Қандай балшық пайдалы?

Бойжеткен қыздарымызға халық емдерінен, соның ішінде балшықпен ем жасаудан  кеңестер ұсынамыз.

Қандай балшық пайдалы?

Табиғатта неше алуан балшық (қызыл, жасыл, сары) кездеседі. Соның ішінде балшықтың жасыл түстісінің емдік ықпалы басым. Оны кен шығарылатын жерден, кірпіш зауыты жанынан, сондай-ақ жарылған жерден табуға болады. Немесе шұңқыр қазып, бір метр тереңдіктегі балшықтан алынады.

Балшықты қалай дайындайды?
Балшық массасын күнге қойып құрғатады. Құрғаған топырақты қоқыстан, тастан, шөп-шаламнан тазартады. Содан соң топырақты эмальді, ағаштан немесе балшықтан жасалған ыдысқа төгіп, топырақ беті жабылғанша үстіне таза су құйылады. Топырақ бойына ылғалды тартқанша, бірнеше сағат суда суда тұрады. Оны қолмен немесе таяқшамен қозғау керек. Массаны, қажетіңізге орай, барлық уақытта пайдалануыңызға болады. Балшық бұл жағдайда ұзақ сақтауға жарайды. Пайдаланар алдында оны күн көзіне қоюды естен шығармаңыз.

Балшық қалай пайдаланылады?
Кез келген табиғи талшықтан жасалған шүберекті (жүн, лен, мақта) алып пайдалануға ыңғайлы қажетті қалыңдықта екі, төрт рет қабаттайды. Ауырған жердің көлемінен балшық сәл молдау әрі 2-3 см қалыңдықта жағылу керек. Егер балшық дененің түкті бөлігіне қойылатын болса, алдымен таза салфетка қойып барып, балшық жағылған шүберек қояды. Оны 2-3 сағат ұстайды. Балшықты әдбен құрғап, қызған кезде алып тастайды. Балшықты екінші рет қайта пайдаланбайды.

Балшықты жиі қайталауға бола ма?
Оны аз немесе көп қою сырқаттың түріне, ауыратын адамның жағдайына байланысты. Тәртіп бойынша балшық күніне 2-3 рет жағылады. Егер балшық жаққан соң ауырып немесе кішкене іскіп кетсе, шошымаңыз, оның бәрі жазылады. Сол аурудың жағдайына қарай, кейде бірнеше күннен, бірнеше айға дейін созылады. Балшықты кеудеге, асқазанға, сондай-ақ тамақ ішіп бола салысымен қоюға болмайды. Оны тамақтанған соң, 1,5-2 сағаттан кейін жасаған дұрыс.
Балшық – барлық ауырған жерді уақытша тыныштандыратын керемет құрал. Балшық ваннасын қабылдауға болады. Сондай-ақ балшықты орап алып (мысалы туберкулезге), жара шыққанда, іріңдегенде, ісік пайда болғанда, қышыма және басқа тері ауруымен ауырғанда ысқылап массаж жасайды. Ішкі органы ауырғанда оны қабылдайды.

Материал «Ақ босаға» журналынан алынды.
Дайындаған О. Алдамжарова

Жалғасы бар

 

Пікірлер 

 
0 #3 Cheap Essays 2017-11-18 12:05 i need help writing an essay buy an essay online cheap buy essay essay buying Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Google Essay Writer 2017-11-17 22:07 essay help service essays paying college athletes buy college essays online help for essay writing Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Жандос Жабаев 2013-12-14 17:37 Асығамын.

Көруге өзіңді әрдайым құштармын,
Сәл көрмесем, ЖАНЫМ-ау сағынамын.
Өзіңсіз өткізген әр минутты, сағатты санап,
Таңертеңнен жұмысқа мен асығамын.

Асығамын, көруге ҒАШЫҒЫМДЫ асығамын.
Қасыңнан кеткім келмей кейде тосыламын.
Тосыламын әттең-ай, тосыламын,
Өзіңді ойлаумен таңдарды атқызамын.

Өзіңді ойлап терең ойға батамын,
Батамын да, шешім таппай қиналамын.
Тағы да минут, сағат санап,
Таңертеңнен мен жұмысқа асығамын.
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:387
Кеше:966
Барлығы:3038214