Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Қыз ұзату

«Қыз ұзату» (салт, той). «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі.
Қызды алуға құда (тақ санмен) бес не жеті кейде одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жолдас болады. Солтүстік және Орталық Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы үйіне шақырады.
Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу жырын», жастар «Жар жар», «Ау жар», «Аушадияр» айтылады

Сырға салу

Қазақ халқының тұрмысында құда болу салты айрықша орын алғандығы белгілі. Әдетте, қызды бесіктегі кезінде немесе ол бойжете бастаған кезде атастырған. Егер екі жақ балаларын бесікте жатқан кезінде атастырса, ұлдың ата-анасы қыздың бесігін кертіп белгі салған. Бұл ғұрыптың бесік кертпе деп аталғандығы белгілі. Өсе келе ол қыз бесік кертпе қыз деп аталған. Егер қыз бой жете бастаған кезде атастырылса, оның құлағына жігіт жағы сырға таққан. Бұл рәсім сырға салу, сырға тағу деп аталған. «Қалыңдық» мағынасындағы сырғалы қыз немесе сырғалы атауы осыған байланысты шыққан. Қазақ дәстүрінде  қызға тағатын сырғаның  орнына басқа да үкі сияқты қасиетті саналатын құстың бір шоқ үлпілдек қауырсыны , жүзік, білезік, тана -әдемі ақық түйме, моншақ т.б. әшекей бұйымдары қолданылған. Сондықтан қазақ тілінде «құда түсіп, сырға тағып кетті» деудің орнына «үкі тана, моншақ, тағып кетті» деп те айта берген.
Сырға тағар. Қазақ халқының тұрмысында құда болу салты айрықша орын алғандығы белгілі. Әдетте, қызды бесіктегі кезінде немесе ол бой жете бастаған кезде атастырған. Егер екі жақ балаларын бесікте жатқан кезінде атастырса, ұлдың ата-анасы қыздың бесігін кертіп белгі салған. Бұл ғұрыптың бесік-керті, бесік кертпе деп аталғандығы белгілі. Өсе келе ол қыз бесік кертпе қыз деп аталған. Егер қыз бой жете бастаған кезде атастырылса, оның құлағына жігіт жағы сырға таққан. Бұл рәсім сырға салу, сырға тағу деп аталған. «Қалыңдық» мағынасындағы сырғалы қыз немесе сырғалы атауы осыған байланысты шыққан.
Этнографиялық деректер бойынша, көптеген түркі халықтарында қыздардың құлағын тесіп, сырға тағып қою өте ерте жастан басталады. Баласы тұрмай жүрген ата-аналар қыздың құлағына 3 жасқа дейін де тесе берген. Тіпті мұндай жағдай да ер балалардың құлағына қас күштерді шатастырамыз деген түсінікпен сырға таққан. Бала ер жеткенде оның ата-анасы ауыл-аймағын шақырып той жасап, сол той үстінде бозбала жігіттің құлағынан сырғасын алады. Қазақта осы тойды сырға той деп атаған.

Өлі тірі

"Өлі тірі" (дәстүр). Екі жақ келісімі нығайған соң, күйеу жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп, «өлі тірі», яғни кәделі мал жылқы жіберіледі. «Өлі тірі» деген өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай қосқан құдалығымыз ақиқат» деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Бұл үлкен кәделі әрі маңызы жол жоралғы, құдалық бекіді деген сөз.

Құйрық бауыр

«Құйрық бауыр» (салт). «Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген. Әр елде, әр ауылда әр салт дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырлардың мұндай үлгілерінің көпшілігі ұмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның бірнеше жақсы түрлерін әлі де табуға болады.

Жігіт түйе

«Жігіт түйе» (дәстүр). Құдалық, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата ана еңбегі де елеусіз қалмаған. Той үстінде күйеу жігіт енесіне «сүт ақы» сыйын ұсынса, атасына «жігіт түйе» деген сый әкеледі. Бұған міндетті түрде түйе («жігіт түйе» деген сөз осыдан шыққан), жағалы киім немесе қымбат бұйымдар, ер тұрман әкеледі. Атасы риза болған жағдайда қол жайып, батасын береді.

Сүт ақы

Қыз ұзату тойы мерзімін қалыңдық ауылы құдаларымен келісе отырып белгілейді. Бұл тойға күйеу бас құда бастаған құдалар тобымен және өнерлі күйеу жолдастарымен келеді. Мұнда құдалық кәделері өте көп. Соның ішіндегі жолы бөлек, қымбат кәделердің үлкені «сүт ақы» деп аталады.
Бұл қыздың анасына тартылатын сыйлық. Бұған анасы бата береді.

Жасау

Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді!» деген. Небір жақсы бұйым, сәукеле, кілем, текемет, ыдыс аяқ, төсек орын, киім кешек, әсем әшекейлі тағымдар қыздарға берілетін болған. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.

Қапқа салар

Қалыңдығын алуға келген күйеу барлық жол жоралғыларымен яғни құдалық кәделерімен, үлкендерге арналған сый сияпатымен, той малымен келеді. Той басталды. Қыз өз үйінен аттанар алдында оның әкесі барлық құдаларға киіт кигізеді. Күйеу баласына да сыйлық береді. Бірақ ол киіт емес «қапқа салар» деп аталады. Ол бағалы киім, қымбат ер тоқым, жігіт жарақтары немесе мал болуы мүмкін. Әрине, бұл қайын атаның дәулеті мен мырзалығына, абырой беделіне сай жасалатын жолды дәстүр.

