Көктемдегі бет күтімі

Құлпырып көктем де келді. Бұл кез табиғаттың да адамның да түрленетін шағы. Сондықтан көктемде бет көп күтімді қажет етеді. Сондықтан бүгін бет күтімі жайлы кеңестер береміз.

Егер бетіңіз құрғақ болса, 100-150 грамм қара нанды қайнап тұрған суға салып, бұқтырып қойыңыз. Суығаннан кейін бетіңізге жағып, 15-20 минут жата тұрасыз. Сосын бөлме температурасындағы сумен бетіңізді шайып тастаңыз.
Бет терісі құрғақ адамдардың балық майын, жұмыртқа, сүт пен көкөніс, жеміс-жидекті 12 ай дастарханынан үзбегені дұрыс. аталған тағамдардың құрамындағы А дәрумені бет терісінің шамадан тыс құрғауына жол бермейді.
Ал егер бетіңіз майлы болса, мынадай қоспа дайындаңыз: банкаға немесе мойыны жуандау бөтелкеге бір жұмыртқаның ағын, 2-3 лимонды сығып, шырынын және еркектерге арналған иіс судың (шет елдік емес, отандық) төрттен бір бөлігін құйыңыз да дұрыстап шайқап араластырыңыз. Ақ қоймалжың сұйықтық пайда болады. аздап пышақтың ұшымен тұз, жарты стакан 2 пайыздық бор қышқылы мен бір шай қасық глицерин қосыңыз да, тағы да жақсылап араластырыңыз.  Осы қоспамен күнде кешкісін бетіңізді сүртіп отырсаңыз, бетіңіз тез майланбайтын болады.

Скраб дайындау әдісі

Қазір  косметикада түрлі түрлі жаңалықтар пайда болып жатыр. Соның бірі – скраб. Скраб беттің қабыршақтанып  ескіріп кеткен терілерін түсіріп, орнына жаңа жас терінің шығуына көмектеседі, бір сөзбен айтқанда жасартады. Біз бүгін скрабты үйде дайындау әдісін беріп отырмыз. Оны жасауға көп нәрсенің керегі жоқ. Құрғақ бұршақ немесе түйебұршақ (фасоль) сосын аздаған су қажет. Бұршақ  немесе түйебұршақты кофе үккіштен өткізіңіз немесе келіге салып үгітіңіз. Үгітілген ұнтаққа аздаған су қосып, қоймалжың қоспа дайындайсыз. Скрабты көздің айналасына  жақпайды, ал бетке жаққанда саусақтарыңызбен ысқылай отырып жағыңыз. Бес минуттан кейін бетіңізді жуып тастап, күнделікті жағатынбет майыңызды жағуға болады.
Скрабты аптасына 2 рет қана пайдалануға болады. Өйткені бетіңізді скрабпен күнде ысқылай берсеңіз жара болып кетуі мүмкін.

 

 

Пікірлер 

 
0 #25 Маржан 2015-04-24 00:16 Мен қазір ғана сырттан келдім. Бетім қызарып кетті. Бұндай жағдайларда мен тез қарайып, бетімнің терісі ашылып кетеді(((( қазір осының алдын ала аламынба және қалай? Дәйексөз жазу
 
 
-2 #24 Arailym Sandigalieva 2015-04-04 16:14 Мен бетиме кандай кутим жасауга болады.сонда кургак жане майлы беттерди калай ажыратады? Дәйексөз жазу
 
 
+1 #23 jaudir 2014-04-24 18:05 menin betimde bezeu bar kalai retiruge boladi komektesinizder wiiiiiiiiiiiiii iii Дәйексөз жазу
 
 
+2 #22 jaudir 2014-04-24 18:03 менин бетимде угри бар оны калай кетируге болады достаор айтып жбериниздерши Дәйексөз жазу
 
 
-1 #21 айгүл 2014-04-23 03:24 Баламның бетінде теміреткі бар оны қалай кетіруге болады? Дәйексөз жазу
 
 
-1 #20 жанна 2013-12-26 03:58 менин бетимде сепкилим бар 1 сыныптан бери кетиру ушин барин истеп кордим кетпеди , калай кетирсе болады. Былай катты билинбейди коктемде каттв билинеди. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #19 рушана 2013-05-30 15:05 jasim 23de koz astiden.mandaimda ajimdar bar qalay ketiruma bolat komektesinder Дәйексөз жазу
 
 
+5 #18 Айжан 2013-05-20 04:09 Дәйексөз: Ботагоз:
Менің негізі терім өзгермелі Күнге шықсам қарайып кетемін Ал менің үнемі ақ болғым келеді Қараймас үшін не істеу керек

Шын мәнінде сіздің қыста да жазда да әппақ әдемі болып жүргіңіз келсе,күннен қорганып жүріңіз.Ақпан айынан бастап құрамында күннен қорғайтын SPF бар кремдерді пайдаланыңыз.Егер толығырақ кеңес керек болса хабарласыңыз
Дәйексөз жазу
 
 
0 #17 Ботагоз 2013-04-12 02:46 Менің негізі терім өзгермелі Күнге шықсам қарайып кетемін Ал менің үнемі ақ болғым келеді Қараймас үшін не істеу керек Дәйексөз жазу
 
 
+1 #16 jubatova ..Gulmira 2013-02-28 01:38 тмин сабынын колдансан беттин проблемасын барин шешеди майын ишсен любой ауруга ем аптекада сатады Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:570
Кеше:1699
Барлығы:3036692