Біле жүргеніңіз дұрыс...

Әшекей бұйымдары

Мадам де Ротшильд біз үшін және біздің сүйіктілеріміз үшін қымбатты болып табылатын әшекей бұйымдары (аксессуарлар) туралы керемет баяндап береді. Біз сіздерге осы мағлұматты ұсынамыз. 
"Әйел адамның жасы үлкен болған сайын, оның әшекей бұйымдарының сапасы да, соған лайық бағасы да арта түседі. Қырық жас шамасындағы әйел кішкентай ғана алтын түйреуішті немесе той өткеніне бір жыл толуына орай сыйлаған шағын, кішкентай тастары бар, сапар барысында сатып алған сувенир секілді сақинаны қаламайтыны белгілі".
"Әшекей бұйымдарды баратын жердің ыңғайы мен уақытына қарай таңдаған жөн: таңертеңгі уақытта оларды азырақ тағу,  сағат пен алқаны қаладан шыққанда немесе жолда тағужәне басқа да ауыр келетін әшекей бұйымдарды стадионда, алаңда, шіркеу мен ауруханаға бара жатқанда тақпаған дұрыс".
"Қонақ қабылдаған жағдайда да әшекей бұйымдарын ыңғайымен таққан жөн".
"Салтанатты жағдайдағы түскі асқа барғанда, ірі маржан тастары бар моншақтар немесе турмалин тасы бар не әр түрлі ұсақ тастары бар алқа таққан жөн. Ал сырға мойынға таққан алқаның түсіне сай келгені дұрыс. Сақинаны да тағуға болады, бірақ қолға әшекей тақпаған жөн".
"Кешкі асқа барғанда, сәнді қара көйлекпен әшекей бұйымдарын көбірек тағуға болады.  Егер көйлек ашық түсті болса, әр түрлі түсті және алтын бұйымдарды не ірі келетін әшекей бұйымдарын тақпаған жөн".
"Ұзын келетін кешкі көйлекпен ешқашан гауһар тасты болса да сағат тақпайды. Әзірге мереке жүріп жатқанда, уақыт тоқтап қалады! ".

 

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:386
Кеше:966
Барлығы:3038213