Құрметті қыздар!

Сіздерге көкөніс пен жеміс-жидектің адам ағзасына пайдаcы туралы кеңестер ұсынамыз. Таныс болыңыздар.

1. Зәйтүн майы

Испандықтар апта сайынғы пилингті ұсақталған зәйтүн сүйектерін сапалы зәйтүн майымен араластырып жаққанды жөн көреді. Бұл қоспа теріні жақсы тазартады және ылғалдық әсерін береді. Зәйтүн сүйектерін блендер арқылы әбден ұнтақталғанға дейін ұнтақтау керек, әйтпесе ірі ұнтақталған зәйтүн сүйегі, теріні зақымдап, жаңа клеткаларды бұрынғысымен қоса бүлдіреді.

2. Құрманың пайдасы жөнінде

Африкалық әйелдер тері тегіс болуы үшін құрма мен бананның жұмсағын, кебектер, бөрткеннің бірнеше жаңа жидекгін үш тамшы сары өріктің эфирлі майымен араластырып пайдаланады. Бұл скраб біртіндеп өлі клеткаларды жояды, теріні протеинмен, сондай-ақ құрманың құрамында кездесетін В тобы витаминдерімен де қанықтыра отырып, серпімділік күш береді.

3. Бал қарағай хош иісімен

Француздықтар теріні жаңа ұсақталған лимон қабығы, ұсақ теңіз тұзы, зімбірдің және бал қарағайдың эфирлі майымен тазартады. Мұндай скраб өлі клеткаларды тиімді тазартып, ылғалдандырады әрі сергітеді. Оған  қоса бактерицидтік қасиеттері бар, проблемалы теріге оң әсерін тигізеді.

4.    Жидек – таңқурай

Египеттіктер теріні нәтижелі қоспа арқылы тегістейді: ағаш келіге кез-келген ұсақ дәнді жидекті (таңқурай, құлпынай, бөрткен немесе киви), банан, сары өрік немесе шабдалы жұмсағын алып ұсақтап, пайда болған жеміс пюресін қызыл қоңыр қантпен және геркулеспен араластырады. Қоспаны теріге жағып, 20 минуттай күту керек.

5. Теңіз тұзы

Бұл жұмсақ пилинг қоспасы гейшалардан бері белгілі – олар ұсақ теңіз тұзын жаңа ұсақталған балдырлармен, алоэ шырыны және ақ саз балшықпен араластырып, бұдан соң оны маска ретінде теріге жағып 10-15 минутқа қалдырған. Мұндай процедурадан соң тері нәрестенің терісіндей жұмсарады.

6. Тары дәні

Үнді елінде, тіпті, әдеттегі пилингті қарапайым әдіспен жасайды – кенеп матадан жасалған кішігірім қапты шөптердің қоспасымен, тарының және бадам опасымен толтырады. Содан соң бет пен теріні уқалайды. Бұл процедура сезімтал терілер үшін тиімді.

7. Шырынды кокос

Бразильялықтар келесідей рецептпен дайындалатын теріге арналған скрабты кеңінен қолданған: апельсин қабығын какао ұнтағымен, балмен және кокос жоңқасымен араластыру керек. Барлық компоненттер бірдей мөлшерде алынып, мұқият араластырылады және теріге жағылады. Мұндай пилингтен кейін тері тегістеліп, жұмсарады. Бұл әдемі және тегіс күнге күйгендей болып көрінудің кереметтей әдісі болып саналады.

 

Пікірлер 

 
0 #1 Арай Сугирова 2017-11-03 00:38 Кенеп майы емге қажет. Қандай май? Қайдан алуға болады? Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:387
Кеше:966
Барлығы:3038214