Жағдаяттар

№1

Бір үйдің екі баласы көбейту кестесін жаттап жарысты. Інісінің шапшаңдығынан  апасы кешігіп қалып қоя берді. Апасы баяу әрі көп ойланатын. Інісі апасының қатесін түзеп, күлді. Ал, апасы үнсіз бөлмеден шығып кетті.

 

 

Апасының орнында болсаң не істер едің?

№2

Мектептің 9-сыныбында оқитын оқушылар болашақ мамандықтары туралы әңгіме қозғады. Озат оқушылар жоғары оқу орнына баруды жоспарлап жатты. Тіпті ұлттық университеттерде оқып жүргенін армандады. Ал, биыл оқуын колледжде жалғап тезірек еңбекке араласып отбасына көмектескісі келетін, балалар да өз ойларын айтып жатты. Олардың арасында тұрмысқа шығып, өз жағдайын жақсартуды мақсат еткен қыз бала үндемей қалды. Оның да арманы таудай, бірақ отбасында ақшаға байланысты күнде туатын айқайдан шаршап кеткені сонша, оқуды емес, ауқатты отбасының өзінен жасы үлкен балаларымен достаса бастаған еді.

Бұл туралы не айтар едіңіз?

 

Пікірлер 

 
+3 #1 улпан 2015-02-25 01:06 негізінде жақсы ,бірақ аз және түсініксіз Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:388
Кеше:966
Барлығы:3038215