Ақын Жанарбек Әшімжанның өлеңдер топтамасы

Қадірлі қыздар, сіздерге Ақын Жанарбек Әшімжанның өлеңдер топтамасын ұсынамыз. Өлең оқыңыз, поэзиядан қуат алыңыз!

Кешіріңдер...

О, арулар, мен сендерге асыққам,
Тағдыр келіп ін қазғанда іргеден.
Сұлулардың жанын сонда қажытқам,
Тағдыр жайлы жырлар оқып мінбеден.

Екі иіннен дем ала алмай тұрдым мен,
Сұм жалғанды суреттеуге тіл жетпей.
Сүйретіліп келді қанша құр сүлдем,
Босағаңа басты сүйеп бірбеткей.

Ана жайлы, ару жайлы жыр жазбай,
Аламаннан аты озған ба ақынның?
Білте шамның жарығымен сыр қозғай,
Көкжиектен талай таңды атырдым.

Сонда мені құтқарған сол сұлулар,
Сұлулардың жанарында жылу бар.
Мәті дәурен сәл аялдап тұрыңдар,
Аруларға ақтармаған сырым бар.


Сәтті өлеңге қайырма боп құралсам,
Тәтті әуеннің ырғағында барсыңдар.
Анам менен жарыма арнап гүл алсам,
Қауыз жарған сендерсіңдер, Аршындар!

«Мен өмірге ғашықпын» деу – жалғандық,
Сұлуларға ғашық болу – дұрысы.
Өмір саған біз қаншама алдандық,
...Қызды алдаған арамзалар құрысын.

Пандур, шонгур, сырнай, шаған, сыбызғы,
Сан аруға сызылтып ән баптадым.
Қымсынып қап ұсынатын қымызды,
Өз ұлтымның аруларын мақтадым.

Шығарайық аруларды төрге еппен,
Теңеу таппай теңселейік жер-көктен.
Есіктегі кебінге кеп енгенше,
Бесіктегі босап шығып жөргектен.

Тырналар

Төбемнен өттi тырналар легi,
Есiме түстi сол әуен.
Сол әуен неткен мұңлы әуен едi,
Ұрлап алған-ай көк әлем.
– Жадыма қайта түсiрiңдершi,
Ол менiң ғана мұңым ғой, –
деп едiм сол сәт бұлтты аспан қапты,
Тырналар ғайып қарап ем.

«Тырналар легi қайда жол тартты,
айтып жiбершi, күз дала?», –
деп тiл қатып ем ләм-мимi жоқ,
Жұтаған ағаш сыздана.
Тырналар ғана түсiрер еске,
Сол мұңға қатты ғашық ем.
Менiмен қоса қайғырып жатты,
Тал, терек, емен... жыр-нала.

Жанарым менiң қанталап тұрса,
Мұңайып тұрсам күз дегiн.
Ақ қайың-қызға сүйенiп тұрып,
Сыр айтып тұрсам күз дегiн.

Тағдырымды менiң күзге ұқсатыңдаршы,
Сары алтын емес – сары уайым.
Сары уайымнан сары дала тұнса,
Бағынайын ба, нағылайын...

Көзiмнен жасым көл боп ағады,
Оқысам мұңлы тектi өлең.
Тырналар салған сол iздi көрсем,
Жаныма қайғы бөктерем.
Баяғы сол шық тырналар легi,
Тiзбекке қосып ап кеткен,
Мұңымды менiң қайтарып бермей,
Күз мәңгi сенi жек көрем.

Мылқау тағдыр

Бiздiң көшеде Райхан есiмдi қыз бартұғын.
Құдай оған тiл бермедi. Апасының тiрi шағында
Райхан хан қызындай болып жүрушi едi...
Төрт мүшесi сау адамға жоқ дауа,
Балалық қой... ауласында топтала,
Үйiлiп ап тiлiн тартып ойнаушы ек,
Жазған қызды ортаға алып көп бала.

Мылқау тағдыр ермек болып бiр мезет,
Қылықтарын қызықтаймыз кимелеп.
Мұңлы тағдыр мың бұрала бергенде,
Қуалайтын мұң жамылған кимешек.

Ақ кимешек жұбанышы болатын,
Ақ кимешек қорғанышы болатын.
Апасы оның қызыл тiлi болатын,
Апасының қолғабысы болатын.

Жарық сәуле жайған кезде қанатын,
Қалың бала мылқау қызды табатын.
Қуанышты баяндаса жанары,
Қайғысы да жанарынан ағатын.

Ақ көңiл жан апасына көмек боп,
Масақ жиып келетұғын кенеппен.
Тағдырының күнi батып тал түсте,
Ақ кимешек ғайып болды кенеттен.

...Сан жыл өттi, елес болды бал жылдар,
Райхан гүл қауыз шашты сан қырға.
...Кеше кеште жұпынылау көшемен,
Тiлсiз бейне таратып жүр тандыр нан.

