Ұлттық тағамдар

Ел болашағын ұстар бүгінгі бойжеткенге ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық тағамдар туралы мәлімет көруді жөн санадық. Өзіңіз ойлап көріңізші қандай ұлттық тағамдардың жасалуы мен түрлерін білесіз?

Бүгінгі кеңесіміздің сіздерге пайдасы зор деп есептейміз. Күнделікті өзіміз пісіріп жүрген бауырсақтың өзі сапасы мен пішініне қарай мынадай түрлерге бөлінеді екен:

 

  • Ши бауырсақ еленген ұнға  жұмыртқаны жарып құйып, сүтке немесе сорпаға иленеді, ашымаған қамырды жіңішкелеп есіп, ұсақтап кесіп қайнап жатқан майға қуырады. Оның қуырылғаннан кейінгі пішіні жастықша кәмпит секілді болады.
  • Ақ бауырсақ ақ ұнға еріткен сары май құйып илеп, құйрық майға қуырады. Көлемі өріктің үлкендігіндей болады.
  • Май бауырсақ қамыры сүт пен майлы сорпаға иленеді. Содан соң майды аса қайнаптай, сәл қыздырып қана қуырады.
  • Шай бауырсақ деп айран мен сүттің біріне илеп майға тоғытып қуырған ши бауырсақтан сәл ірілеу ақ ұнның бауырсағын айтады.
  • Тұш бауырсақ сүт, май, қант езген су үшеуін тең құйып илеп, жұмыртқа жарып, ши бауырсақша ұсақтап кесіп қуырылады. Қуырып болған соң ішіне сары май жаққан қалыпқа салынады, үстіне бал құйып, көкнәр себіледі, мейіз, мәмпәси салып қатырады.
  • Ашыған бауырсақ еленген ұнға жұмыртқа жарып илеп, ашытқан қамырдан үлкендеу етіп кесіп, майға жүздіріп қуырады.
  • Бармақ бауырсақ ши бауырсақ секілді дайындалады. Бар айырмашылығы – одан ұзыншалау болады.
  • Жалпақ бауырсақ шай бауырсақ сияқты дайындалады. Айырмашылығы – қамыр ұзыншалап жайылып, содан кейін 2х3 см. етіп жалпақ кесіледі.
  • Жол бауырсақ атынан көрініп тұрғандай, жолда яғни, асығыста иленген қамырдыалақанымен жұқартып алып, ұзыншалап үзіп майға қуырылады.
  • Бадана бауырсақ сүт немесе суға ашытқыны езіп, қамыр көтерілген соң, қатты қайнап жатқан майға қуырылады. Көлемін 4-5 см. етіп кессе, піскенде кішігірім жұдырықтай боп, томпиып шығады.


Үлпершек – тіл үйірер дәмді  тағам. Оны дайындау үшін екі жағындағы құлақшасы кесіліп, қаны әбден сорғыған жүректің жіңішкелеу жағы тілінеді де ішіне ұсақтап туралған ет пен іш май тығылады. Содан  соң тілінген жағы мұқият тігіледі. Кострюльге салып, үстіне салқын су құйып, отқа қойылады. Отты әуелі басып қойып, бірте-бірте күшейту керек. Ол 1,5-2 сағатта піседі. Түскен соң түсіріп алып, суытылады. Сығаннан кейін қиялап турап, ыдысқа салынады да бетін көк жуамен әсемдейді.
Құрамы: 1қойдың жүрегі, 50 грамм ет, 50 грамм іш май, көк жуа.

Ет мүшелері

Бас.
Ірі қарада бас екі шекеге бөлінеді. Жылқыда кеңсірігі бір бөлек, бас екі шекеге бөлінеді, кеңсіріксіз тұтас та асылады.
Жақ. Қой, ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдың жағы екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады. Жақ ет, ұрт ет. Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуыр-даққа пайдалынылады.
Мойын. Алты буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға ар-наған табаққа салынбайды. Оны отбасының өзі жейді.
Мойын ет. Ірі қарада бөлек сылып алынатын ет, көбінесе қуырдақ қуырады.
Бұғана. Екі жақта үш талдан 6 тал. Мүше орнына саналады.
Қара қабырға. Алты тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа салына береді.
Сүбе. Етегімен алынған 6 қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі.
Қазы. Семіз жылқыда 20-ға жуық қазы айналдырылады, кейбіреуі қабырғасыз, жыл-қының, басқа малдың ішегіне айналдырылады.
Төс. Қыз-күйеулер үшін таңдаулы мүше. Төс ет. Жылқы, сиырда осылайша аталады. Көбіне қуырдақ жасалады, сүрленеді.
Төстік. Қойда осылай аталады. Терісімен істікке шаншып, отқа қақтап, құйқасымен жейді.
Ауыз омыртқа. Соғым сойылған күні табаққа салынады немесе мал сойған кісіге шикідей береді.
Кәрі жілік. Қолда болады, жілік мүшелеріне кіреді. Қыз балаға бермейді.
Ортан жілік. Жұмыр жілік деп те аталады. Қолда болады, мүшелі жілік.
Асық жілік. Санда болады, таңдаулы мүше.
Тоқпақ жілік. Санда болады, ең етті жілік.
Жамбас. Ірі малдың әр жамбасын міндетті түрде екіге, кейде үшке бөліп асады. Қойдың, ешкінің жамбасы тұтас асылады, ең таңдаулы мүше.
Жая. Жылқының сауыр еті, оны сүрлейді, қақтап кептіреді.
Белдеме. Қой, ешкіде бел омыртқа, ірі қарада жалпақ омыртқа деп те атайды, таңдаулы мүше.
Мойын омыртқа. Отбасының өзі жейді, қонаққа салмайды.
Ұзын омыртқа. Арқа омыртқа деп те аталады, сүрленеді, қонаққа салынады.
Жүрек. Көбінесе қыз баланың сыбағасы.
Үлпершек. Жүрек қабына толтырылған, шұжық тәрізді май, кесек ет.
Бауыр. Майлы өкпеге қосып жеуге жақсы. Оны қатырмай пісіреді, қуырады. Құдалықта қойдың бауыры мен құйрық майын қосып, «Құйрық-бауыр» деген кәделі тағам беріледі.
Көк бауыр. Талақ деп те аталады. Асып та, қуырып та жейді.
Бауыр ет. Ірі малда бөлек сылынып алынады. Асып, қақтап жеуге, қуыруға, жөргемге қосуға пайдаланады.
Бүйрек. Балалар сыбағасы.
Ұлтабар. Ұсақ малдың таңдаулы, ең майлы мүшесі.
Қата. Жылқы малының таңдаулы мүшелерінің бірі.
Қима. Сиырдың маймен айналдырып, шумақтаған тоқ ішегі.
Тоқ ішек. Тоқ ішектің соңғы ұшы майлы болады, бірақ қонақтың табағына салынбайды.
Ащы ішек. Өкпе-бауырға қосып қуырылады. Дәруменге бай.
Желін. Шап маймен бірге алынып сүреленді.
Қарын. Қойдың етімен бірге табаққа түседі, қуырылады да, жылқы қарыны қарта орнына да жүреді.
Өкпе. Қуырдаққа жарамды, оны пісірерде көп қайнатады, қонақтың табағына салынбайды.
Жал. Жылқы етінің таңдаулы мүшесі. Ол көбінесе сүрленеді.
Сирақ. Қой, ешкінің, ірі қара малдың сирағын үйітіп, пісіріп жейді. Қой-ешкінің сирағы – балалар сыбағасы. Ірі қара сирағын қайнатып, құйқасынан басқа да тағам әзірлейді.
Бүйен. Ертеректе май, ет тығып, әсіп, түйрек, жұмыр тағамдар жасаған. Қыз-келіншектер сыбағасы.

