Түс туралы ислам ғұламалары хадистерде келтірген мәліметтер

А.Қ. Жақыпованың құрастыруымен жарық көрген «Түс жору (мұсылманша). – Алматы, Аруна, 2011» кітабында түс туралы және оны мұсылманша жорулар жинақталған. Түс туралы аталған кітаптан мәліметтер ұсынамыз. Ұйқы – Аллах тағаланың өз пенделеріне нәсіп еткен үлкен нәсібесі болып табылады. Сол себепті жуынып-шайынып, дәрет алып, таза киім киіп, хош иіс сулар себініп, ұйықтар алдындағы оқылатын дұғаларды айтады. Адам баласына «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқып, алақанына үрлеп дем салып, артынан «Аятулкурсиді» қайталап, он жақпен ұйқыға жату – сүннет.
Жақсы, жаман түске қайыр садақа берілуі тиіс немесе түс көрген адамның өзі жақсылығын Аллах Тағаладан тілеуі қажет.
Ислам ғұламалары хадистерде түс туралы мынадай үш түрлі мәліметтерді келтіреді:
1.    Рахмани түстер – Аллах Тағала тарапынан періштелер арқылы
ұйықтап жатқан адамның рухына илхан (білдіру) етілетін түстер. Бұл түстердің хақ екендігіне сенген абзал. Түс туралы Құран Кәрімде «Саффат», «Фатах» сүрелерінде айтылады.
2.    Шайтани түстер – адамның түсінде биік жерден құлауы, ит-мысыққа
талануы, қым-қуыт нәрселердің арасында жүруі, түсініксіз нәрселерді көруі, құбыжықпен арпалысып, шошып оянуы, аяғы тайып кету сияқты шайтанның әсерімен болатын зиянды түстер. Осы тектес түстерді көрген адам «Аъузу биллаһи...» үш рет оқып, басқа бүйіріне ауысып жатуы керек.
3.    Қияли түстер – адамның күні бойына бір нәрсені көп ойлануынан
немесе қиялға берілуі нәтижесінде күнделікті оқиғалардан, тіпті кейде қиыншылық пен аурудың әсерінен көрінетін түстер. Бұл іспеттес түстер тән мен мидың саулығына, жақсы, таза ойларға байланысты көрінеді.
Түс жору тек Жүсіп Пайғамбарға берілген. Бұл туралы Құрандағы «Жүсіп» сүресінен оқып-білуге болады. Кезінде Жүсіп (а.с.) әкесіне: «Әкетайым! Рас, мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айдың маған сәжде қылғанын көрдім», - дейді. Сонда әкесі: «Әй, балақайым! Түсіңді туыстарыңа айтпа! Саған бір айлакерлік жасар. Расында, шайтан адам баласына ашық дұшпан», - деп ескертеді (12-сүресі, 4-5 аят).
Жоғарыда келтірілген қасиетті Құрандағы «Жүсіп» сүресінің мәні төмендегідей еді. Жүсіп Пайғамбардың түсінде көрген он бір жұлдыз – оның бірге туған бауырлары болса, ай мен күн деп отырғаны – әке-шешесі екен. Бұл Аллаһ Тағаланың Пайғамбарлық дәрежені түсінде сездіру белгісі болатын. Ал оны өзгелердің білмеуін өтінгенде, әкесі ібіліс ұрпақтарын арбауынан ұлын сақтандыруға тырысқан еді.
Аллаһ елшісі (с.а.у.) «Кісі түсін өзі жақсы көретін парасатты кісіге не абыройлы жанға айтсын. Ол жақсы сөз айтып, жақсыға жорысын» деп, түсті кез-келген адамға жорытудың дұрыс еместігін білдірген. Өзі ұнатпайтын жанға жорытса, оны жоруы түс көрген кісіні ренжітуі ықтимал екендігін басқа хадистерінде айтып өткен.
Сахабалар көрген түстерін Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп айтатын болған. Ибн Омардың риуаят етуімен Бұхаридың жеткізуіне қарағанда, Пайғамбарымыз ондайда «Машаллаһ» дейтін болған.

 

Пікірлер 

 
-12 #39 Гулнур 2015-11-20 03:10 Мен тусымде:тун карангыда шайтанды кордым,быр бырымызге карап сойлескендей болдык.Биссмилах созын тусымде айтып тун жарымында шошып ояндым.сол тустын не билдиретинин маган айтып бериниздершы,от иниш. Дәйексөз жазу
 
 
+2 #38 Серик 2015-10-23 21:13 салеметсиздерма ким биледи тусимде уйимнин огородында коян ар турли жануарлар жур екен,арасынан барыстын баласы шыгып маган карай келе жатты мен оны ары кет деп итерсем кетпеи койды да мен уйге карай жугирп бара жатканымда кишкентай барыс менен бурын уйдин ишине кирип кетипти,бул тус нени билдтреди екен Дәйексөз жазу
 
 
0 #37 Пейсенова Айида 2015-09-02 14:38 Мен тусымде 2 бытпеген уй болыпты ауылга су тасады деп афтобуспен тунде баска ауылга баражатыр екенмыз афтобус ишнде бир кыз но онда еркектык мушесыда бар екен корынып турар еды колнда кызы бар екен каснда бир кыз онын колнда 2 ул бала мен барп кышысын алыпын колынан !сол тусты жорып берынызшы отынын бир турлы болып калдым.. Дәйексөз жазу
 
 
+3 #36 Наурызбай 2015-08-04 17:54 Мени апам тусинде корипти .ак киiмде самалетте отырганымды ненин белгиси жауап кутем Дәйексөз жазу
 
 
-4 #35 Ниеталиев Ербол 2015-06-02 04:03 Тусимде улкен адеми китап ашып атыр екенмин не болады? Дәйексөз жазу
 
 
+1 #34 Талшын 2015-05-20 14:34 Тусимде биреуге еес-туссиз гашые болып калыппын. Ол не билдиреди? Дәйексөз жазу
 
 
-3 #33 Дина 2015-03-19 01:42 Tusimde bukil tisterim ugitilip kalsa ne bolady Дәйексөз жазу
 
 
-3 #32 Әділдә Есбөкен 2015-03-14 06:09 менің құрбым түсінде ((Тұрмысқа шықПАғаны және аяғы ауыр болып қалғаны оны ата-анасына айтқанда олардың қуанғаны жайлы айтты)) бұл түсті жорып мағынасын түсіндіріп берулеріңізді сұраймын… Дәйексөз жазу
 
 
-3 #31 Нурболат 2015-01-31 06:00 Мен тусимде Аллах деп уш рет айкайласан ол не белги Дәйексөз жазу
 
 
0 #30 камар 2014-11-17 13:02 Салеметсиздер ме? Жамагат кауым менин тусимде кобине аспанда ушып жургенимди корем неге екенин билмейм.кобине кыйналган кезде тусиме киреди. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:1808
Кеше:5382
Барлығы:3287210