Ислам киім мен әсемдік туралы

Өткен санымызда берілген материалдың жалғасы

Ислам мұсылмандарға ұқыпты көрініп, әсем киінуді, Жаратқан Иеміздің өздері үшін өмірге әкелген әсем бұйымдарды тұрмыста пайдалануға міндеттейді.
Біздің қасиетті дініміз бойынша киімнің мәні екі түрлі.
Олар:
1. Адамның жалаңаш тәнін көрсетпеу үшін.
2. Әсемдік, көркемдік үшін.
Құран Кәрімде адамдардың киінуі жөнінде былай деп айтылған: «Ей, адам ұрпақтары! Біз сендерге абиырларыңды жасыратын киім және жасануларың үшін сәндік нәрселер жібердік. Соның бәрінен де иман киімің болғаны жақсы. Біле-білгенге Алланың тағылымы осындай» (Әғраф сүресі, 26 аят). Ислам дінінің дағуатшысы Юсеф әл-Кардауидің айтуынша, «Киімнің мәнін орынсыз пайдаланып, әшекей құрғандар Ислам жолын бұзып, шайтанға ілеседі». Иә, ол ақиқат. Өйткені, Құран Кәрімде былай деп айтылған: «Ей, Адам ұрпақтары! Шайтанның сендердің ата-аналарыңды аздырып, жәннаттан шығарғаны сияқты, олар сендерді де аздырып жүрмесін», «Ей, Адам ұрпақтары! Намаз оқыған кезде (абиырларыңды ашпай) киім киіңдер. Ислам діні әсемдікке рұқсат бергенімен, кей жағдайларға тиым салған. Құран Кәрімде: «Былай де: «пенделер үшін Алла берген жақсы жасауды, игілік-ризықты кім харам етті?» - де» (Әғраф сүресі, 32 аят). Біздің осы қасиетті дініміз бойынша әйелдер тағатын әсемдік бұйымдардан ерлер үшін мыналарға тиым салынған:
- таза алтын мен жоғары сапалы алтыннан соғылған құнды бұйымдар
- табиғи және асыл жібектен тігілген киімдер
Аллаһ елшісі ер адамдардың жібек киюі туралы: «Мұндай киім ер үшін жаратылмаған», - деген. Ер адамдарға қымбат әшекей мен киімдерді киюді тыю арқылы дініміз адамдарды игі мақсаттар мен адамгершілікке, дүниеқұмарлықтан ада болуға тәрбиелеуді мақсат тұтады. Ал енді әйелдерге әсемдік бұйымдардың рұқсат етілуі олардың жаратылысынан әсемдікке, әдемілікке құмарлығы мен сүйіспеншілігінен. Алайда оның да шегі бар. Ислам әйелдердің тәндері көрінетіндей жұқа да селдір киім киюіне қарсы.

Қыз-келіншектер бас киімі әсемдік әлемінде

Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар бас киімдер киген. Олардың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).

Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың «үкідей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шыққан тәрізді.
Қыздар кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, моншақ, асыл тастармен безендірілген сәнді бас киім.

Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп, оларға ырымдап кигізеді.

Жырға. Асыл тастармен, ақық моншақпен көмкерілген сәнді бас киім.

Бөрік. Аң терісінен тігіледі, жиегіне жұрын жүргізіледі. Жұрындалған терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтай қызыл бөрік, қамқа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құрайыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б.

Қарқара. Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Маңдай тұсын жоғарыдан төмен қарай үшкілдеп жырға тігеді. Оған құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ, сымбатты құс – қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады.
Сәукеле. Қалыңдықтың ұзатылу тойында киетін сәнді бас киімі.

Зере. Өзі ұзын, іші қуыс, сәукелемен бірге киетін бас киім. Ертеде бір қабат киім сыртынан киетін сауытты да «Зере» деп атаған.

 

 

Сырт киімдерге қатысты ырымдар мен тыйымдар

Баланы бесікке салғанда ұйқысы қалың болсын деген оймен бесіктің үстіне жеті түрлі сырт киімдерді (шапан, тон т.б.) жабатын ырым бар. Киімнің жағасын баспайды. Ол жамандық шақыру. Киімді бисмиллаһ деп оң қолдан, оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан, сол қолдан бастап шешеді. Тозбаған киімді тастау да – жаман ырым.

Неке киімдеріне қатысты салт – дәстүр

Сәукеле. Оны қыз ұзатылған қыздың бас киімі. Ұзатылған қыз әкесінің үйінен үкілі тақиямен аттанады. Келін  болып барған еліне жақындағанда жігіттің жеңгелері ұзатылып келе жатқан келіннің басындағы үкілі тақияны шешіп, басына сәукеле кигізеді. Келін болып түскеннен кейін сәукелені шешіп алып қояды да, жас келін бір жыл бойы желек жамылып жүреді.

