Еттен табақ тарту дәстүрі

 

Жасалатын табақ түрлері. Табаққа салынатын ет мүшелері.
1 Бас табақ Бас, жамбас салынады. Басты мал арнайы сойылған қонақтың ең жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір белді кісі ұстайды.
2 Сый табақ Сый табаққа да бас, жамбас салынады, сыйлы қонақтың алдына қойылады.
3 Орта табақ Асық жілік, кейде жамбас та түседі.
4 Аяқ табақ Еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына қойылады.
5 Күйеу табақ Күйеу табаққа бір сан жілік пен төс аслынады.
6 Келін табақ.(беташар табағы) Келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.
7 Қыздар табағы Қыздар табағына жүрек, бүйрек, жағы мен тіл салынады.
8 Құдағайлар табағы Құдағайлар табағында жамбас немесе асық жілік пен сүбе болады.
9 Жерік асының табағы. Екі қабат әйелдерге арнап мал сойып, тамақ жасап жерік асын апарған. Жерік асының табағына кексе әйел болса жамбас, жас әйел болса асық жілік, төс, ұлтабар салынып үстіне жаңа соғылған болат кездік(пышақ)салып апару салты болған.
 

Пікірлер 

 
+1 #1 Гульнур 2015-01-11 22:52 Құйымшақты қыздар таағына салынады дегенді естігенмін Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:568
Кеше:1699
Барлығы:3036690