Туыстықты білдіретін сөздер

Ата – әкенің әкесі. Атаны жасы кішілер құрметпен «ақсақал», «қария» деп атайды.
Әже – әкенің шешесі. Ұлы мен келіні әжесінің айтқанын екі етпеуге тиіс.
Әке-шеше, ата-ана – дүниеге ұрпақ әкелген ерлі-зайыпты адамдар. Ұл мен қыз үшін бұлардан асқан адам жоқ.
Бала – ата-анадан туған ұрпақтар, яғни олар «ұл», «қыз» деп аталады. Баласы бар үй бақытты үй деп саналады.

Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғасы.
Қыз – басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана. Сондықтан «қыз-қонақ», «қыз-өріс» деп туған-туыстары аялап, мәпелеп өсірген.
Немере – ұлдың баласы. Немере ата-әже үшін өте  ыстық болады. Қазіргі уақытта үлкендердің арасында қыздың баласын да немере деп атау жиі кездеседі бұл дұрыс емес. Немере деп тек ұлдан тараған балаларды айтады.

Шөбере – немеренің баласы. Оның ата-ана үшін орны ерекше. Шөберенің баласы «шөпшек», шөпшектің баласы «немене», немене-нің баласы «туажат», туажаттың баласы «мүлдежат» делінеді.
Аға, апа, қарындас, сіңлі, іні – бір әке шешеден туған немесе бір туған адамдардың ұл балалары үлкен болса – «аға», кіші болса – «іні», үлкен қыз – «апа» (әпке), кіші қыз ұлдар үшін – «қарындас», қыздар үшін «сіңлі» болады.

Жеңге – ағаның әйелі. Ол жасы үлкендер үшін «келін», жасы кішілер үшін – «жеңге», «жеңеше».
Қайын іні, қайын сіңлі – жеңгелері үшін күйеуінің інісі – «қайын іні, қарындасы «қайын сіңлі» болады.
Ағайын – бір туған туыстар бір сөзбен «ағайындар» делінеді.
Келін – інінің, баланың әйелі жасы үлкендерге «келін» болып есептеледі.
Абысын – ағайынды жігіттердің әйелдері.
Бөле – апалы-сіңлілі қыздардың балалары.
Бажа – апалы-сіңлілі қыздардың күйеулері.
Қайын ата – күйеуінің әкесі әйеліне, ал әйелінің әкесі күйеуіне «қайын ата» болады.
Қайын ене – әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің шешесі «қайын ене» болады.
Нағашы – анасының төркіні балаларына «нағашы» болады.
Құда – қыз алып, қыз беріскен ер адамдар бір-бірін – «құда» деп атайды.
Құдағи – құдалардың әйелдері.
Жиен – қыздан туған бала.
Жиеншар – жиеннен туған бала.
Құдаша – келіннің сіңлісі, күйеу жігіттің қарындасы.
Құда бала – күйеу жігіт немесе келіннің інілері.
Күйеу – қыз алған жігіт. Ол қыз берген жақтың барлық үлкендеріне «күйеу бала» болып есептеледі.
Жезде – апаның күйеуі. Оның күйеуін «жезде» деп еркелейді, әзілдейді.
Балдыз – әйелінің інілері мен сіңлілері оның күйеуіне «балдыз» болады.

 

Пікірлер 

 
+1 #1 СИСЕНҒАЛИ 2013-05-14 23:40 Назарбаевта немере барма ? Ғаламторда президентің кіші немересі үйленгелі жатыр деп жазып жатыр,сол дұрыс па? Қыздан немере туа ма? Орыс болса сұрақ қоймас едім, біз қазақ емеспізбе? Паспорттада қазақпыз. Онда неге ОРЫС боламыз, "бастығыңның бір көзі соқыр болса , сенде бір көзіңді қысып жүр" - дегендей болды ма ? Әлде журналистер туыстықты білдіретін сөздерді білмей ма? Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:567
Кеше:1699
Барлығы:3036689