжімдегі сырды біліңіз» тақырыбындағы З.Қожалымұлының мақаласын басшылыққа алынды.)
Өті ауыратын адам бүлдіргеннің жемісін жеу керек.

14.10.2013

Гулнур: Гулнур

Құрғақ бет терісін қыс мезгілінде қалай күтуге болады? Осындай бетке арналған пайдалы маскалар туралы жазсаныздар.

Бетіңіз құрғақ болса, тамақтанғанда  балық майы, жұмыртқа, сүт, көкқніс пен жеміс-жидектерді үнемі пайдаланғаныңыз дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамындағы А дәрумені баттің аса құрғап кетуіне жол бермейді. Сонымен қатар, 100 грамм қара нанды қайнап тұрған суға бұқтырып, суығаннан кейін оны езіп, бетіңізге жағыңыз. 15-20 минуттан кейін бетіңізді жуып тастаңыз. Бұл ең жеңіл тәсіл болғандықтан, Сізге ұсынып отырмыз. 
Сондай-ақ, Сіз арнайы құрғақ бетке арналған косметикалық кремдерді, бет тазалайтын ласьондарды пайдалануыңызға болады.
Егер бет күтімі туралы берілген мағлұматтар Сізді қанағаттандырмаса, косметолог маманға көрінгеніңіз жөн.

14.10.2013

Меруерт: Маулет

сәлеметсізбе! Маған шыныменде көмектеріңіз керек. Мен тым сабырсызбын және өз мамандығым ұнағанмен қыйын, бірақ оқып кете аламын деп ойлаймын. Мен тым ашықпын, өзімнің кемшіліктерім тым көп өмір бәрін үйретер бірақ қателесуден қорқамын, өз өзімді дамытқым келеді. Үнемі осындай ойлардан зобқа шадықтым, бәріне өзім кінәлімін. Енді менің өзгеруіме көмек. Жалғыз қолымнан келер емес. Мүмкін бір жаттығулар бар шығар. Әлі айтарым көп бәрін жеткізу мүмкін емес қой. Әйтеу көмек керек

Өз-өзіңізге сенімсіздіктің себебін анықтауға тырысыңыз.

  • Әлсіздігіңізді жоюға тырысыңыз.
  • Бейімділігіңізбен ерекшелене алатын қасиеттеріңізді жетілдіріңіз.
  • Күн сайын өзіңізге жоспар құрыңыз, алдыңызға белгілі мақсат қойыңыз. Әр күнгі кеште сол жоспардың орындалуын тексеріңіз.
  • Өз алдыңызға мақсат қойғанда оған жету жолдарын да ойлау керек. Өмірдің өзі ылғи жолы болғыш сәттерден тұрмайтынын, оның қызығы мен шыжығы, қиыны мен оңайы, жақсысы мен жаманы бірге жүретінін ұмытпағаныңыз абзал. Қиындықтан қорықпаңыз, қиындықсыз еш межеге жету мүмкін емес. Оңай тапқан олжаның дәмі болмайды.
  • Жетістігіңіздің ауқымдылығына қарамастан, өз жетістігім деп қуана біліңіз.
  • Басқалардың  Сіз туралы айтқан өсек-аяңынан аулақ болыңыз. Ол үшін қаңқу сөздерді елемей, өз жүрек қалауыңызбен жүруге үйреніңіз.
  • Өз іс әрекетіңізді өзіңіз бағалап үйреніңіз.
  • Өз қағидаларыңыздың аясында әрекет еткен жөн. Әркімге еріп жүре бермеген дұрыс, өйткені адамның өзін-өзі сыйлауы, өзін-өзі құрметтеуі өз көзқарасын айқын біліп, өз қағидаларын ұстануынан басталады.

14.10.2013

меруерт: маулет

Достарым мені тым шыншылсың деп кінәлайды, не істесем болады?

Өзгенің көңіліне қарап өтірік айтқаннан гөрі шындықты айту әлде қайда пайдалы. Десе де, кейде ащы шындықты жасырып достарыңның көңіліне қаяу салмайтын жағдайлар болатынын да ұмытпаңыз. Өйткені сіз айтқан шындыққа досыңыз сенбей өзіңіз жаман атты болып қалуыңыз мүмкін. Мысалы: құрбыңыздың жігітінің басқа қызбен қыдырып, оны алдап жүргенін көріп, соны айтар болсаңыз құрбыңыз сізге сенбей, қызғанып отыр деп ойлап қалуы мүмкін, сондықтан бұл шындықты бүге тұрып, құрбыңыздың өзі шындыққа көз жеткізуіне мүмкіндік беріңіз, екіншіден, жақын құрбысының аузынан жігітінің мұндай опасыздығын есту құрбыңызға да жеңіл болмайтынын ескеріңіз.

