Сұлудың сұлуы – бұрымды қыз

Әр нәрсеге мән бере қараған дана халқымыз сұлудың көркі шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткен шашы мен бойына қарап бағалаған. Шаш тек сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес,  ол әйелдер қауымына берілген Алланың айрықша сыйы, құрметі,сәні, еншісі. Шолпы, шашбау, шаштеңге, шашқап – сол сый құрметке сай әр әйелдің әсем табиғатымен нәзік жаратылысына лайықталған қазақтың талғампаздық үлесі әрі ұлтттық сыр-сыйпаты.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріппе ең мұдай түрін?-деп  Абай атамыз да қазақтың нағыз сұлуларын жырға қосқан.
Бұрым

Ашуланып қайттың неге ерке гүл,
Мектебіңе кетіп едің ерте бір.
Тортаңдайсың ата жауың сияқты,
Бантигіңді шешіп кеткен тентек ұл.

Қыз баланың бұрым деген сәні еді,
Болады оның әлі талай «әлегі».
Қыз бұрымға маза бермей жүретін,
Балалықтың ойыны бар әдемі.

Бұрым – бұлақ таудан ақын құлатқан,
Бұрым – арман, қол жетпеген ұнатқан.
Момақан боп жүрген бүгін әкең де
Талай қызды шаштан тартып жылатқан.

Ашуланба, ол бір ойын талайғы,
Адамдардан әр ұрпаққа тарайды.
Ақылды бол, сол бұрымның бір талы
Тентектерді құрықтауға жарайды.


Сусылдаған нәзік шашқа неше түрлі шаш сәнін жасауға болады, оны буса да, түйсе де, желкеге түсіріп бос қойса да жарасымды. Шашты жұмсартып сусылдату үшін жақсы күтім керек.

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:4744
Кеше:6027
Барлығы:3694998