Қыз баланы тәрбиелеу дәстүрі

Қыз баланың белін 7 жасқа келгенде аналары белін белбеумен буып қоятын.
12-ге келген соң аналары қызының төсегіне дәл жауырының астынан келетіндей етіп, қос арқан керіп соған ұйықтататын. Сондықтан да  ежелгі қазақ қыздары бұраң бел, аршын төс, сымбатты болып өскен.
Қызды он екіге толғанда ата – анасы киіз үйдің оң босағасынан орын беріп, оның көрпе төсегін көлегейлеп шымылдық ілген. Бұл дәстүр ел ішінде «қызын оң жаққа шығару»деп аталады. Шымылдық ішінде «қыздың үйі»-«қосаға»ал осы қосағаны бүркемелеп тұрған перде «көсеге»делінеді. Қызы тұрмысқа шыққанда жасауымен бірге көсегесін де ала кетеді. «Көсегең көгерсін»деген тілек сөз осы дәстүрге байланысты қалыптасқан.
Қыз баланың ұзатылуына 6ай қалғанда жеке үй тігіліп, қызын сол отауға бір жеңгесімен бөлек шығарған.  Бұл үй – «доғалаң»деп аталған. Бойжеткен осы үйде ерте тұрып, кеш жатып, өз алдына қазан – ошақ ұстап қонақ қабылдап, үй тіршілігн атқарып, отбасылық өмірге үйрене бастаған.

Қызға қойылатын талаптар Талапқа сай ұлттық түсінік
1 Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы Жеті атасын білмеген жетесіз.
Жеті атасын білген жігіт жеті жұрттың қамын ойлайды. Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық.
2 Қыз бен жігіт арасындағы жас үйлесімі болуы Отау тігер жас – жігеттерде 19 бен 25, ал қыздарға 16 мен 19. Жиырмаға жеткен қыз сары болар, өңі кетіп, шырайы сары болар.
(Шал ақын)
3 Қыздың ақылдылығы Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын, Ол сенің ақыреттік жақың кісің. (Шал ақын)
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,
Ата – ананың қызынан қапы қалма (Абай)
4 Қыздың тектілігі Тегіне қарап қызын ал
Соғуына қарап қау ас.
Көріп алған көріктіден,
Көрмей алған текті артық.
Аяғын көріп асын іш,
Шешесін көріп қызын ал.
5 Қыздың сымбаты мен көркі Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.
Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу,
Махаббаттың отына күйген сұлу.
Ақылына көркі сай
6 Қыздың іскерлігі Өнерсіз қыздан без.
Өнегесіз ұлдан без

Қыз ұзату дәстүрлері

Күйеу келген соң, қалыңдыққа пен жігітке арналған ақ отау тігу үстінде мынадай дәстүрлі рәсімдер орындалады:
1. құдай жолы;         
2.кереге керер;         
3. шаңырақ көтерер;
4.уық шаншыр;         
5.туырлық жабар;     
6. түндік жабар;
7. үзік жабар;
8. бау – шу байлар;
9. отау байғазысы;
10.мойын ұсынар, т.б.
Мұндай рәсімдер қазір кәде деп есептеліп жүр. Қыз жеңгелері қызды табу, шай құяр, төс тартар, алғашқы дастархан деген сияқты кәделерді сұрайды. Ал бұрынғы рәсімдерден отау байғазысы, мойын ұсынар кей жерлерде әлі бар.
Отауға түсу. Түн ортасы ауа күйеу жігіттің ақ отауда оңаша кездесуі «отауға түсу»деп аталады. Қыз жеңгелері қалыңдыққа ен күйеуге ақ шүберек (неке жаулық) салып, тілеуін тілеп, екі жасты бөлек қалдырған. Қалыңдық пәктігін жоғалтпаса онда жеңгелері сүйінші сұраған. Екі жас қазір жүрек қалауларымен қосылатындықтан, күйеу жігіт пен қыз бірге болады, алайда тән пәктігін сақтауды бойына бала күнінен дарытқан қыз әдеп сақтайды.
Тойға шақыру. Той басталардан бірнеше күн бұрын жан – жаққа шақырушылар жіберіледі, алыстағы ағайындылар екі – үш ай бұрын хабардар болады.
Қыздар мен жігіттер арасындағы айтыс. Жастар қараңғы түсісімен – ақ киіз үйдің іргесін түріп тастап қыздар іште, жігіттер сыртта тұрып, қызу айтысты бастаған жеңілген жақ уақ – түйекпен бір тоғыз төлеген. Қазіргі кезде мұндай айтыстар тек сахнада өтетін болып жүр.
Түрлі ойындар. Той иелері жағдайына қарай жеңімпаздарды марапаттайды.

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:573
Кеше:1699
Барлығы:3036695