Сұлу болу, сау болу – өз қолыңда!

Адамның, соның ішінде қыз-келіншектердің реңді де сұлу болуы өздеріне байланысты. Себебі сұлулықтың негізі – денсаулық. Бірақ адамдардың көпшілігі, әсіресе жастар мен бойжеткендер денсаулық жайын мүлдем ойламайды, өйткені бұл кезде оларды ауру-сырқау мазаламаса, өздерін өмір бойы ауырмайтындай сезінеді.

Егер жеңіл түрдегі аурулар болса, жастықтың қызуынан оны елемей жүріп меңдетіп алады. Алайда жеке бастың тазалығы, гигиенаға байланысты тәсілдер адам дүниеге келген күннен бар. Егер ол адам тұрмысында пайдаланылмаса, сұлулық пен әсемдікке, денсаулыққа байланысты медицина саласы – косметологияда да табысқа жету мүмкін емес болар еді.
Сымбатты болғың келсе...
Әрбір бойжеткен сымбатты болуды қалайды. Сымбатты болу үшін жалғыз тілек жеткіліксіз, ол үшін күресу керек, спорт пен дене шынықтыруды, гимнастиканы өмірлік серік ету қажет. Кескін-келбетті түзету ісінде сізге сымбат түзеу гимнастикасы зор көмек көрсетері сөзсіз. Бұл гимнастикамен үзбей айналыссаңыз, денеңіздің кемістіктері түзеледі, көңіліңіз көтеріліп, өңіңіз өзгереді, бұғанаңыздағы салбыраған артық майдан арыласыз, қыпша бел болып сымбаттанып кетесіз, жүрісіңіз дежеңілдейді, сұлулана түсесіз.
Бетке жасалатын гимнастикаға ерінге, ұртқа (жаққа), көзге арналған жаттығулар кіреді. Гимнастика жасауға күніне 5-7 минут уақыт бөлген дұрыс. Жаттығуларды асықпай, арқалығы тік орындыққа отырып жасаған жөн. Гимнастикамен айналысқан сәтте жотаны күжірейтпей тік ұстап, иекті иық деңгейінен жоғары көтерген дұрыс. Сонымен:
Бет бұлшық еттеріне арналған гимнастика.
1.    Танауды кеңірек ашып (делдитіп) мұрыныңызбен терең дем алыңыз.
Аузыңызға ауа толтырып, екі ұртыңызды томпайтыңыз да, ерніңізді (аузыңызды) жұмып, деміңізді күшпен үзіп, жұлқи шығарыңыз. Оны үш-төрт рет қайталаңыз.
2.    Бірінші жаттығуды қайталайсыз да, тек екі езуіңізді жылжытпай
саусақтарыңызбен қысып ұстайсыз.
3.    Мұрныңызбен дем алыңыз, сол жақ ұртыңызға ауа толтырып, сол
жақ езуіңізден күшпен үзіп-үзіп шығарыңыз. Бұдан кейін оң жақ ұртыңызбен қайталаңыз. Екі ұртыңызбен 3-4 реттен қайталап жасаңыз.
4.    А, И, О, Ы дыбыстарын 5-6 реттен қайталап айтыңыз. Бұл
көрсетілген жаттығулар да жоғарғы ерін айналасындағы әжімдерді кетіруге жәрдемдеседі.
5.    Бес секунд бойына қабағыңызды (көзіңізді) қатты жұмыңыз. Сонан
соң бес секунд бойына көзіңізді бақырайта қатты ашыңыз. Тек маңдайыңызды жиырмаңыз. Мұны 3-4 рет қайталаңыз.
6.    Көз алдыңызға жай айналып тұрған үлкен дөңгелекті елестетіңіз.
Сол дөңгелекті біресе сағат тілінің бағытына қарай, біресе оған қарсы айналдырып, көзіңізді дөңгелектің айналасына ілестіре жайлап айналдырыңыз (екі бағытқа бірдей). Оны 2-4 рет қайталаңыз.
7.    10-ға дейін тез-тез санаңыз, санауға ілесе көзіңізді де
жыпылықтатаңыз, үш секунд демалыңыз. Содан-соң көзіңізді жұмып, санаңыз, әрі жыпылықтатыңыз. Көзге арналған жаттығулар көз бұлшық еттеріне қанның келуін күшейтеді.
8.    Мойныңызды барынша оңға, сонан соң солға бұрыңыз. Иегіңізді
кеудеңізге тигізіңіз. Бұлшық еттеріңізді бос ұстаңыз. Демді еркін алыңыз. Бұл жаттығу бетке қанның келуін күшейтеді. Жаттығуды 2-3 рет қайталаңыз.
Келесіде гимнастиканың басқа да түрлерін ұсынатын боламыз.

 

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:567
Кеше:1699
Барлығы:3036689