14.10.2013

айкөркем: айкөркем

мен бир баланы катты жаксы көремин оган сезимимди билдируге де арым жібермейді,енди не істесем болады менің ол баланы жақсы көретінімді сол баланың достары да біледі

Қазақ халқы «өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді сүй» дейді олай болса, өз сезіміңді өзің білдіріп, сені сүйетін сүймейтіні белгісіз жігіттің алдында қадіріңді түсірме, егер ол жігіт шынымен жақсы жігіт болса сенің өзіне деген сезіміңді көзқарасыңнан, іс-әрекетіңнен түсінер еді. Бірақ өзін ұнататынымды сездіремін деп, ашық әрекетке көшудің керегі жоқ. Қазіргі күні теледидардан көрсетіліп жатқан түрік, мексика сериалдарындағы қыздардай болудың еш пайдасы жоқ.

14.10.2013

Meiramgyl: Meiramgyl

Алғашқы махаббатты ұмыту мүмкін бе?

Күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей адамдардың көпшілігі алғашқы махаббатты ұмыту мүмкін емес деп жатады, десе де алғашқы махаббан айрылдым деп өмірден түңілу дұрыс емес. Тәжірибесіз  жас күнінде жай ғана ұнатудың өзін шын сүю деп түсініп, махаббаты үшін өз өмірін қиып жатқан жастарды көргенде жаның түршігеді,  сондықтан өтпелі сезімнен шын сезімді айыра білу керек. Уақыт емші, шын махаббат алда күтіп тұр деген үміттен айрылмаңыз. Өйткені бар өміріңіз алдыңызда, орыс халқында «Тілектеріңізге сақ болыңыз, олардың орындалатын әдеті бар» деген нақыл сөз бар өзіңізді бағалайтын, қадір тұтатып шын сүйетін жігіт кездесеріне сеніңіз сонда бәрі жақсы болады.

14.10.2013

анарa: анарa

Сәлеметсіздерме сіздерден мынаны сұрайын деп ем омырауқап киген пайдалы ма

Анар, омырауқап киген дұрыс. Оның өлшемі, материалы, пішіні өзіңізге дәл болғаны жөн. Сіз өсіп келе жатқан жеткіншек немесе бойжеткен болсаңыз да, омырауқап Сіздің дене пішініңізді әрлендіріп тұрады. Қыздарға әсемдік жарасады...

14.10.2013

Салта: Салта

Жігіттер неге өздері қыздарды қыздық белгісінен айырып алып,өздері үйленерде таза,пәк қыздарды іздейді?
Қыздардын қадірін неге білмейді?

Жігіттердің барлығы сұлтан емес. Кейде көңілді қамықтыратындары да кездеседі. Сіз де сондай жат пиғылды жігіттер туралы айтып отырған боларсыз. Жігіттердің барлығы бірдей емес, алайда олардың қыздармен достасқанда олардың мінезіне қарап үйленуге лайықтыны таңдайтынгы немесе уақытты көңілді  оздыратыны жиі байқалады. Сондықтан сіңлілеріме  сүю деген сезімдердің бірігуі, жүректердің түсінісуі болғандықтан, бір сәттік көңіл қуанышы үшін  төсек қатынасына бару ағаттық екенін білгеніңіз жөн деймін. Жігіттердің төсек қатынасына итермелеуі  сенімсіздіктің белгісі.  Әр  нәрсенің өз орны болатыны сияқты,  махаббаттың да пәктігі өз уақытында анықтаулуы тиіс. Дегенмен, қыздар жігіттердің барлығы бірдей емес, алақандағы бес саусақ сияқты әр түрлі. Ең бастысы, таңдауда да, әр қадам басуда да сенімділік керек.

