Тәрбиелік жарасады қыз балаға...
Ұлттық тағамдар

Ел болашағын ұстар бүгінгі бойжеткенге ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық тағамдар туралы мәлімет көруді жөн санадық. Өзіңіз ойлап көріңізші қандай ұлттық тағамдардың жасалуы мен түрлерін білесіз?

 
Хат жазысу әдебі

Бүгінгі күні ақпараттық құралдардың дамығаны сонша хат жазу дәстүрінің әдеттен шығып бара жатқаны сөзсіз. Дегенмен де өзін мәдениетті, оқыған санайтын кез-келген адамның ойын бір ауыз жазбаша жеткізе білуі маңызды екенін естен шығармағанымыз дұрыс. Сондықтан да бүгін хат, хабар жазу әдебіне тоқталамыз. Ұялы телефоннан хабарлама жазғанда да қалай болса солай көше стилін пайдаланбай осы бір ережелерге назар аударыңыздар. Әсіресе бозбала мен бойжеткен арасындағы хабар алмасуда қажетіңізге жарар деген үміттеміз.

 
Білгеніңнен білмейтінің көп әлі... Ерте жастағы жүктілік: ия мен жоқ.

Мектеп жасындағы жас өспірім қыздарда нәзіктік пен құштарлық, сүйгеніне жан-тәнімен берілгендік, қорқыныш пен үрей, қуаныш пен қызғаныш сияқты сезімдер пайда болады. Желөкпелік пен көрсеқызарлыққа қарама-қарсы, нағыз махаббат өзінің жан толғанысының тереңдігімен, жүрек лүпілінің нәзіктігімен, бір бетінен қайтпайтын табандылығымен ерекшеленеді. Осындай махаббат жайында Абай: «Асыл адам айнымас, бір бетінен қайрылмас» деген. Асыл махаббат иесі болу тек адам баласына ғана тән қасиет. Бұл екі адамның арасындағы ар-ұяттың, сана мен сезімнің, намыстың жүректен қайнап шыққан тұтастығы. Оның мың сан иірімін, туу, жалындау жолдарын ешкім де қолмен қойғандай етіп түсіндіріп берген емес. Бұрынғы ата-бабаларымыз айтады екен: адамның ақылы жетпейтін төрт нәрсе бар. Олар – аспандағы қыранның жолы, жартастағы жыланның жолы, судағы кеменің жолы және ер-азаматтың әйел жүрегіне салатын жолы.

 
Телефонмен сөйлесу әдебі

Телефонға шақырған кісіңізбен әңгіме бастамас бұрын ол кісінің ісіне кедергі келтірген жоқсыз ба, сізбен сөйлесуге уақыты бар ма соны анықтап алыңыз.

Телефонмен сөйлесу мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Құрбыңызбен немесе сөйлесіп тұрған кісіңізбен асықпай әңгімелесіп тұрғаныңызда, сізге немесе ол кісіге аса маңызды мәселемен хабарласа алмай қалуы мүмкін екенін есіңізден шығармаңыз. Оның үстіне ұзақ сөйлесу желінің жүгін арттырады. Мысалы өзіңіз біреуге хабарласқанда алғашқы 2-3 санды тергеннен-ақ жиі соғылған гуілді естіген кезіңіз болған болар. Міне бұл желінің жүгі артуының бірден-бір белгісі.

Телефонмен бос әңгімелесудің қажеті жоқ. Егер кеңірек отырып сыр бөліскіңіз келсе, ол кісімен кездесіп, көзбе-көз сөйлескеніңіз дұрыс.

 
ӘДЕП ЕРЕЖЕЛЕРІН БІЛЕСІЗ БЕ?

1.    Әйел адам өзін егде жастағы немесе құрметті лауазымды ер адаммен таныстырса, орнынан тұруы тиіс пе (а), әлде ол өз қалпын жоймастан таныса алады ма (ә)?

 
Сен жақсы қызсың ба?

Қойылған сұрақтарға «+» немесе «-» қою арқылы жауап бер.

1.    Егер сен мектептен, көшедегі серуеннен кешігетін болсаң немесе аяқастынан үйден шығып бір жерге бару керек болғанда ата-анаңа ескертесің бе (телефонмен, хат немесе достарың арқылы)? Ата-анаң бір шаруамен айналысып жатқанда (үйге жөндеу жүргізіп, т.б.) аяққа оралмасын деп сені сыртқа жіберетін жағдайлар бола ма?

 
Дініміздегі салиқалы ойлар

Біздің қасиетті дініміз бойынша киімнің мәні екі түрлі. Олар:
1. Адамның жалаңаш тәнін көрсетпеу үшін.
2. Әсемдік, көркемдік үшін.

 
Бойжеткен қыздар!

Көрік дегенді тек әсемдік, әдемілік деп түсінсеңіз, онда ол жансыз
бұйым ғана болар еді. Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздерінде «Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз көңіліңе жақын» - дегені бар. Әлбетте, қазіргі кезеңде әдепті блып, елдің көркіне айналу – кез-келген жанның қолынан келе бермейтіні де ақиқат. Десек те, сіздер жаһандану үрдісінен қалмай, ата-дәстүрді берік сақтаған, үлкеннің алдын кесе өтпейтін, тәрбиелі де ибалы қазақ қызы деген атқа лайық болуларыңыз керек.

 
Өзіңді сыйлатқың келсе, өзгені сыйлай біл!

Кейде балалар өздерінің ата-аналары мен өзге ересек адамдарды классикалық әуендерді немесе бала күнінен үйренген музыкасын ғана тыңдайтын қазіргі ән өнерінен хабары жоқ «артта қалған» адамдар ретінде қарайды.
Сенсеңіз өзгенің талғамына менсінбеушілікпен қарау ақылсыздық болар еді. Сондықтан  өзгенің талғамымен де санасуды ұмытпаңыз!

 
Ата-анаңмен қарым-қатынасың қалай?

Ата-анаңмен қарым-қатынасыңды білгің келсе төмендегі сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап бер.
1.    Ата-анаң сенің достарыңды біле ме?
2.    Ата-анаңмен сырыңды бөлісіп, жеке мәселелерге байланысты ақыл-кеңес сұрайсың ба?

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 Келесі > Соңғы >>

Страница 4 из 4

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:394
Кеше:966
Барлығы:3038221