Орамал. Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңілісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген тілек. Мұны «шарғы салу» деп атайды.

Той киіміне қатысты ырымдар мен тыйымдар.

Жаңа түскен келіннің бетін тобылғы сапты қамшының басына қызыл торғын орамал байлап ашатын дәстүр бар. Бұл – «келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деген ырым. Күйеу жігіт қалыңдығын алып бара жатқанда оның етегінен басып, шапанын алып қалады. Бұл күйеу бала киімін жаңаласын, өмірі ажарлансын деген ғұрып. Жаңа түскен келін киімін тектен-текке қысқарта беруге тиісті емес. Олай жасаса, нәрестесінің кем болып тууы мүмкін.

Сәбилер киімдеріне қатысты ырымдар мен тыйымдар

Бойына бала бітпеген әйел баланың иткөйлегін қалап алады. Иткөйлекті аяқ асты, далаға тастамай, қастерлеп сақтайды, кім көрінгенге бермейді. Оның сыры, қазақтар иткөйлек баланың бақытын сақтайды, сәбидің бақыты иткөйлек киген күннен басталады деп сенеді.

Аяқ киім бойынша
Кебіс. Ол «табандық киім». Даладан үйге кірген адам қалыптасқан ғұрып бойынша кебісін шешіп, оң жақ босағаға қатарластырып, тұмсығын отқа, сірі өкшесін іргеге қаратып қоюға тиісті.

 

Салт-дәстүрлер туралы білгіміз келсе...

1. «Байғазы» – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы, қамшы, шана, ер тоқым т.б) берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша.
«Көрімдік» – жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді. Мұның маңызы алып беруде ғана емес, жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.
Айырмашылығы: көрімдік адамға, жандыға беріледі, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты.
2. «Жасау» – ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әсем әшекейлі заттар берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
«Енші» – балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дүние-мүлік, мал береді. Мұны «енші» деп атайды.
Айырмашылығы: Қыздарға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады, ал балаларды жеке үй қылып шығарса (яғни, ата-анасынан бөлек «отау»), оны «енші» дейді.
3.  «Ерулік» – ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл – жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.
«Тәбәрік» – біреу ойын-тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрге кәде алса, одан жанындағыларға үлес беруі керек. Мұндайда жұрт «тәбәрік бер» деп сұрап алады. Олжалы адам әдеп бойынша тәбәрік беруге міндетті, бермесе сараңдық дәстүр, сыйламағандық болып есептеледі.

 

Пікірлер 

 
0 #9 JoeMor 2017-11-20 09:10 college essay help college essay writer need help writing essay essay help uk Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 JoeMor 2017-11-20 06:23 loans online bad credit bad credit loans direct lenders bad credit payday loans direct lenders payday loans for bad credit Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Loans 2017-11-19 11:05 personalloan payday loans bad credit personal loans with bad credit signature loans for people with bad credit Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 MatthewGoozy 2017-11-18 22:04 Картофель порезать соломкой, хорошо промыть, отварить, морковь натереть и обжарить вместе с луком на масле. Добавить зажарку в суп, сцедить и отжать грибы, положить в кастрюлю к картофелю, проварить 5 минут. Всыпать промытый рис и варить 10 минут, читайте об этом подробнее на сайте zonakulinara.ru Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Essay Write 2017-11-18 21:32 buy essays best website for essays buy essay college essay services Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 EdwardVes 2017-11-18 21:08 Том Чапман из США проехал всю Новую Зеландию с игрушечной рыбой. По словам американца, игрушка помогает ему найти общий язык с окружающими, пишет новозеландское издание Stuff, подробнее об этом читайте на сайте gturs.com Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Richardwef 2017-11-18 16:38 По своим качественным характеристикам гипсокартон отлично подходит для отделки квартир, домов, офисов и других жилых помещений. Во -первых, этот материал экологичен и не содержит вредных веществ, которые могут оказывать негативное воздействие на здоровье человека и окружающую среду, во-вторых, гипсокатрон является энергосберегающ им и звукоизолирующи м материалом, он так же негорючий и огнестойкий. Подробнее читайте на сайте sovet-sadovody.ru Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Essay Writer Online 2017-11-18 03:32 admission essay help buy essays buy essays online buy essay Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 у меня имя нету 2014-02-01 02:39 Бұл пікір маған өте қатты ұнағаныф соншалық менің жүрегім тоқтап қала жаздады? Кім маған сенеді менің үйіме келіп ата-анамнан сұраңыздар Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:378
Кеше:966
Барлығы:3038205