14.10.2013

Жанарa: Жанарa

Сәлеметсіздер ме қыздар әлемі! менің бетіме безеу жиі шығады. одан қалай құтылсам болады. жасым 23 те. бұрын бетім тап таза болатын осы 6 ай болды бетіме безеу сияқты ақ іріңдер көптеп шығып бетімді бүлдірді. қазір олар кеткенімен орындары қалып қойды. оны қалай кетірсе болады?

Жанар, Сіздің теріңіз майлы болғандықтан оған ерекше күтім қажет. Мұндай жағдай кейде жыныстық жетілуден де болуы ықтимал. Кейде ауа райының да әсерінен болады, сол себепті Сіз неліктен деген сауалға жауап табуға тырысқаныңыз жөн. Егер ауа райының әсері болса, онда басқа жерге орын ауыстырсаңыз, кетуі мүмкін. Сол сияқты шөптен жасалған косметикалық күтім де жақсы көмектеседі. Мәселен, календула кремі мен майлы бетті сүртуге арналған календула ласьонын пайдаланғану тиімділігін көрсетеді. Сіз әуелі косметологпен ақылдасқаныңыз дұрыс. Ол маман ретінде бетті тазалап, өз кеңесін дәрігерлік тұрғыдан береді.

14.10.2013

Жанарa: Жанарa

Бизнес деген не? Махаббат деген не?

Жанар, Сіз бизнес деген не екенін білгіңіз келсе, арнайы экономикалық сайттар мен оқу орталықтарынан білгеніңіз дұрыс. Ал, махаббат туралы біз аз жазып жатырған жоқпыз. Оны "Махаббат жалыны" айдарынан оқыңыз. Егер Сіз бизнес пен махаббаттың байланысы туралы сұрасаңыз, онда ол бөлек мәселе. Алайда Сіздің сұрағыңызды нақтылау қажет болғандықтан, айқын жауап беру мүмкіндігі төмен болып отыр.
Махаббат - жүрек сезімдерінің тоғысуы, өмірлік көзқарастардың үндесуі, екі жастың бір-бірінің мінез құлқына сәйкес өзіндік тәрбиеленуі, сыйласу мен сүйіспеншілік. Бизнес  қаржылай қомақтандыруды көздейтін жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлік жоспарлы іс әрекеттері.
Жанар, Сіз бизнесте махаббаттай сезім орын алмайтынын, онда алғашқы орында пайдаға қол жеткізу көзделетінін ұмытпаңыз.

10.10.2013

Нурдаулет: Нурдаулет

Қыздар туралы баяндама іздеп жүрген едім, тауып беріңіздерші өтініш

Нұрдәулет, Сіз қыздар туралы іздеп жүргеніңізді осы порталдағы материалдардан алып,ой елегінен өткізіп, өз көзқарасыңызбен жэазсаңыз жақсы болар еді. Біз Сізге дайын баяндама жасай алмаймыз, өйткені Сіздің ойыңыз бізге беймәлім. Сіз қыздар туралы, оның ішінде қазақ қызы туралы өз пікіріңізді білдіруге тиіссіз. Сол себепті алғашқы ақпаратты порталдан еркін таба аласыз деп ойлаймыз.

10.10.2013

Бақыт Ізбасар: Бақыт Ізбасар

Ұнататын жігітіңді өзіңе қалай назарын аудартуға болады.Және беттегі безеуден қалай арылуға болады?

Сіздің сұрағыңызға жауап беруге қиналып отырмын, өйткені Сіздің жас шамаңыз көрсетілмеген. Егер Сіз  мектеп жасындағы қыз болсаңыз, онда болашағыңыз алда екеніне сеніммен қараңыз. Егер Сіз мектеп бітірген бойжеткен болсаңыз, оған қамықпаңыз, өзіңізді бағалайтын жанның кездесетіні шүбә келтірмеуге тиіссіз дер едім. Адам баласы кейде қасындағы аяулы жандарға  көңіл аударып, бағалай бермейді. Соңынана әттеген-ай деп шарқ ұрып сол адамның қадірін біліп іздейді. Сол себепті Сізді түсініп, Сізді жақсы көретін жігіттердің табылатынына сенімді болыңыз, тек өзіңізді еркін ұстап, әдептен өзбауға тырысыңыз дер едім.

10.10.2013

Арман: Арман

Бақыт деген не? Қалай түсінесіз?