Жар жар

Жар жар (ғұрып). Ұзатылған қыз тойында қыз жігіттер тобы кететін қыздың көңілін аулап, баратын жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңмен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Мұның бәрі өлеңмен айтылатындқтан «Жар жар» қызықты болып естіледі. Мысалы: «Жар жарды» жігіт былай бастайды:

 

Алып келген базардан,
Қара насыр, жар жар ау
Қара мақпал сәукеле,
Шашың басар, жар жар ау!
Мұнда әкем қалды деп,
Қам жемеңіз, жар жар ау
Жақсы болса қайны атаң,
Орнын басар, жар жар ау!
Қыз былай деп жауап қайтарады:
Есік алды қара су,
Майдан болсын, жар жар ау.
Ақ жүзімді көргендей,
Айнам болсын жар жар ау.
Қайын атасы бар дейді ау,
Осы қазақ, жар жар ау
Айналайын әкемдей,
Қайдан болсын, жар жар ау!

Сыңсу

Сыңсу (салт). «Халқымызда тұрмыс салт жырларының ең көп тарағандарының бірі сыңсу». Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанр алдында ағайын туғандарын аралайды. Жеңгесін ертіп ағайындарын аралап жүрген қыз жәй жүрмейді. Ол өзінің балалық дәуренінің, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата анасының, туысқандарының өзін мәпелеп өсірудегі еңбегін өлеңмен айта жүріп өксиді. Ондай өлең жырды сыңсу дейді.
Қыздың сыңсуы жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салтанатты салт. Бұл адамгершілік, әдептілік жағынан алғанда да өте орынды дәстүр. Өйткені балалық күндерден ағайын ортасынан бөлініп кету оңай іс емес. Ал қазақтың қазіргі қыздары бұл дәстүрдің алтын арқауын үзді десе де болады. Өйткені ауыл, үй аралап сыңсу, жылау түгілі, оң жақтан аттанарда күліп, қуанып жүргендерін де көз көрді. Бұл ұлттық тәрбие мен ұлттық мәдениеттің ұмытылғандығынан деп танимыз.

Қоштасу

Қоштасу (салт). Ұзатылатын қыз өз үйінен аттанар алдында өзінің ата анасымен, аға інісімен, сіңлісі, жақын жуықтарымен қоштасу жырын айтады. Салт жырларының тәрбиелік маңызы зор. Мұнда ұлттық дәстүр, халықтық қағида, ағайын туыстық қимас сезім, алдағы арман бәрі бәрі де бар. Қоштасу, жұбату жыры сонысымен құнды.

Қыз көші

Қыз көші (салт). Құда аттандырар кәдесі жасалғаннан кейін ұзатылған қыз шешесі, жеңгесі, жас іні, сіңлілермен бірге көлікке отырып жолға шығады. Қыз артта қалғандарға қарамауы керек. Құдалар алға түседі. Одан кейін шаңырақ түйе (қыз көші) жүреді. Тойшы жігіттер көш соңынан әсем киініп ән-күймен ереді. Былайша айтқанда көште ерекше салтанатты жарасымдылық болады. Қыз ауылынан бір көш жер шыққанша мұны «қыз көші» деп атайды. Одан әрі асқаннан кейін «келіншек көші» дейді. Келіншек көшінің келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары «келіншек көшін» тоқтатып «түйемұрындық» алып, батасын беріп, «жол болсын» айтып шығарып салады.

Шаңырақ түйе

«Шаңырақ түйе» (дәстүр). Ұзатылып келе жатқан қыздың және оның жанындағы әйелдердің (шешесі, жеңгесі, сіңлісі, т.б.) мініп келе жатқан көлігі «шаңырақ түйе» деп аталады. Және ол келін үшін ыстық қасиетті мал болып саналады. Бұған жолшыбай кездескен немесе бөтен адам мінбейді. Егер міне қалса, оны көрген жұрт «пәленше келіннің шаңырақ түйесіне» мініп келді деп келемеждеген. Ертедегі салт бойынша көште үлкен шаңырақ жеке түйеге артылып, алдымен жүреді екен. Оған адам мінбейді, атпен жетелейді, «шаңырақ түйе» деген сөз осыдан шыққан.

 

Жалғасы бар

 

Пікірлер 

 
0 #4 GordonReuse 2017-11-20 15:49 Люди всегда были склонны к тому, чтобы фантазировать и придумывать что-то просто невообразимое. Это связано с тем, что повседневная наша жизнь иногда может быть довольно скучной и неинтересной, полной рутинных дел и забот, подробнее об этом читайте на сайте hayastannews.com Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 MatthewGoozy 2017-11-18 16:37 Картофель порезать соломкой, хорошо промыть, отварить, морковь натереть и обжарить вместе с луком на масле. Добавить зажарку в суп, сцедить и отжать грибы, положить в кастрюлю к картофелю, проварить 5 минут. Всыпать промытый рис и варить 10 минут, читайте об этом подробнее на сайте zonakulinara.ru Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 EdwardVes 2017-11-18 16:24 Том Чапман из США проехал всю Новую Зеландию с игрушечной рыбой. По словам американца, игрушка помогает ему найти общий язык с окружающими, пишет новозеландское издание Stuff, подробнее об этом читайте на сайте gturs.com Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Richardwef 2017-11-18 09:48 По своим качественным характеристикам гипсокартон отлично подходит для отделки квартир, домов, офисов и других жилых помещений. Во -первых, этот материал экологичен и не содержит вредных веществ, которые могут оказывать негативное воздействие на здоровье человека и окружающую среду, во-вторых, гипсокатрон является энергосберегающ им и звукоизолирующи м материалом, он так же негорючий и огнестойкий. Подробнее читайте на сайте sovet-sadovody.ru Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:383
Кеше:966
Барлығы:3038210