Наурыз – жыл басы

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету.
Көрнекілігі: газет, мақал – мәтелдер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі Барысы;
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелерінің құтты болсын!
Наурыз  «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біщдің ата – бабаларымыздың, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз той құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші:
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
2 – жүргізуші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Той шашуға тойыңдар,
Бұдан кейін ойын бар.
Шашу шашылады.
1 – жүргізуші:
Уа, жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар.
2 – жүргізуші:
Ата менен анаң бар
Үлкен – кіші ағаң бар
.1 – жүргізуші:
Наурыз той басталды.
Бәрің бері қараңдар!
2 – жүргізуші:
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қадам болмасын некен – саяқ.
Ән шырқап  би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.
1 – оқушы:
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап – жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
2 – оқушы:
Наурыз тойың, Наурыз тойың,
Құтты болсын халайық.
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Хор; « Наурыз той»
3 – оқушы:
Барыс жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
4 – оқушы:
Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
5 – оқушы:
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын Наурыз!
6 – оқушы:
Ұлыс бақыт әкелсін,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, бестік баға мол болсын.
7 – оқушы:
Көктем жетті көл – көсір шуақ болып,
Қыс барады қиылып жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
Ән « Наурыз дүман»
8 – оқушы:
Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел наурызды тойлайды
9 – оқушы:
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышты ел енді.
Наурыз келді салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз.
Көшеге тал егеміз,
Жарқырады күніміз,
Жайқалып жас гүліміз.
10 – оқушы:
Малдар төлдеп қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты наурыздан.
Ән « Шақырады көктем»
Наурыз қыз: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.
11– оқушы: Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені бұл кезде төрт түлек төлдеп, ақ молайған кез.
12 – оқушы: Сондықтан да тойшылар бір – біріне « ақ мол болсын», « сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап қуаныш әкеліп, жақсылыққа шашады екен.
1 – жүргізуші: Балалар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайеді.
Тапсырмалар:
1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?
1 – оқушы:
Ананың сүті тәтті.
Ананың қолы жұмсақ.
Жаңбыр жаумасы жер жетім,
Басшысы болмасы ел жетім.
2. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіндер?
2 – оқушы: Малды теппе,
Ақты төкпе.
3 – оқушы: Отты шашпа,
Күлді баспа.
4 – оқушы: Бүйіріңді таянба.
Жағыңды таянба.
5 – оқушы:
Бос бесікті тербетпе.
Бесікті ашық қалдырма.
3. Жеті атаңды ата
6 – оқушы: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
4. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
7 – оқушы: Айран, сүт, ірімшік, құрт, шұбат, қымыз, қаймақ, май, іркіт, т.б.
5. Наурыз көже қалай жасалады?
8 – оқушы: Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.
6. Ұлттық ойындарды ата.
9 – оқушы: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге ілу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, т.б.
7. Жеті қазынаны ата.
10 – оқушы: Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр  тазы, қыран бүркіт, мылтық.
8. Үш алысты ата.
11 – оқушы: Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.
Би: «Түркістан»
12 – оқушы:
Құт – береке Наурыз айым келді деп,
Жер түледі жасыл – желек желбіреп.
Айналайын атамекен, кең далам,
Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.
13 – оқушы:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғатта мәз – майрам,
Аңқылдаған қазағымнан  аумайды.
14 – оқушы:
Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,
Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!
Бата беру
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Ұлың онға қонсын,
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумен!


Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі
Сабақтың мақсаты:
а)Наурыз жайлы тамаша сөздер аңыз әңгімелер,наурыз мерекесіне оқушыларды қызықтыру.
ә)Наурыз  мерекесінің мәнісін түсіндіру.
б)Наурыз мерекесі арқылы еліне, жеріне деген сүйіспен шілігін арттыру.
Сабақтың барысы;
Мұғалім: Наурыз мерекесі тек қана қазақ халқының мерекесі емес, басқа халықтар, басқа мемлекеттер де тойлайды. Ол қандай мемлекеттер?
Оқушы: Ертеде Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен  деген де деректер бар.Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын “құлға бір күн азаттық” деген сөзде осы бір көне рәсімге қатысты болса керек. Мұсылман дініне дейін Күнге табынған Иран елдері Наурыз күнінде ш-дан басталатын жеті түрлі затты дастарханға қойған: шарап, шир(сүт), шырын, шекер, шербет, шам, шона.
Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша: шарап-өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шербет-ризалық, шекер – демалыс пен қонақжайлық, шам – отқа табыну, тарақ - әйел сұлулығы.
Ежелгі түріктер Ұлыс күндері қарсаңында жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын тенге – жамбы атып жарысады. Егер кімде – кім жамбыны бірінші болып атып түсірсе, сол адамға бір күн патша болып, ел билеуге ерік береді. Наурыз жырында:
Құл құтылар құрықтан,
Күн құтылар сырықтан
-деп босқа айтпаса керек.
Ауғандарда Жаңа жылды мейлінше шаттық құрметпен қарсы алады. Ауған елінде “алғашқы түрен” - “кульбакаши” деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый – құрметі  мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім-кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл “жаңа киім күні”-деп аталады.
“Қызыр (Қадыр) ата” деген кім?
Оқушы: Мұсылмандық аңыз - әпсаналар халықтық наным – сенімдерде   Қызыр образы кең таралып, ол мәңгі өлмейтін бейне ретінде саналады.“Қызыр” сөзі – жасыл, көк өңір дегенді білдіреді.Бұл өсімдіктер әлемімен байланысты болғандықтан оның көктемгі Наурыз  мерекесімен орайластыруы тегін емес екенін байқауға болады.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша, 21-наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті осы түні “Қыдыр түні” деп аталады. Қыдыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын ақсақал кейпінде көзге көрінетін, қиял – ғажайып персонаж. Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие көріпкел, жарылқаушы, қарт. Ол ұлыстың ұлы күнінде  әр елге келіп, әр шаңыраққа бата береді. Міне сондықтан әр үй  қыдыр атасының жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші сыртын, қора – қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге  Қыдыр бата беріп кетеді деп түсінген. “Қыдыр қонған”, “Қыдыр дарыған” деген сөздер осындайдан шыққан. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының рәмізі – Қыдыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат алтыда себелеп атқан кезде, біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат үшке тұспа түс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды  22-наурыз күнгі сағат  үшке тұспа-тұс келеді. Қыдыр баба аралап, самарқанның көк тасын жібітсе керек. Бұл да наурызға байланысты айтылған сөз.
Жаңа жылдың бірінші күнінде күннің қалай атқаны, оның түр-түсі есепшілердің үнемі назарында болады. Жұлдызшылардың тәжірибесіне сүйенсек Күн бұл таңда неше түсті болып атуы мүмкін.
Оқушы: Жұлдызшылардың тәжірибесі бойынша, күн бұл таңда төрт түрлі болып атуы мүмкін.
1)Күн егер жанған оттай қызарып, қан қызыл болып шықса, ол жылы өлім-жітім, өрт, көп болады, соғыс, қантөгістер болуы мүмкін.
2)Егер күн түсі сары қызыл тартып, ыстық леп бірден бет ұрып, шақырайып шықса, ол жылы құрғақшылық болады. Таулы аймақтарда жиі-жиі тасқын болып, шалғынды далада өрт шығады.
3) Күннің түсі күңгіт тартып, қараланып, солғын көрінсе, ол жылы жауын – шашын ерекше көп болады.
4)Күн сәулесі жан-жаққа шашырап,шапағын төге рауандап атса, ол жылы жанға жайлы молшылық болады.
Мұғалім: Шығыс елінің ұғымы бойынша күн мен түннің теңелер тұсында, яғни 22-наурыз күні  жер-көкті жарып ерекше гуіл ететін көрінеді. Оны жан-ануарлар ішінде жұмақтан шыққан қой ғана сезеді дейді халық. Сол күні барлық жаратылыс, оның ішінде адам бойында ерекше сезім, қасиет күндерде тырнақ , шаш алдыруға болмайды.  Әркім өзін жаман әдеттен аулақ ұстағаны жөн.

 

Пікірлер 

 
-1 #4 лемара aхметова 2013-03-12 06:14 не сондай кушті!!!!!!!!!! !!!!сөздерінің кереметі ай!! шынымен өте көппппппппппппп ппппп!!!!!!!!!! !!!! Дәйексөз жазу
 
 
+3 #3 лемара aхметова 2013-03-12 06:12 жақсы шығыпты!!!!!!!! ! Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Амангельдиева Айнур 2013-03-12 06:05 керемет мен оқып шықтым !өте жақсы маған ұнады! Дәйексөз жазу
 
 
+3 #1 дана 2013-03-07 05:26 оте коп екен Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:1806
Кеше:5382
Барлығы:3287208