Арман, сіз бақыт ұғымының мән-мағынасын білгіңіз келген шығар деп түсінемін. Бақыт - әрбір адамның ішкі жан дүниесі мен қоршаған ортадағы өз әлемінің үйлесім табуы, армандаған талап, тілегінің белгілі бір деңгейде орындалуы. Математикалық тұрғыдан оны функция графигінің экстремум нүктелерінің жиынтығы немесе халықтық тәрбие мейірімділік пен қайырымдылықты, парасатты ірекеттерді,  өзіңнен бұрын басқаға қуаныш сыйлауды бақыт деп үйретеді. Өйткені, адамның дүниеге келіп, уайым-қайғысы жоқ балалық шағы бақытты емес пе? Мектеп табалдырығын аттап, білімге, ілімге қанаттанған кез, сыныптастарың мен достарыңның арасында беделді болуың бақыттылық емес пе? Жастық шағыңда бозбала мен бойжеткен болып, махаббат пен достықты түсініп, өзіңе өмірлік серік тапқаның бақыттылық пе? Ата-ананың аялы алақан жылуын сезініп, өз армандарын шындыққа айналдыруға тырысқан жанның бір сәттік қуаныштарының өзі бақытты құрамай ма? Қазіргі кезде ұлттық тәлім-тәрбиені отбасында орнатып, тек балалары мен тума-туыстары ғана емес, елге насихаттап атақ, абыройға ие болып отырған азаматтарымыздың халқына қызықты да, жақсылығы мол сәттер сыйлап жатырғаны бақыт емес пе?
Бақыт туралы ұлы адамдар да, ақын-жазушылар да, қарапайым ел азаматы да аз айтқан жоқ. Алайда әркім өзінше бақытты. Бақытты болудың кілті әр адамның өз қолында.
Бақытты жасандылықпен, Абайдың сөзіме айтқанда "бес қашық іспен" өзіңе шақыра алмайсың. Ізгілік, мейірім, қайырымдылық пен парасаттылық қана бақытты жақындатады. Білім мен парасатты әрекет бақытқа ұмтылдырады.
Бақыт деген сенің өмір сүруің мен сол ортадағы өз орныңды табуың, біліміңі мен көргенділігіңіді елге таныту.

10.10.2013

Назерке назерке: Назерке назерке

Мен  қызу  қандымын.осы  қызу  қандылығыммен  көп  адамдарды  ренжітіп  аламын және  соңынан азап  тартамын. осы мінезімді  қалай  өзгертуіме болады?

Сіз темперамент бойынша холерик типіне жатасыз. Темперамент бұл жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл – қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен,  жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен сипатталады.
Сіздің жүйке процестеріңіз дамуы күшті. Сондықтанда сіз қимыл – қозғалысқа шапшаң, іс әрекетті жылдам орындауға икемді келесіз. Іс әрекетті  бұрқыратып істегенмен,  кейде қолыңызды бір сілтеп кететін кездеріңіз де болады. Бірақта сіздің жоғары деңгейдегі психикалық белсенділігіңіз арқасында бойыңызда қуаттылық, күштілік, талпындылық, қарқындылық мол.
Егерде сіз қарым – қатынас жасай білу іскерлік дағдыларын меңгерсеңіз, әрі мінез ерекшелігіңізді реттеуге бағдар жасасаңыз, бұл қиындықтан арылуға болады. Бұл үшін ерік – жігер, мінез бітіс, сезім – эмоцияларыңызға көңіл бөліңіз, жағдаяттарда шыдамдылық, сабырлылық, бағдарлылық, өзіңізді - өзіңіз  ұстай білу сияқты жақсы әдеттерге талпыныңыз, сонда бәрі жақсы болады. Сондай – ақ алдағы уақытта қарым – қатынас тренинг жаттығуларына қатысу сізге өз көмегін тигізеді.

10.10.2013

Аижан: Аижан

Айжан есімді бойжеткеннен  «Қазіргі кезде 6-7 сыныптан бастап қыз бен жігіт болып жүреді. Осы дұрыс па?» деген сұрақ келді.

Бүгінде  жас өспірім қыздар мен ұлдардың  физиологиялық жағынан дамуы әр түрлі. Бірақ бұл кезеңде қыз бен жігіт болып жүргенге ертелеу болатын сиякты. Біздіңше бұл кезеңдегі қыздар мен жігіттердің достығы балалық достық, сыйластыққа жақын болары сөзсіз.

