Әдепсіздік қылықтары

Адам баласы пенде болып жаратылғаннан кейін жаман, жағымсыз, келеңсіз, қайырымсыз қылықтар жасамай тұрмайды. Бірақ әдепке бой алдырған жан өзінің бұл жаман қасиеттерін жеңе білуге тиіс. Сонда ғана ол жамандық атаулыға аяк аттап баспайтын болады.

Адам баласы пенде болып жаратылғаннан кейін жаман, жағымсыз, келеңсіз, қайырымсыз қылықтар жасамай тұрмайды. Бірақ әдепке бой алдырған жан өзінің бұл жаман қасиеттерін жеңе білуге тиіс. Сонда ғана ол жамандық атаулыға аяк аттап баспайтын болады.
Адамның қандай да болмасын жасаған іс-әрекеті ылғи нәтижелі аяқтала бермесі анық. Ол ісін жақсы ойлап, жаман тәмамдауы да мүмкін. Не болмаса байқамай қателік жіберіп алып, ісін жаманшылықпен бітіруі де ғажап емес. Олай болса, ең әуелі адамның ниеті маңызды. Ниеті түзу адам қиындыққа еш мойымайды. Ниеті дұрыс болғандықтан, бұдан кейінгі істерін де түзу көңілмен жалғастырады.Ендеше, "Мен не іс істесем жаманшылық шығады",- деп, жаманшылықка үйір болмау керек. Керісінше, оған қарсы тұру қажет. Яғни жаманшылықты әдетке айналдырмау - басты міндет.
Темекіні әдетке айналдыру - сондай жаман қасиеттердің бірі. Ең алғаш сол темекіні ауызға алған кезде неге ойланып қарамасқа? Темекінің зиянын, оның жеке басына және қоғамға әкелетін кеселдерін неге әуел баста ойламасқа? Бұны ойлаған жандар одан ат басын аулақ ұстайды.Темекі әдетке айналғаннан кейін оны тастау кісіге қиынға соғады. Темекі сияқты жаман кеселдердің бірі - ішімдік. Бұл да адамның басына үлкен қасірет әкеледі. Бұдан жалғыз адам ғана емес, бүкіл қоғам касірет шегеді. Отбасының шырқын бұзатын да осы ішімдік. Ішімдік адам баласына нендей жақсылық әкеліпті? Жоқ, ол жамандықтан баска еш нәрсе әкелмек емес. Олай болса, адам өзіне жамандық әкелушімен күресуге тиіс. Оны өзінің қас жауы екенін ұғуы керек. Бүгін етек алып келе жатқан тағы бір дерт бар. Ол – нашақорлық. Ол - темекі мен ішімдік сияқты адамның қас жауы. Адам оны жеңуге әбден қабілетті. Ал, кісінің ел алдындағы абыройын төгетін келеңсіз жайт - әдепсіздік.
Адам өсек айту, біреуді сыртынан жамандау, балағаттау, жек көру, көре алмау, қызғану немесе біреуге жала жабу, кек сақтау, жалған сөйлеу, өтірік айту не болмаса екіжүзділік таныту, менменсу, өзімшіл болу және сол сияқты қылықтар арқылы өзін әдепсіздікке бейімдеп алады. Жазықсыз адамның сыртынан жалалы сөз тарату, біреудің иненің жасуындай да артықшылығын көре алмау, елдің бәрін өзінің бақталасы деп білу - бұлар ең жаман пасық әдеттер.

 

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:394
Кеше:966
Барлығы:3038221