Амандасу әдебі

Кез-келген танысу алдымен сәлемдесуден басталады. Әдеп бойынша кісілермен «Сәлеметсіз бе! (саламатсыз ба)», «Амансыз ба! (есенсіз бе)», «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!» деп амандасқан дұрыс. бірақ есіңде болсын әрбір амандасудың өз уақыты бар. Таңғы сағат 6 мен күндізгі 12 сағаттың арасында «Қайырлы таң!», күндізгі 12 сағат пен 18 сағаттың арасында «Қайырлы күн!», ал 18 сағат пен 24 сағаттың арасында «Қайырлы кеш!» деп амандасса, 24 сағат пен 6 сағаттың арасында «Қайырлы түн!» тілеу керек. Қалай амандасу керек

Жымию. Өзің ойлап қарашы егер құрбың сенімен тісінің арасынан қабағын түйіп, ернінің ұшымен амандасқанын көзіңе елестетіп көрші, еріксіз  көңіл-күйің түсіп кетері сөзсіз. Сондықтан адамдармен қарым-қатынасыңды ушықтырмай жақсарта түсу үшін олармен жылы жымиып амандас.
Екпін. Ең қарапайым деген «Сәлеметсіз бенің! (саламатсыз ба)» өзін сен амандасқан адам ренжіп қаларлықтай реңкпен айтуға болады. Сондықтан сөзге екпін түсірудің өзі де маңызды болып саналады. Адамдармен жылы ұшырап, өте жылдам да емес, жай да емес анық естілетіндей етіп амандасу керек.
Қимыл (жест). Амандасу түрлі иілумен, бас июмен, қол алысумен, құшақтасумен қошталатыны белгілі.  Амандасқан кезде қолыңды қалтаға, аузыңа темекі салып немесе көзіңді төмен түсіріп  тұруға болмайды. Ғимараттың ішін немесе басқа кіселерге қарап тұрып амандасуға болмайды. Амандасып тұрған кісіңе қарағаның дұрыс болады. Ер адам біреумен амандасқанда қалпағын шешеді немесе оны сәл көтереді. Қысқы бас киім, берет, кепка сияқты бас киімдерді шешпей амандасады.

Кім бірінші болып амандасады   
Ер адам әйел адамға, ал ұлдар қыздарға бірінші болып амандасады;
Жасы кіші жасы үлкенге бірінші болып сәлемде-седі;
Жасы кіші әйел адам жасы үлкен әйелге, сонымен қатар жасы көп үлкен ер адамға да бірінші болып сәлем береді;
Бөлмеге әйел адам кіргенде онда отырған барлық ер адамдар тұруы немесе отырғыштан сәл көтерілуі керек;
Әйел адаммен амандасқан ер адам оның қолын сүйеді, алайда мұны тек ғимараттың ішінде ғана жасауға болады;
Егер жасы мен дәрежесі бірдей адамдар кездесіп қалса, кім тәрбиелірек болса сол бірінші болып амандасады;
Қызметкер басшысымен кездескенде өзі амандасуы тиіс, егер басшының жасы қызметкерден кіші болса, онда жасы үлкен қызметкерімен өзі амандасқаны дұрыс;
Өтіп бара жатқан кісі тұрған кісіге амандасады;
Екі жаяудың жай жүріп келе жатқанын қуып жеткені бірінші болып сәлемдеседі;
Егер әйел адам мен ер адамды (құрбың мен досын немесе керісінше досыңды құрбысымен) кездестір-генде онда бірінші әйел адамға, содан соң оның серігіне сәлем береді;
Көлікте отырған адам көшеде жаяу кетіп бара жатқан кісімен амандасу керек;
Егер кешігуші әйел болса да, кешігіп келген кісі күтіп тұрған кісіге бірінші болып сәлем береді;
Ресми қабылдауларда, қонақта алдымен үй иелерімен амандасқан жөн;
Сырттан кірген кісі іштегі кісілерге өзі амандасады;
Егер ер адамның қасында келе жатқан әйел адам (жігітпен келе жатқан қыз) жалғыз немесе өзге әйел адаммен келе жатқан әйелді кездестір-генде әдеп бойынша алғашқысы, яғни ер адаммен келе жатқан әйел сәлемдеседі;
Егер әйел ер адамның қасынан озып өтіп бара жатса өзі сәлем береді;
Егер екі ерлі-зайыпты жұп кездесіп қалса, онда алдымен әйелдер бір-бірімен, содан кейін ер адамдар әйелдермен, ал соңында барып ер адамдар бір-бірімен амандасуы керек.

Таныс  емес немесе жете танымайтын кісімен қалай амандасу керек

Егер қасыңда келе жатқан құрбың саған таныс емес кісімен амандасса, ол кісімен сенің де амандасқаның дұрыс;
Жиі кездесетін кісілеріңмен (мысалы, жақын жердегі дүкеннің сатушысы, пошташы, көршілермен, басқа сыныпқа сабақ беретін мұғалімдермен, т.б.) танымасаң да амандасып жүрген жөн;
Егер танысыңды алыстан көріп қалсаң (мысалы, көшенің арғы бетінде, автобустың бір басында, т.б.) ол да сені байқаса, бар дауысыңмен айқайлап амандаспай-ақ, ол кісімен бас изеп, қол бұлғап, бас иіп, жымиып амандасуға болады;
Егер көшеде достарыңмен, әріптестеріңмен келе жатып өзіңнің танысыңды кездестіріп қалсаң, қасыңдағы кісілерді оған таныстырып жатудың қажеті жоқ, жай ғана кешірім сұрап, былайырақ шығып сәл ғана сөйлескеніңіз орынды;
Егер бөлмеге кіргеніңде көп кісі отырса, барлығымен жеке-жеке амандасудың қажеті жоқ, барлығымен «Сәлеметсіз бе! (саламатсыз ба)» деп амандасу жеткілікті;
Егер танысыңды танымайтын кісінің қасынан көрсең екеуімен де амандасу керек, сол сияқты танып-танымағаныңа қарамастан өзің келіп қосылған топтағылардың барлығымен де  амандасу керек;
Егер өзіңе қарай келе жатқан танысыңды көрсең алыстан айқайлап сәлемдесудің керегі жоқ, араларыңыз бірнеше қадам қалғанша күтіп сәлемдескен дұрыс болады.

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:1808
Кеше:5382
Барлығы:3287210