10.10.2013

Айнұр: Айнұр

Айнұр атты сіңлімізден «Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау көбейіп келеді. Неліктен? Өз өміріне балта шапқанда, не табады деп ойлайсыз?» деген сұрақтар келген.

Суицидтің сыры неде?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегіне сүйенсек, әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін-өзі өлтіреді екен. Сол бір миллион адамның 8 мыңы қазақстандық. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша Қазақстан суицид дерегі жөнінен 2010 жылы әлемде үшінші орынды иемденген. Ал осыдан үш жыл бұрын бесінші орында болған. 2010 жылы суицид жасөспірімдер арасында жиілеп, 237 жасөспірім өмірмен қоштасқан.
ХХ ғасырдың басында америкалық психолог Карл Менниндер суицидтің үш негізгі себебін көрсеткен. Оның бірі өш алу, жек көрушілік яғни өлтіру ниетінен туындайды. Екіншісі – депрессия, бұл дегеніңіз тығырықтан шығатын жол таппағандықтан өлгісі келу. Ал үшінші, кінәлі сезімнің күштілігі себепті өзін-өзі өлтіруге бару екен. Тағы бір америкалық психолог Едвин Шнейдман суицидтің назар аударатын басты себептерінің бірі деп адам төзгісіз жан ауруын көрсеткен. Шынында да суицид тәннің емес, жанның ауруы. Психологтар суицид жасайтындардың көпшілігі барлық күрделі мәселелерді шешетін тек қана ажал деген пікірді ұстанатынын дәлелдеген. Ал өз-өзіне қол жұмсауға ешбір күрделі проблемасы жоқ жандар да баратын көрінеді. Мұндай жағдай көбіне психологиялық тұрғыдан әлсіз адамдарда болады-мыс. Олар өмірде кездескен болмашы қиындыққа бола өлімге жүгінеді екен. Суицидке баратындар тұйықталып, айналасынан алыстай бастайды. Кейде өмірінің соңғы күндерін өткізіп жатқанын, әлдебір істі соңғы рет істеп жатқанын да сөз арасында айтып қалатын көрінеді. Көп жағдайда жақындарының бейқамдығынан олардың сөздері ескерілмей қалады екен. Кейде мінез-құлықтағы мұндай өзгерістерді байқап, суицидке барғызбай аман алып қалатын жағдайлар да кездеседі.
Өтпелі кезеңде жасөспірімдердің жанын жабырқататын жағдайлар көп. Бұл кезеңде балаға алғашқы махаббаттағы сәтсіздік, өзінен үлкендердің күш көрсетуі, ата-анасының өзін түсінбеушілігі, әрі құрдастарының ұдайы келемеждеуі қатты әсер етеді. Өкінішке қарай, балалардың көпшілігі мұндай жан күйзелісін «ұрсады» деп ата-анасынан жасырып қалуға тырысады. Өйткені, біздің қазақы менталитетімізде үлкендігімізді бұлдап, өктемдік көрсететін кездеріміз көп. Ал психологтардың көпшілігі баламен қарым-қатынаста бір уақыт оның деңгейіне түсіп, бала ойлаған тәрізді ойлаудың да артық етпейтінін айтады. Себебі, көп жағдайда үлкендердің баланың сөзін тыңдамауы, оған өз пікірін таңуы, бала психологиясында менің пікіріммен санаспады деген ашу-ыза тудырады екен. Ашу-ыза да суицидке итермелейтін көрінеді.
Жасөспірімдер арасында суицидтің жиілеп кеткені жайлы мәжіліс депутаты Жарасбай Сүлейменов мәселе көтеріп, депутаттық сауал жолдады. Бізге балаларды қорғау мен қолдау шараларын қамтитын кешенді бағдарлама қажет деген ұсыныс айтты. Қоғамды алаңдатқан бұл мәселенің қалай шешім табары болашақтың еншісінде.
Суицид көбейген сайын суицид жайлы көп айтатын болдық. Тіпті жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсағанын теледидардан көрсетіп, жиі хабарлаймыз. Біздің көңілімізде суицид те жарнама сипат алып кеткен жоқ па деген қорқыныш бар.
Сөз соңында айтарымыз, қазір әртүрлі діни ағымдар да көбейіп кетті. Ой-санасы толық жетілмеген жасөспірімдер уысқа тез түседі. Ата-ана мен мектеп мұғалімдерінің, сондай-ақ жергілікті заң орындарының мұны да ескергені жөн.