 

Пікірлер 

 
0 #14 Ботагөз 2015-02-19 20:38 www.gourmania.kz сайтында ұлттық тағамдардың рецепттері бар суреттерімен Дәйексөз жазу
 
 
0 #13 gulfairuz 2014-04-08 22:57 Дәйексөз: Аяш Молдажанова:
Дурыс емес,керек нарсени таппадым.бари аралас угыныксыз

rasinda kop kop narseni bildim raxmet
Дәйексөз жазу
 
 
+4 #12 Аяш Молдажанова 2014-02-03 00:41 Дурыс емес,керек нарсени таппадым.бари аралас угыныксыз Дәйексөз жазу
 
 
-13 #11 alipkalieva korkem m 2013-09-25 23:50 ote kuwti dal menim izdegenim tabildai…kop kop raxmet Дәйексөз жазу
 
 
-6 #10 сары 2013-02-21 20:33 жаксы Дәйексөз жазу
 
 
-10 #9 Айгерим 2013-02-05 20:47 Мына мушелеуди кыздар несине талкылап отыр? Ар жердин адамдарынын оздеринин атаулары бар.Мал мушелеринин атауларын ар турли айтады гооой Биреудин кателерин жондегенше арким оздеринин кателерин жондегени дурыс болар деп есептеймин. Дәйексөз жазу
 
 
-19 #8 Ережеп Айда 2012-09-25 22:13 Марина сіз ҚАЗАҚ қызысыз ба?Қазақша сойлең.
Агент тілімен соилең.Сізден отініш
Дәйексөз жазу
 
 
-10 #7 Ережеп Айда 2012-09-25 22:05 Сіздерге көп-көп рахмет.Сібір Қазағының аитқандарының бәрі қате,Ол Сібір Қазағы болса мен ТАЗА ҚАЗАҚПЫН. О.Қ.О Қазығұрт ауылында тұрам .Ауылда тұрғанан кеиін ауылдын қызы болғандықтан көп нәрыені білем.Ауылдын кыздары асхана жұмыстарын 11-12 жастарыннан бастап үиренеді.Ал қаланын қыздары тырнағым сынып қалады,маникюрь деп асхана жұмысы мен араласқылары келмеиді.Ауылда өскен қыз ешқашан асхана істерінен қиналмаиды. ҚОШ САУ БАЛЫҢЫЗДАР Дәйексөз жазу
 
 
-14 #6 Сібір қазағы 2012-09-21 22:50 Жазылғанның көбі мүлде дұрыс емес, себебі малға шорқақ оңтүстік әдеті берілген.

Жая сыйлы мүшеге жатпайды (жылқының жалы да сондай), бұның шың аты қара кесек ет. Жая деген сөзді біздің жақтын (солтүстік-шығыс Қазақстан) малмен мал салтына бай жұрты естімеген.

Ешкінің басы түгіл ешкі еті қонаққа асылмайды. Қара малдың (сиыр) басыда мүлде асылмайды, екеуіде ұятқа жатады.

Қойдың екі жағы айырылады, онсыз қалай асуға мүмкін&!

Қазы шұжықпен шатастырылып отыр. Қазы астың түрі (тағамның түрі) емес. Қазы - мүше (қазының майымен тұтас мүшеленген қара қабырға).

Қате көп: Төс-Төстік, Қәрі жілік-Қар жілік, Тоқпақ жілік-Тоқпан жілік, Жамбас-Жанбас, Қата-Қарта, т.с.с.
Дәйексөз жазу
 
 
+4 #5 Гульшат 2012-09-08 22:39 Көп рахмет! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:570
Кеше:1699
Барлығы:3036692