Мамандық таңдауда қателеспеңіз

Мамандық таңдау әрбір мектеп түлегінің алдында тұрған үлкен проблема. Бұл қазіргі кезде таңдау пәнімен тікелей байланысты болып отыр. Көбінесе мектеп оқушылары өз бейіміне емес, мемлекеттік грантты иелену үшін ғана физика, химия, биология пәндерін таңдап жатады. Әрине, бұл да дұрыс шығар. Дегенмен баланың қабілеті мен икемділігіне қарай таңдалған мамандықтар бойынша оқу жастарға қызықтырақ. Жоғары оқу орнының студенті атанған жас оқу пәндерін ынтамен оқиды.
Кейде ата-аналар баласының дұрыс таңдау жасамағанын айтып ренжиді. Егер тек ата-ананың таңдауымен ғана, олардың білгенімен ғана өмір сүретін бала болса, қазіргі ақпараттық қоғамдағы жаңа мамандықтарды игеруге көптеген жас ұмтыла алмас еді.
Мамандық таңдау оңай емес. Кей жылдары 120 ұпайдан жоғары жинаған талапкерлердің кейбіреулері мемлекеттік грант иегері атана алмай жатқанына куә болдық. Өйткені жоғары ұпай жинағанына мәз болған бала мен оның ата-анасы грант санына, мамандықтардың жоғары оқу орындарының қайсыларында оқытылатынына аса мән бермеген. Менің ойымша мамандық таңдауда, мемлекеттік грантты ұтып алуға дайындықты 2-3 жылғы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған ақпаратты зерделеп, талдауы керек. Мұны мектеп басшылары мен мұғалімдер дежасағаны дұрыс. Сынып жетекшілері ата-аналар жиналысында осындай талдау жасайтынын алдын-ала хабарласа, ол жиналысты оқушылардың қатысуымен өткізсе, іс нәтижелі болары сөзсіз. Мектеп түлектері керісінше, осындай сауалдарды көбінесе іс сапарға шығып, үгіт-насихатжүргізуші оқытушыдан сұрап жатады. Әрине, ол оқытушы өзі сабақ беретін мамандықтар бойынша жақсы айтар, бірақ «бес саусақ бірдей емес» қой. Мұндай іс сапарда болатын жас оқытушы не айта алады?
Біз өз тарапымыздан қазақстандық жастардың көзі ашық, көкірегі ояу болсын деген ниетпен порталда «ТАЛАПКЕР» деген бөлім ашып отырмыз. Мұнда ұсынылып отырған материалдар ресми сайттан алынған.
Біз қандай да бір оқу орнын жарнамалайын деген ойда емеспіз. Біз болашақ маман иелеріне, ел ертеңінде түрлі салада қызмет ететін жастарға кеңестер бергіміз келеді.
Қай оқу орнын таңдағыңыз келеді? Мұндай сұраққа басым көпшілігі Алматы, Астана қалаларын атайды. Баланың биікке өрлегісі келетіні дұрыс-ақ, бірақ ол қалаларда оқуға екінің бірінің жағдайы көтермейді. Сол себепті әркім өз «көрпесіне қарай көсілгені» жөн сияқты. Баланың тауы шағылып, сағы сынбауы үшін оның қалаған оқу орындары туралы мәліметтерді үйде отырып Интернеттен алуыңызға әбден болады. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарының барлығының жеке сайттары бар. Ол сайттардан өзіңізге қажетті ақпараттарды ала аласыз. Мысалы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің сайты www.wksu.kz, http://talapker.wksu.kz.
Ата-аналар, балаңыздың қабілеті мен икемділігіне назар аударсаңыз,қай пәнді сүйіп оқитынын білсеңіз, қай мамандықты қалайтынын ашық сұрасаңыз, таңдау пәніне көңіл аударсаңыз, қай оқу орнына түскісі келетінін білсеңіз, ол оқу орнының ерекшеліктерін анықтасаңыз, ол оқу орны түлектерінің жұмыспен қамтылуын қарасаңыз сіз қателеспейсіз.
Осы бөлімдер мамандықтар тізбесін, шығармашылық пәндер тізбесін, магистратураға түсу тәртібін алғашқы топтама ретінде ұсынып отырмыз. Бөлімді толықтыруға сіз де үлес қоса аласыз.
Болашаққа сенімді қадам басар, мамандықтың қыр-сырын еркін меңгергісі келетін жаңа технологияларды үйренгісі келетін жастарды оқуға шақырамыз.
Оқығысы келмейтін, бірақ ата-анасының нұсқауымен оқуға түскен жастардың кейбіреуі мамандық таңдауда отбасылық қағиданы ұстануға тырысатынын кейін мойындап жатады. Дей тұрғанмен, бірлесе көтерген жүк жеңіл. Әрбір ата-ана баласына жамандық тілемейді, сол себепті ойыңызды таразылап, мектеп мұғалімдерімен бірлесе шешкен шешім дұрыс болары сөзсіз.
Мамандықты таңдауда қателеспегеніңіз дұрыс. Дұрыс шешім қабылдау өз қолыңызда. Мектеп немесе колледждердің түлектеріне сәттілік тілейміз.

А.Б.Медешова,
жоба жетекшісі, М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
физика-математика факультетінің деканы,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Пікірлер 

 
0 #3 Direct Lenders 2017-11-19 19:12 money loans quick short term loans loans short term unsecured 90 day loans Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Online Payday Loans 2017-11-19 00:47 payday loans bad credit approval loan with bad credit history personal loans bad credit personal loans bad credit Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 JoeMor 2017-11-17 19:50 buy essay papers buy an essay order essay online cheap quick buy essay online Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:388
Кеше:966
Барлығы:3038215