Осы сұраққа орай, Лунара Жоламанованың «Өркен» газетіне берген мақаласын да ұсынамыз.

10.10.2013

турмаханбетова акайша: турмаханбетова акайша

Тұйық мінезді өзгертуге бола ма?

Әрине, әр адамның табиғат берген мінез–құлқы бар, оның тағдыры да соған тікелей байланысты. Біз психологияның ғылыми терминдерімен емес, әр адамға түсінікті ұғымдармен жауап беріп көрейік. Бір адамды ашық мінезді, кейбірін тұйық мінезді деп есептейміз. Олардың қай – қайсысының да пайдалы да, зиянды да тұстары бар, кейде адамдар осындай мінез – құлықтарынан опық жеп те жатады. Ал, табиғатынан түрліше жаратылғанымен, әлеуметтік ортасына байланысты өзін–өзі тәрбиелеу арқылы мінез–құлыққа қатысты проблемаларын шеше білгендіктен ортасына сыйлы адамдар да аз емес. Өйткені, өзін тәрбиелей білудің адамның мәдениетіне, отбасында алған тәрбиесіне де қатысы бар. Адамның мінезін түгелдей өзгерту мүмкін емес, бірақ, оған жақсылық әпермейтін кейбір қылықтарды жоюға тырысу әбден қажет.
Қыз баланың аузына сөз тұрмайтын тым ашық болуы, немесе,  ешкімге тіс жармай бәрін ішіне жинайтын өте тұйық болуы –өзіне де, айналасындағыларға да жақпауы мүмкін. Сондықтан, шама келгенше таразының екі басын тең ұстауға үйренген абзал.
Тұйық мінезді өзгертуге тырысу қыз баланың өзіне де, оның жанашыр адамдарына да, ұстаздарына да байланысты. Ондайда сырласа білу, оның пікірін білуге тырысу, айналадағы құбылыстарға баға беруге тарту – үлкен шеберлікті қажет етеді. Өкінішке орай, бізде этикалық тақырыптардағы семинарлар, адамның өзіндік мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ететін педагогикалық, психологиялық тренингтер кең тарай қойған жоқ. Сондықтан, кейбір жағдайда тұйық мінезді ұлының, немесе қызының тілін таба алатын ата – аналардың өздерінің білімдері мен тәжірибелері жетіспей жатады.
Тұйық болудың себебі тіпті адамның мінезінде емес, оның белгілі психологиялық жағдайларға байланысты өзімен өзі болуға ұмтылыстан да болады. Бұл әсіресе, жасөспірім кезде жиі кездеседі. Ол ата – ана, мұғалім  тарапынан түсінбестік, кеміту, өзіне сенімін жоғалту, т.б. жағдайларда пайда болуы мүмкін.
Педагог – психолог ғалымдар айтуынша, адамды жас кезінде ашылуға үйрету қажет, өйткені, жас адамның тіпті өзі де білмейтін қырлары өте көп болады. Бір сала жасөспірім үшін алынбайтын қамал болса, ал бір салада оның мүмкіндігін ашуға жол шығуы мүмкін.  Сондықтан, әр жас адам өзін өмір бойы дамытып отыруды мақсат етіп қоса, оның талай биіктерді алатыны сөзсіз.   
Қазіргі заман білімділікті ғана емес,  бәсекеге қабілеттілікті қажет ететін заман. Сенің болашағың тек біліміңде емес, өзіңді көрсете білу, өзгелермен қарым – қатынас жасай білу, араласа білу, сөйлесе білу, өз ойын еркін айта білу сияқты  қабілеттерді қажет етеді.  Әр жас адам өзін табысты, алдыңғы қатарлы маман болуды арман етеді, оған тұйық мінезділіктің де кері ықпал етуі мүмкін.
Тұйық мінезді жоюға тырысу үшін түрлі тренингтерге қатысу, арнайы әдебиеттерді оқу, өз ойын жазып жүру,  онымен ең сенімді адаммен бөлісу, т.б. жолдарды ұсынар едім.

10.10.2013

Сулу: Сулу

Сұрақ:

Қыз бала өз сезімін (жақсы көретінін) ер балаға айтуы дұрыс па?