***

О, Оразгүл, ару қызы Оғыздың,
Ауылыңда мейман болдық тоғыз күн.
Зерлі көйлек, тұрбан тағып қатырма,
Тарихыңды тізіп шықтың ең ізгі.

Копетдагдың белдеу жағы күреңдеу,
Күрең белде шалқұйрықты күреңдер.
Сол күреңдер рухың екен, түрікпен,
Ал қызыңның ар-иманы – кілемдер!

Ару қыздар күн көзінен қысылған,
Жер қозғалар желпіп өтсе тұсыңнан.
Бұл арулар періштесі осы елдің –
Гелдімұрат, Бердімұрат ұшырған.

Чарджоу, Мары, Моллақара, Хиуадан,
Кілем тоқу думанына жинаған,
Шеберлердей кестелесем бір өлең,
Қызыл тілден таңдайыма сыймаған...

Арман, қиял күнде алысқа кетеді,
Айрыбаба шыңына да жетеді.
Сегізінші кереметің осы екен -
Молланепес, Мағырұпы мекені.

Ән мен жырға тұнып тұрған құндағы,
Қызы – ұяң, ал бөрікті ұлдары.
Өшірмейтін ел екен бұл шамдарын,
Құмырадай құжыралар құмдағы.

Ал Ашхабад мәрмәр қала, ақ қала,
Ораз қыз да тарих сызды тақтаға.
- Алматы да осал емес - дедік біз,
Сәл жалғандау, дарақылау мақтана.

Біздің сәулет сіздікінен басқарақ,
Бөлек және рух, ұстын, қас-қабақ.
Құмсағаттай мың құбылып қайтейін,
Келер сапар айтам бәрін Ашхабад!

О, Оразгүл, Оғыз қызы қош-аман,
Адам да бір жел айдаған ошаған.
Екі ағамды ап Алматыма қайтайын,
Көңілдерін демдеп қойып босаған.

 

Пікірлер 

 
0 #9 GordonReuse 2017-11-20 12:14 Люди всегда были склонны к тому, чтобы фантазировать и придумывать что-то просто невообразимое. Это связано с тем, что повседневная наша жизнь иногда может быть довольно скучной и неинтересной, полной рутинных дел и забот, подробнее об этом читайте на сайте hayastannews.com Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Payday Express 2017-11-19 19:06 short term personal loans same day payday loans short term loans for bad credit advance loans Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Direct Lender Loans 2017-11-19 13:05 cash loans today short term loans direct lenders payday loans short term loans canada Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Loans For Bad Credit 2017-11-19 11:20 quick payday loans bad credit quick personal loans online quick easy loans online quick cash loans Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Random Assignments 2017-11-18 19:35 essay online buy buy law essay best website for essays buy an essay for college Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 MatthewGoozy 2017-11-18 13:43 Картофель порезать соломкой, хорошо промыть, отварить, морковь натереть и обжарить вместе с луком на масле. Добавить зажарку в суп, сцедить и отжать грибы, положить в кастрюлю к картофелю, проварить 5 минут. Всыпать промытый рис и варить 10 минут, читайте об этом подробнее на сайте zonakulinara.ru Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 EdwardVes 2017-11-18 13:27 Том Чапман из США проехал всю Новую Зеландию с игрушечной рыбой. По словам американца, игрушка помогает ему найти общий язык с окружающими, пишет новозеландское издание Stuff, подробнее об этом читайте на сайте gturs.com Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Richardwef 2017-11-18 05:34 По своим качественным характеристикам гипсокартон отлично подходит для отделки квартир, домов, офисов и других жилых помещений. Во -первых, этот материал экологичен и не содержит вредных веществ, которые могут оказывать негативное воздействие на здоровье человека и окружающую среду, во-вторых, гипсокатрон является энергосберегающ им и звукоизолирующи м материалом, он так же негорючий и огнестойкий. Подробнее читайте на сайте sovet-sadovody.ru Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Динара 2013-09-25 18:19 Сіздердің қыз бала тәрбиесі туралы жүргізген сұхбаттарыңызбе н оқып таныстым. Осы мәселе туралы мен де өз пікірімді білдіремін.
Ертеде атам қазақ қызға қырық үйден тыю деп отырған. Мұның астарында қыздың абройы ата-анасының да абыройы деген мән мағына жатыр. Мен де қыз бала өсіп отырған атамын. Мен өз қызыма ешкімнің ала жібін аттама, ибалы бол, әке-шешеңе, еліңе тіл сөз тигізбе деп, санасына кішкентайынан бастап өте қатты еркелетпей және өте қатал да ұстамай ақылымды жайымен жеткізіп, тәрбиелеп келемін.
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:383
Кеше:966
Барлығы:3038210