жауап:

Қазақ қызы қашан да ұстамдылығымен, инабаттылығымен ерекшеленетіні – жазылмаған қағида. Тәрбиелі қыздарды қазақ отбасында ұлттық мәдениеттен тәрбие алған азаматтар ғана емес, компьютердің құлағында ойнап, тілін орысша сындырған қаланың қазіргі заманғы балалары да жоғары бағалайтынына көзіміз жетуде. ....Қалада тұратын, өзіміз жақсы араласатын отбасының жасы жиырма төртке жақындаған ақылды, білімді азамат болған ұлдары бар. Түнде үйге кешігіп келетін ұлына ұрыса отырып, анасы «балам, оңай олжа қыздардан, өздері іздеп келіп тұратын қыздардан аулақ бол» деген сөзіне берген жауабы мені біраз ойландырды. Ол: «мама, ондай қыздармен уақытша көңіл көтеруге болады, бірақ біз оларға ешқашан үйленбейміз, достарымызбен қазақша тәрбие көрген, ақылды,  өзін ұстай білетін қыздарға үйленеміз деп келістік» –депті, қазақша тіпті сөйлей білмейтін баласы. Сен де ойланып көрші, осы әңгіменің қыздар үшін мәні неде?
Өздерін қанша «современная» деп есептесе де «қыздың жолы жіңішке» екенін ұмытпаған жөн. Қыз бала өз сезімін, жан сырын ешқашан шашып–жайып тастамайды, оның ер балалар білгісі келетін сыр сандығы бар, құпиясы сонда жатыр. Сен жан сырыңды айтқан бала оны сақтай алса жақсы, ал мақтаншақтау, өркөкіректеу, есерлеу болса айналаға жайып та жіберуі мүмкін. Немесе оның да жақсы көріп жүрген қызы болуы ғажап емес. Сондай жағдайлардың біріне тап  болсаң не істейсің, соны да ойлан.
Ал, егер, шынымен сезіміңді білдіру аса қажет болса, оған тікелей «мен сені жақсы көремін, сүйемін, сенсіз өмір сүре алмаймын» деп айту орнына, жан сырыңды өзіңнің ерекше ықыласыңмен, көзқарасыңмен де білдіруге, сездіруге әбден болады. Ер бала үшін өзін қолдау, оның ойымен санасу, оны бағалай білу – аса маңызды факторлар. Сондықтан, оның жақсы істері болса, соларды ұнатқаныңды, қолдайтыныңды айтуға, кейде, қажет болса онымен кеңесіп, ақыл сұрауға да болады. Осындай ештеңені талап етпейтін достық қарым –қатынас барысында оның өзіңе деген көзқарасын, сені қаншалықты бағалайтынын және оның өзге қыздар туралы да ойын да байқауға болады. Жақынырақ біліскен соң кейде ол туралы көзқарасың да өзгеруі мүмкін. Асығудың қажеті жоқ.
Егер сен әдепті болсаң, өзіңді хан қызындай тап–таза, әп–әсем ұстауға үйренсең, өсек–өтіріктен, бос сөзден аулақ болсаң,  ақылды болсаң – ең керемет бозбалалар мен жас жігіттер тек саған ғана қол созарына сенімім мол.
Ақұштап апайдың өлеңімен аяқтайын, ойымды.

Қатерлі шақ жастықта біліне ме,
Сақтық қажет албырттық гүліне де
Қыз баланың жігітке сүйем деуі
Жараспайды ғасырдың біріне де.

Тегін бақыт уақыттан алынбайды
Сүйемін деп қыз бала жалынбайды.
Өзгермейді жүрегі жігіттердің,
ЭВМ–ға махаббат бағынбайды.

Қыз үлесі қашан да болу ана,
Ол үшін жоқ сүюдің жолы жаңа.
«Жаным» деген жігітті жек көрмеңдер
Өзі сүю қыздардың соры ғана!

10.10.2013

Бибинур: Бибинур

Ұлттық нақышта қазақ койлектерінін үлгісін берсеніздер!

Сіздің сұрағыңызға толығырақ жауапты кейінірек береміз. Әзірге "Сымбат" сән академиясының (Б.Асанова) үлгілерін басшылыққа алуға кеңес береміз. Ол үшін мына сілтемені пайдаланыңыз: http://www.fashionweek.ru/collection/11symbad

10.10.2013

Жастардың АГЕНТ-пен қарым-қатынасы шарықтап келеді. Сабақ оқудан гөрі АГЕНТ-те отыруды әдетке айналдырды. Бұған тыйым салуға бола ма?

Сұрақ қойған ата-ана деп түсіндім. АГЕНТ жастар арасында хабар алмасу құралы ғана емес, танысу, тіпті махаббаттың компьютердлік ошағына айналып бара жатқаны ақпараттық заманның технологиялық әсері деп қабылдаған дұрыс. Ал, ата-ана баласының АГЕНТ-тік  қарым-қатынасына қарсы болғанымен, бірден тыйым сала алмайды. Ата-ана баласымен сенімділік танытып, әңгімелесу, ақыл беру арқылы ғана әсер етеді. Баланың қызығушылығына көңіл аударып, оны шешуді бірлесе достық қарым-қатынаста  іздеген дұрыс,  өйткені бірден тыйым салу баланың іштей қарсылығы кұшейе түседі.

10.10.2013

Нурдаулет: Нурдаулет

Сұрақ:

Қыздар туралы баяндама іздеп жүрген едім, тауып беріңіздерші өтініш

Жауап:

Нұрдәулет, Сіз қыздар туралы іздеп жүргеніңізді осы порталдағы материалдардан алып,ой елегінен өткізіп, өз көзқарасыңызбен жэазсаңыз жақсы болар еді. Біз Сізге дайын баяндама жасай алмаймыз, өйткені Сіздің ойыңыз бізге беймәлім. Сіз қыздар туралы, оның ішінде қазақ қызы туралы өз пікіріңізді білдіруге тиіссіз. Сол себепті алғашқы ақпаратты порталдан еркін таба аласыз деп ойлаймыз.

10.10.2013

МУльдир: МУльдир

сұрақ:

Жігітпен жүрген 14 жастағы қыздарға дұрыспа?
Біздің жасымызда шынайы махаббат құру дұрыс па? және жігітпен жүрген біздің жасымызда ерте емес па?
Ұлдар не себебті қыздардың фигурасына қарайды?

Жауап:

Мөлдір, жігітпен дос болудың барлығы махаббатқа ұласпайды. Шынайы махаббат белгілері порталдағы мақалада берілді. 14 жаста қыз бала есейеді, сол себепті жігітпен жүрудің сөкеттігі жоқ. Тек жігітпен жүру дегенді қалай түсінетіндігіңіз бізге беймәлім. Өйткені оны біреулер сырласу, біреулер бірлесу, біреулер сүйісу деп қабылдайды. Қалай болғанда да сіз жігітпен жүретіндігіңізді басқаларға білдіру үшін көпшілік орындарда жабысудың, сүйісудің қажеттігі жоқ. Ол сізді жақсы етіп көрсетпейді.Сонымен қатар, жігіттің көзқарасы мен оның көздеген мақсаты өте маңызды. Мұны ескеріңіз.
Егер жігіттер қыздардың сымбатына, ажарына ғана назар аударса, ол олардың әдемілікке құштарлығын байқатады. Сіз де жаныңыздағы жанның келбетті, өнерлі болғанын қалайтын шығарсыз?! Алайда ең бастысы жігіттің де, қыздың да жаны сұлу болуға тиіс. Егер мәдениеті мен имандылығы әдептіліктен асып жатса, онда сымбатты сұлу жігіттердің көзін аулағанмен, көңілін аулай алмайды.
Махаббат ерте ме, кеш пе деп уақыт талғамайды, сондықтан өзіңііздің жүрек қалауыңызды байыппен саралаңыз, ой елегінен өткізіп, оған сыни тұрғыдан қараңыз. Шешіміңіздің дұрыс екендігіне көз жеткізсеңіз болғаны.

10.10.2013

kiz-musylman

Сұрақ:

adam uaimnan ariktaui mumkin be?

Жауап:

Уайым адамның жүйке жүйесінің жұмысын бұзады. Сол себепті уайым арықтауға  әкеледі. Бірақ бұл тәсілді арықтау құралы деп қарауға болмайды. Жүйкесі бұзылған адам біртіндеп психикалық ауруларға ұшырайды.

10.10.2013

 

Количество записей 
Powered by Phoca Guestbook

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:1267
Кеше:1922
Барлығы:3073065